Жасуша құрылысы. Биологиялық мембрананың маңызы жасуша құрылысының негізі ретінде. Құрылысының басты қасиеті және функциясы.
Жалпы жасуша – жасуша мембранасымен қоршалған, ядро мен цитоплазмадан тұратын, заттек алмасуы мен энергия түзу процестеріне бірігіп қатысып, біртұтас жүйені қалыптастыратын тіршіліктің негізгі бірлігі болып табылады.
АЖАЕВТА 45 ші БЕТ Биомембрана негізгі үш компоненттен тұрады: липидтерден, ақуыздардан, көмірсулардан. Липидтер биомембрананың қаңқасын құрайды, ол амфифильді екі қабаттан, яғни гидрофильді басынан және гидрофобдты ұштарынан тұрады. Мембрананың құрамында липидтерден басқа ақуыздар да кездеседі. Олардың екі түрі бар: интегральдық және перифериялық, жартылай интегралды.. Биомембрананың құрамында липидтер мен ақуыздардан басқа көмірсулар да кездеседі
Биомембрана липидтерінің құрылысы. Липидтер басынан гидрофильді және гидрофобдты ұштарынан тұрады. Гидрофобтық ұштарының әрқайсысы ұзын көмірсутек тізбегінен тұрады. Оның біреуі қанныққан, екіншісі қанықпаған болып келеді. Сулы ортада липидтер бислой қабатын түзеді, гидрофобты ұштары бірбіріне бағытталса, гидрофильді бастары сулы ортаға қарай бағытталады.
Мембрана липидтерінің 4 түрі бар:
• -фосфолипид
• -гликолипид
• -сфинголипид
• -холестерин
Биомембрананың негізгі қызметтері мен қасиеттері: 1. Тұйықтылығы- биомембраналардың ұштары ашық болмайды. 2. Таңдамалы өткізу, заттарды жасушаға және жасушадан артық заттарды сыртқа шығарады. 3. Сигналдарды қабылдап, жасушааралық және жасушаішілік берілуін қамтамасыз етеді. 4. Жасушааралық байланысу арқылы ұлпалардың түзілуін қамтамасыз етеді. 5. Қозғалғыштығы тұйық болғанымен үнемі динамикалық қозғалыста болады. 6. Ассиметриялығы-сыртқы және ішкі беттері құрамы бойынша ерекше болады.
4-Жасуша қабығы. Ішкі жасушалық (плазмалық) мембрана. Құрылымдық- химиялық ерекшелігі. мембрана үсті (гликокаликс), мембрана асты (қыртысты) қабаттарына сипаттама.
Жалпы жасуша - тіршіліктің ең ұсақ бөлшегі, және оның өзіндік құрылысы бар. Жасушаның негізгі құрылысы:
1.Жасуша қабықшасы (цитолемма және гликокаликс);
2. Цитоплазма
3.Ядро.
Жасушалық кез-келген мембрана табиғаты липопротеидті (яғни, липидтер мен ақуыздар жиынтығы) болып келген, жұқа (6—10 нм) пласт түрінде кездеседі. Негізгі химиялық құрамына: липидтер (~40%), ақуыздар (~60%) және көмірсулар (5—10%) кіреді.
Биологиялық мембрана негізінде - амфифильді липидтердің қос қабаты жатыр. Бұндай липидтер молекуласынының 2 бөлімі болады: гидрофобты (май қыш-ң екі көмірсутекті «құйрықтары») және гидрофильді (көмірсудың спирт қалдығы, азотты негізі).Сулы ортада бұл молекулалар өздігінен қос қабатты құрайды, онда гидрофобты бөлімі бір-біріне, ал гидрофильді бөлігі – сулы ортаға бағытталған.
Биологиялық мембранынң 3 құрылымы бар екені анықталған:
-ішкі гидрофильді,
-сыртқы гидрофильді,
-ортаңғы гидрофобты.
Ішкі, сыртқы гидроильді қабат-тығыз, ал ортаңғы болса гидрофобты – ақшыл келеді.
Биологиялық мембраналар:
-плазмолемма, кариолемма және мембраналы органоидтардан тұрады.
Плазмолемма – ең қалың түрі.Плазмолемма– жасушаны қоршап жатады.
Плазмолемманың негізі – сыртының қалыңдығы 10 - 20нм болатын гликокаликс қабатымен жабылған биологиялық мембрана.
Плазмалық мембрана және глиокаликстің қызметтері олардың жайғасқан шекаралық орнына лайық:
1. Барьерлік (кедергі, тосқауыл)
2. Транспорттық (тасымалдау);
3. Рецепторлық (қабылдау, айырып таны);
4. Адгезиялық (жабысу) қызметтерін атқарады.
