Гистология 1 рк 1- жасуша емес құрылымдар – симпласт және жасуша аралық зат жасуша туындылары ретінде. Синцитий


- Жасушаның қалпына келуі. Жасушалық цикл



бет10/14
Дата20.11.2022
өлшемі66,83 Kb.
#51350
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Гистология 1 рк

- Жасушаның қалпына келуі. Жасушалық цикл. Ұғымға анықтама : жасуша үшін жасушалық цикл этаптары. Бөлінуге қабілеті сақталған бөлінуге қабілеті сақталмаған.
Жасушаның қалпына келуі Ағза онтогенезінде көптеген дене жасушалары табиғи не патологиялық жағдайларға байланысты ескіреді не бұзылады. Олар жасушалардың бөлінуі нәтижесінде үнемі қалпына келіп отырады. Себебі онсыз кез- келген ағза біртұтас жүйе ретінде тіршілік ете алмайды. Оны регенерация деп атайды. Сонымен, регенерация деп ағзаның жарақаттанған не жойылған ұлпалары мен мүшелерінің қалпына келуін айтамыз. Оның физиологиялық регенерация және репаративтік регенерация деген екі түрі белгілі. Физиологиялық регенерация дегеніміз қалыпты тіршілік жағдайларында ескірген не бұзылған құрылымдарының өліп — қалып не түлеп түсіп отыруы және олардың қалпына келуі. Мысалы, шаян тәрізділер мен жәндіктердің қуыршақтары өздерінің қатты хитин қабатын тастап, түлеп өседі. Сол сияқты, жыландар да жылына бір рет түлеп отырады, құстардың қауырсындары түсіп, оның орнына жаңа қауырсындар пайда болады. Сүт қоректілер мен адам терісінің эпитерий жасушылырының түлеп түсуі, ішектердің сілемейлі қабығының жасушаларының түлеуі т.б. осыған мысал бола алады. Қанның қызыл түйіршіктері – эритроциттер күніне бір пайыз мөлшерінде ауысып отырады. Шаштың, тырнақтың өсуі, үй жануарларының түктерінің түлеуі т.б. физиологиялық регенерацияға мысал бола алады.
Репаративтік регенерация дегеніміз әртүрлі патологиялық жағдайлардыа жойылған не жарақаттанған мүшелердің қалпына келуі болып табылады. Репаративтік регенерация әртүрлі жануарларда түрліше деңгейде байқалады. Қарапайым ағзалардың (ішек- қуыстылар, құрттар) кез- келген жасушаларынан жаңа дара өсіп дами алады. Шаян тәрізділер жойылған қол, — аяқтарын, мұртшаларын, көздерін қалпына келтіре алады. Қосмекенділер жарақаттанған қол- аяқтарын, құйрығын және кейбір мүшелерін қалпына келтіреді. Сүтқоректілер мен адамдардың күрделі мүшелері толық қалпына келе алмайды, дегенмен бұл оларда репаративтік регенерациялану болмайды деген сөз емес.
Сүтқоректілер мен адамдардың әртүрлі ұлпалары түрліше дәрежеде қалпына келеді, мысалы тері, сілемейлі қабық эпителийі жоғары дәрежеде регенерацияланса, дәнекер ұлпалар біршама төменгі дәрежеде, ал шеміршек және нерв ұлпасы нашар регенерацияланады.

Жасушалық цикл. Жалпы жасушалық цикл дегеніміз- жасушаның бір бөлінуінен екінші бөлінуіне дейін гі уақыт. Ол негізгі екі фазадан тұрады: интерфаза және жасуша бөлінуі митоз. Интерфаза кезеңінің өзі 3 ке бөлінеді ол G1 пресинтездік, S синтездік, G2 постсинтездік кееңдер. Джи1 кезеңінде бізде митоздан кейінгі органеллалардың қалпына келуі болады. Себебі бөліну кезінде органеллалар диосасацияға ұшырап кетеді. Және келесі кезең S кезеңінде ДНҚ репликациясына керек ақуыз, нуклеинқышқылдары жинақталады. Келесі S кезеңі бұл кезде бізде ДНҚ синтезі жүреді. Бұл кезең нәтижесінде әр хроматид екі есе артып, әр хромасома екі ДНҚ жіпшесінен тұратын болады. Осы кезеңде днқ синтезі жүреді және әрбір ДНҚ молекуласы үшін бір көшірме синтезделеді, ескі және жаңадан синтезделген екі молекула бір-бірімен байланысады. Бұдан кейінгі кезең G2 кезеңі Осы кезеңде митоз процесінің ӛзі үшін қажетті заттар пайда болады. G2 кезеңінде ақуыздардың синтезі. Бұл кезең қажет, ӛйткені, біріншіден, митоз – бұл ӛте қысқа мерзімді оқиға, ол жасушаның бӛлінуі үшін барлық қажетті ӛнімдерді синтездеуге уақыты болмайды. Екіншіден, бӛліну кезінде жасуша заттардың белсенді синтезімен айналыса алмайды, ӛйткені органеллалардың кӛп бӛлігі "бӛлшектелген" күйде болады (эндоплазмалық тор, Гольджидің пластинкалық комплексі, цитоқаңқа және т.б.). Және G0 кезеңіде бар яғни жасушаның бөліну циклынан алшақ кетуі. Тыныштық күйге ауысыу.


Бөлінуге қабілеті сақталған және сақталмаған деп типа мысалы эритроцитты алсақ ол Джи0 кезеңіне өткен жасуша себебі ол бірет бөліне алады яғни пайда болады одан кейін эритроцит бөлініп көбейе алмайды тіршілігі біткене қызмет етеді и все. Яғни эритроцит бөлінуге қабілетсіз. Оған тағы нерв клеткаларында жатқызуға болады. Ал енді қарапайым басқа жасушаларды алсақ мысалы эукариотты кез келген жашусаны алсақ олар бөлінуге қабілетті. Яғни олар митоз процесінен өткеннен кейін қайта интрефаза процесі арқылы қайттан бөлінуге қабілетті
19-

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет