Гипоксия Тексерген: Орындаған: Туркменбаев Н


Тіндік гипоксияның себептері



бет3/4
Дата21.06.2023
өлшемі42,93 Kb.
#102804
1   2   3   4
Байланысты:
Гипоксия Тексерген Орындаған Туркменбаев Н-engime.org 3

Тіндік гипоксияның себептері:


  • тыныстық ферменттердің азаюы немесе әсерсізденуі;

  • тотығу реакциялары мен фосфорлану реакцияларының бір-біріне ұласпауы.

    Жүктемелік


    • Жүктемелік гипоксия қандай да болмасын ағзаның немесе тіннің өте жоғары қарқынды қызметінде туындайды. Мұндай ағзалардың немесе тіндердің оттегіге қажеттілігінің күрт жоғарылауы тасымалдау жүйесі мен оттегіні жою жүйесінің барлығы мүмкін болатын қызметтік қорларын толық жұмылдырғанда да толығымен қамтатамасыз етілмейді.

    • Гипоксияның бұл түрі мысалы, өте ауыр физикалық жүктемеде қаңқа бұлшықетінде дамып, шаршаудың негізгі іске қосатын механизмі болуы мүмкін.

    Субстраттық


    • Субстраттық гипоксия мида тотығатын зат - глюкоза жетіспеуінен дамиды. Бұл кезде оттегі жеткілікті болуына қарамастан, от тотығатын зат болмауынан, жүйке жасушаларымен пайдаланылмайды.

    Аралас


    • Аралас этиологиялы гипоксия жиі кездеседі және гипоксияның екі немесе одан да көп түрлерінің қосарлануы болып табылады.

    Гипоксия кезіндегі компенсациялық-бейімделу механизмедері

    Бейімделудің жедел кезеңі


    • Бейімделудің жедел кезеңі гипоксия пайда болғаннан кейін бірден басталады. Бұл кезеңде жүзеге асатын өзгерістер:

    • Тыныстың тереңдеп, жиілеуінен және бронхтардың кеңеюінен (симпатикалық белсенділіктің жоғарылауы салдарынан) альвеолалық желдету күшейеді;

    • Жілік майынан эритроциттерді шығарып алудың күшеюінен, жинақталған қанның шығарылуынан, гемоглобиннің оттегіге ұқсастығының өзгерісінен қанның оттегілік сыйымдылығы жоғарылайды;

    • Кіші қанайналым шеңберінен басқа, барлық дерлік тамырлық бассейндерде ұсақ артериялар мен артериолалардың кеңеюі;

    • Қанның осмостығының жоғарылауы, ондағы АТФ ыдырауы өнімдерінің, сүт қышқылының болуы тамыр қабырғаларының тегіс салалы бұлшықет жасушаларының босауын және вазодилатация шақырады;

    • Гипоталамус-гипофиз-бүйрекүсті безі жүйесінің активациясын шақыратын және жасушалық мембраналардың, соның глюкокортикостероидтар шығарылуы соның ішінде лизосома - мембраналарының тұрақтылығын жоғарылататын күшті стрестік фактор болып табылады;


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет