Гистология цитология



бет10/176
Дата23.01.2023
өлшемі6,06 Mb.
#62390
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   176
Байланысты:
ГИСТОЛОГИЯ

ДӘНЕКЕР ТІНІ
332.Тығыз қалыптасқан дәнекер тінінің кездесетін орны:сіңірде, байламдарда, фиброзды мембранада
333.Пішіні өсінділі, жалпақ жасушасындағы ашық түсті сопақша келген ядросы бар, қою базофильді боялған, цитоплазмасы эндоплазма мен эктоплазмадан тұратын дәнекер тінінің жасушасы:арнайы қызмет атқаратын (пісіп жетілген) фибробласт
334.Дәнекер тінінің аралық затын синтездейтін жасушасы:арнайы қызмет атқаратын (пісіп жетілген) фибробласт
335.Фибробласттардың ең негізгі қызметіне жататын: аралық затын синтездейді
336.Пішіні әр түрлі, ядросы қою базофильді боялған, цитоплазмасында көптеген лизосомалары мен фагосомалары бар дәнекер тінінің жасушасы:гистиоциттер
337.Борпылдақ талшықты дәнекер тініндегі гистиоциттердің қызметі:фагоцитозға қатысады
338.Кілегейлі дәнекер тіні мыналардың қайсысының құрамында кездеседі:кіндікте
339.Қышқылдық бояуларымен боялып, тек кейде аздап иректеліп көрінетін, өте мықты, бірақ созылмайтын, дәнекер тінінің талшықтары қайсы:коллаген
340.Күміс тұздарымен өңделгенде көрінетін, дәнекер тінінің талшықтары қайсы:ретикулярлы
341.Дәнекер тіндерінде тасымалдау және трофикалық қызмет атқаратын құрылым жасуша аралық затының аморфты компоненті
342.Құрамында гепарин мен гистамин түйіршіктері болатын, дәнекер тінінің жасушасы тін базофилі
343.Пішіні шар тәрізді, цитоплазмасының ортаңғы бөлігінде ірі бейтарап май тамшысы бар, дәнекер тінінің жасушасы Адипоцит
344.Иммуноглобулдерді синтездейтін дәнекер тінінің жасушасы плазмоцит
345.Қан жасау мүшелерінде қан жасушаларына микроқоршау қызметін атқаратын дәнекер тіні Ретикулярлы тін
346.Кілегейлі дәнекер тінінің құрамында болатыны Гиалурон қышқылына бай іркілдек заты мен мукоциттер
347.Шеміршек тінінің шығу тегі Мезенхимадан

  1. 348.Эмбриональді кезеңдегі гиалинді шеміршек тінінің интерстициальді өсуі мына жасушалардың қайсысы арқылы жүзеге асады I-реттік хондроциттер

349.Шеміршек тінінің репаративтік регенерациясы мына жасушалардың қайсысының бөлінуі арқылы жүзеге асады Хондробластар

  1. 350.Шеміршек қабының сыртқы қабатын түзетін:Тығыз қалыптаспаған талшықты дәнекер тіні

351.Шеміршек қабының ішкі қабатын түзетін:прехондробластар
352.Шеміршектің шеміршек қабының астында мыналардың қайсысы орналасады:Жас хондроциттер
353.Шеміршек тінінде бөлініп, жасушааралық затты синтездеуге қатысатын шеміршек қабығындағы мына жасушалардың қайсы:Хондробластар

  1. 354.Пісіп жетілген хондроциттердің пішіні:сопақша,жарты шар тәрізді

355.Шеміршек тінінде изогенді топтарды түзетін, ядросы мен цитоплазмасының қатынасы өте жоғары, әрі митоз сатылары байқалатын жасушалары қайсы:I-реттік хондроциттер
356.Шеміршек жасушаларының және жасушааралық затының дистрофиялық өзгеруі мен жарақаттану процесінен кейінгі регенерациясында резорбциялануға қатысатын жасуша мыналардың қайсысы:Хондрокласстар
357.Эластинді шеміршектің гиалинді шеміршектен айырмашылығы:эластинді талшықтарында

  1. 358.Даму сатысындағы сүйек трабекулаларының үстінде пішіні әр түрлі жасушалар орналасқан.Бұлардың ультрамикроскопиялық құрылысында белок синтездейтін жасушаларға тән белгілер байқалады.Бұл мына жасушалардың қайсы:Остеобласттар

