Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті Ветеринария факультеті Акушерлік,хирургия және өсіп өну биотехнологиясы кафедрасы Тақырыбы Гинекологиялық аурулар кезінде витаминдерді,ихтиолды,уызды,АСД,гемотерапияны және пункцияларды қолдану.
ЖОСПАР
Гинеколгиялық аурулар
Гинекологиялық ауруларды емдеу үшін жүргізілетін шаралар
Ветеринария саласында көптеген гинекологиялық аурулар кездеседі.Олар көбінесе буаздық кезінде,туу кезінде,туғаннан кейін көптеген патологиялық өзгерістер пайда болады.Емдеу барысында витаминдер,ихтиол,АСД фракциясы,уыз,гемотерапия т.б. жатады. Гинекологиялық ауруларға жатырдың қабынуы,бедеулік,аборт,метрит,эндометрит,оофорит,вульвит т.б.
АСД фракциясы
АСД Фракциясы жануарлардың жасушаларынан өте жоғарғы температурада (айналдыру-бір күйден екінші күйге ауыстыру)өңдеу арқылы алынады.
1945-1947 жылдардағы жағдайға байланысты адамдар мен жануарлардың ағзасын радиация-дан қорғайтын және иммунитетін күшейтетін – өзі арзан және тиімді дәріге(препаратқа) деген мұқтаждық туындады. АСД – ны 1947 жылы А. В. Дорогов жасап шығарды. АСД фракциясын әскери дәрігерлер ауыр жарақаттанғандарды емдеуге қолданған екен. «Корей соғысында» ауыр жарақат алған әскерилерді емдепті деген де деректер жоқ емес. Дорогов бақилық болғаннан кейін АСД жайлы ұмытыла бастаған болатын. Бертін келе АСД-ны адамдар емделу мақсатында бейресми қолдана бастады.
Әртүрлі жұқпалы аурулар мен онкологиялық сипаттағы кеселдерді емдеуге АСД-нің пайдасы тиіп жүр. Улу емес, кеселді жоюға тиімді әсер беріп, кез келген басқа да медикаменттермен бірге қабылдауға болады. Диетаны қажет етпейді, ағзаға ешқандай қарсы әсері байқалмаған(өйткені дәрінің құрамында химия жоқ). Дозасы асып кету қауіпі де жоқ. Жалғыз кемшілігі – өте жағымсыз иісі. Бұл дәрі ветеринарлық дәріханаларда рецептсіз сатылады.

АСД нің екі фракциялық түрі бар – №2 және №3 (сұйық және қою). №2 іштей қабылдауға арналған, ал №3 – сырттай, міндетті түрде суға езілуі керек.