Плазмолемманың құрылысы:
1. Липидті қосқабат (гидрофилді«басы» және гидрофобты «құйрығы»);
2. Нəруыздар:интегралды, шеткі;
3. Гликокаликс. Эукариоттыларда сыртқы бетін гликокаликс қоршайды. Оны: гликопротеиндер, протегликандар, гликолипидтер құрайды. Нәтижесінде, сыртқы бетіннің үстінде олигосахаридтердің қабаты болады. Гликокаликстың құрамында гормондар мен нейромедиаторларды қабылдайтын рецепорлар болады. Гликокаликстің мөлшері- 400-500нм. Қызметі: қорғаныс, тосқауыл ретінде, рецепторлық. Жасушаларыдың гилкокаликсін зерттеу нанофармокология дамуға, органимзнің ауытқулық бұзылысын ертерек диагностикалауында ықпалын тигізеді.
5- . Морфологиялық сипаттама және сүзгілік механизм, рецепторлық және транспорттық функциясы. Функция үрдісінде плазмалық мембрананың мембрана үсті және мембрана асты қабаттарының байланысы.
Тасмалдау қызметін атқару арқылы плазмолемма бірқатар заттардың диффузиясын (пассивті тасмалдау) қамтамасыз етеді, мысалы су, иондар, кейбір төменмолекулалық қосылыстар. Басқа да заттар мембранадан активті тасымалдау, яғни концентрация градиентіне қарсы, энергия жұмсау (АТФ ыдырауы нәтижесінде) арқылы өтеді. Мысалы: көптеген органикалық заттар (қанттар, аминқышқылдары және т.б.). Аталмыш процесстер иондардың тасмалдануымен қатар жүруі мүмкін, арнайы тасмалдаушы-ақуыздар көмегімен. Активті тасмалдау түрлері: Эндоцитоз – әртүрлі заттардың жасуша сыртынан жасуша ішіне қарай ену процессі. Экзоцитоз – заттардың жасушадан сыртқа шағарылу процессі. Бұл кезде жасушаішілік везикулдар сыртқа шығарылады, ал олардың мембраналары жасуша қабықшасымен бірігіп кетедіЖасушаға ірі қосылыстар мен бөлшектердің тасмалдануы (эндоцитоз) 1. Пиноцитоз Жасушаның еритін жоғарымолекулярлы қосылыстарды жұтуы мен енуі. 2. Фагоцитоз Қатты бөлшектердің енуі. 3. Рецепторлармен көмегімен эндоцитоз Енетін субстрат алдын ала плазмолемманың беткейіндегі рецепторлармен байланысады Барлық жағдайда, алдымен плазмолемма цитоплазмаға қарай иіле еніп, өлшемі әртүрлі ойықтар жасайды. Ойықтар қармаған заттармен бірге жасуша плазмалеммасымен цитоплазмаға қарай тартылып үзіледі де, көпіршік (эндосома) п.б.. Жасушадан ірі қосылыстармен бөлшектердің сыртқа тасмалдануы (экзоцитоз) 1. Секреция а) жасушадан еритін қосылыстардың шығарылуы. б) өлшемі әртүрлі заттар болуы мүмкін - жоғарымолекулярлы (мысалы, ақуызды гормондар), және төменмолекулярлы (иондар). в) аталған заттар бірде секреторлы көпіршік ретінде, ал енді бірде жеңілдетілген диффузия арқылы сыртқа шағарылуы мүмкін. 2. Экскреция Жасушадан қатты бөлшектердің сыртқы шағарылуы. Бұл кезде жасушаішілік везикулдар сыртқа шығарылады, ал олардың мембраналары жасуша қабықшасымен бірігіп кетеді. 3. Рекреция Рекреция – қатты бөлшектердің жасушадан шығарылуы: фагоцитоз және экскреция жатады. Көптеген жасушалардың плазмолеммасы құрылысы әртүрлі құрылымдарды түзуге қабілетті, олардың құрамында цитоплазманың маманданған компоненттері болады (микротүтікшелер, микрофибриллалар). Бұндай құрылымдарға — микробүрлер, кірпікшелер, жгутиктер жатады. микробүрлер кірпікшелер жгутик Соның ішінде ең кең таралған микробүрлер. Бұл плазмалеммамен шектелген цитоплазманың өсінділері б.т. Пішіні цилиндр т/ді, (d=100 нм). Микробүрлер эпителий жасушаларына тән. Олардың санының өсуі, жасушаның беткейінің ауданын ұлғайтады. Бұндай қасиет әсіресе сіңіру қызметін атқаратын (ішек) жасушалар үшін мағызды.
6-
Достарыңызбен бөлісу: |