359.Сүйек тінінің түзулуі мен аралық затының известелуіне қатысатын жасушалары:Остеобласттар
360.Остеобласттардың қызметі: Сүйек тінін түзеді
361.Сүйек тінінде бөліну қабілеті жойылған, шағын ғана денесінде көптеген өсінділері бар жасушалары қайсы:Остеоциттер
362.Остеоциттердің қызметі:Сүйек тінінің органикалық гомеостасы мен минералдық құрамын сақтайды
363.Остеокласттардың қызметі: известелінген сүйек пен шеміршекті бұзады
364.Остеокласттар мыналардың қайсысынан түзіледі:моноциттерден
365.Бас сүйектерінің тігістері мен сіңірдің сүйекке байланысқан жерлерінде кездесетін тін қайсы:ретикулофиброзды (өрескел талшықты) сүйек тіні
366.Өрескел талшықты сүйек тінінің жасушааралық затының ерекшелігі:коллаген талшықтарының шоғырлары(жігі) ретсіз орналасқан
367.Қабыршақ сүйек тінінің жасушааралық затының ерекшелігі:Коллаген талшықтары пареллель орналасқан
368.Жілік сүйегінің тығыз затындағы қыстырма пластинкалары мыналардың қайсысының арасында орналасады:Көршілес остеондардың арасында

  1. 369.Шеміршектен сүйек тінінің дамуы мыналардың қайсысынан басталады:Перихондральді сүйектенуден

370.Тура остеогенездің бірінші сатысы мыналардың қайсысының пайда болуымен ерекшеленеді:остеогенді аралшықтарының
371.Даму барысында түтікше сүйектің қалыңдап өсуіне қатысатыны:периост
372.Түтікше сүйектің бойлық өсуіне қатысатыны:метаэпифизарлық шеміршек пластинкасының өсуі
373.Пішіні сопақша болып келген, ядросы бар, цитоплазмасында тығыз базофильді түйіршіктері көрінетін, дәнекер тінінің жасушасы:тін базофилі
374.Энергия түзіп, судың метаболизміне қатысатын қалыптаспаған борпылдақ дәнекер тінінің жасушасы қайсы:адипоциттер
375.Пішіні дөңгелек болып келген, эксцентрлі орналасқан ядросын концентрлі шеңбер түрінде эндоплазмалық тор қоршайтын, дәнекер тінінің жасушасы қайсы:плазмоцит
376.Электронды микросуретте иммундық реакцияларға қатысатын борпылдақ талшықты дәнекер тінінің жасушасы көрінеді. Бұл жасушада ядросы мен цитоплазманың бір шетінде орналасқан және ядроның қасында боялмаған ашық алаңы, жақсы дамыған түйіршікті эндоплазмалық торы бар екені көрінеді. Осы жасушаны анықтаңыз:плазмоцит
377.Дәнекер тіндерінің қай түрінде меланоциттер көп:пигментті тінінде
378.Гиалинді шеміршектің аралық затындағы коллаген талшықтарының түрі:II
379.Эластинді шеміршек тіні мыналардың қайсысының құрамында болады:құлақ жарғағында
380.Ағзадағы эластинді шеміршектің кездесетін жері:көмекейде
381.Талшықты шеміршектің кездесетін жері:омыртқа аралық дискілерде
382.Даму кезеңіндегі сүйек тінінің электронограммасынан бір жасуша зерттеуге ұсынылған. Бұл жасушаның сырты коллаген талшықтарымен қоршалып, ал цитоплазмасында жақсы дамыған түйіршікті эндоплазмалық тордың бар екені байқалады. Осы жасуша мыналардың қайсы:остеобласт
383.Сүйек тінінің бір жасушасының электронограммасы зерттеуге берілген. Бұл жасушадан тараған өсінділері сүйек каналдарына өтетіні белгілі, цитоплазмасында нашар дамыған эндоплазмалық торы мен Гольджи кешенінің бар екені байқалады. Бұл жасуша мыналардың қайсы:пісіп жетілген остеоцит
384.Известелінген сүйек пен шеміршекті бұзатын, өте ірі, бірақ пішіні әр түрлі, цитоплазмасында ядролары мен лизосомалары өте көп, плазмолеммасы қатпарланған мына жасушалардың қайсысы:остеокласттар
385.Борпылдақ талшықты қалыптаспаған дәнекер тінінің препараты берілген.Онда лизосомалардың маркерлік ферментін анықтау үшін арнайы бояу қышқыл фосфатазамен цитоплазмасы жақсы боялатын жасушаны көреміз.Борпылдақ талшықты қалыптаспаған дәнекер тінінің қай жасушасында лизосома саны көптеп кездеседі? Макрофаг немесе фиброкластылар
386.Судан III бояуымен боялған борпылдақ талшықты қалыптаспаған дәнекер тінінің препаратын зерттей отырып студент домалақ пішінді қызғылт сары түске боялған жасушаны байқады. Жасушаның ортаңғы бөлігінде ірі май тамшысы анықталады .
Осындай құрылыс ерекшелігі борпылдақ талшықты қалыптаспаған дәнекер тінінің қай жасушасына тән.Адипоциттер(липидтер)
387.Судан III бояуымен боялған борпылдақ талшықты қалыптаспаған дәнекер тінінің препаратын зерттей отырып студент домалақ пішінді қызғылт сары түске боялған жасушаны байқады. Жасушаның ортаңғы бөлігінде ірі май тамшысы орналасатынын анықтады.Осы сипаттамаға сәйкес жасушаның қызметін анықтаңыз?қор заты, энергия түзу, зат алмасу
388.Студент жаңадан туылған нәрестенің дәнекер тінінен жасалған препартты қара судан бояуымен бояп, зерттеу арқылы дөңгелек пішінді жасушалардың жиынтығына көңіл аударды. Препаратта дәнекер тінінің қандай түрі көрсетілген.Борпылдақ талшықты қалыптаспаған немесе майлы тін.(Липид(адипоциттер))
389.Дәнекер тінінің күміспен импрегнацияланған препараты берілген,препаратта тор түзетін жасушалар мен талшықтарды көреміз.Препаратта көрсетілген дәнекер тінінің түрін анықтаңыз? Ретикулярлы немесе торлы тін
390.Гематоксилин-эозинмен боялған дәнекер тінінің препаратында бір-бірімен өсінділері арқылы байланысатын жасушалар анықталды .Берілген сипаттама дәнекер тінінің қандай түріне сәйкес келеді?Ретикулярлық тін
391.Студент сіңірдің гистологиялық құрылысын сипаттау барысында сіңірді түзетін дәнекер тінінің түрін атаған жоқ.Сіз сіңірдің түзілуіне қатысатын дәнекер тінінің түрін анықтаңыз?Тығыз дәнекер тіндер(Коллаген талшықтары)
392.Зерттеуге талшықтары орсеинмен боялған қаңқа дәнекер тіні берілген.
Талшықтары әртүрлі бағытта тор түзе орналасқан.Препаратта қаңқа дәнекер тінінің қандай түрі берілген?Дөрекі талшықты немесе торлы талшықты қаңқа тіні
393.Зерттеуге сүйек тінінің жасушаларының бірінің электронаграммасы берілген. Жасушаның өсінділері сүйек түтікшелерінің ішінде орналасқан, цитоплазмасында түйіршікті эндоплазмалық торы және Гольджи кешені әлсіз дамыған.Электронограммада қандай жасуша көрсетілген?Остеоциттер


394.Электронограммада сүйек тінінің ірі бұрыс пішінді жасушасы берілген. Ол көп ядролы, цитолеммасы қатпарланған,цитоплазмасында лизосомалары көп болып келеді.Сүйек тінінің қандай жасушасының құрылысы осы сипаттамаға сәйкес келеді? Остеокласттар
395.Студенттерге гистологиялық препараттан шеміршек қабының жасушасын анықтау тапсырылған, жасушаның пішіні жалпақ, цитоплазмасы базофильді боялған.Осы сипаттамаға тән жасушаны табыңыз? Хондробласт
396.Электроннограмада даму сатысындағы сүйек тінінің жіп тәрізді жасушасы берілген,оның аз мөлшердегі цитоплазмасында түйіршікті эндоплазмалық торы жақсы дамыған.Осы сипаттамаға қандай жасушаның құрылысы сәйкес келеді?Остеобласттар
397.Зерттеуге түтікшелі сүйек диафизінің қабыршақты тінінің препараты берілген. Остеондардың арасында оларды бір-бірімен байланыстыратын сүйек пластинкалары орналасады.Остеондардың арасында қандай құрылым орналасқан?Аралық пластинкалар
398. Электроннограммада борпылдақ талшықты қалыптаспаған дәнекер тінінің дөңгелек пішінді жасушасы берілген,оның шағын ядросының айналасында жақсы дамыған түйіршікті эндоплазмалық торы орналасқан.Ядроның жанында цитоплазманың ашық аймағы бар.Осы сипаттама қандай жасушаның құрылысына сәйкес келеді?Дифференцияланған яғни жетілген фибробласттар
399.Гематоксилин- эозинмен боялған препараттаборпылдақ талшықты қалыптаспаған дәнекер тіні берілген. Тін талшықтары түзу және толқын тәрізді иілген ашық қызғылт түсті баулар түзеді.Коллаген талшықтары
400.Гистологиялық препаратта дәнекер тінінің түрі берілген, оның құрамында көптеген оксифильді тек қана бір бағытта тығыз орналасатын талшықтар көрінеді. Талшықтардың арасында аздаған жасушалар мен жасуша аралық заты бар.Осындай құрылым дәнекер тінінің қандай түріне сәйкес келеді?Қалыптасқан тығыз дәнекер тіні
401.Зерттеуге борпылдақ талшықты дәнекер тінінің препараты берілген. Ол жасушалық элементтерге бай, әсіресе адвентициальді жасушалар мен жас фибробластар басым болады.Берілген борпылдақ талшықты дәнекер тінінің құрылыс ерекшеліктері қай жасқа сәйкес келеді? Жаңа туылған нәрестелер мен 1 жасқа дейінгі балаларда
402.Қара Судан бояуымен боялған май тінінің препаратын зерттеу барысында студент өте көп мөлшерде жинақталған дөңгелек пішінді жасушаларға көңіл аударды.Жасуша цитоплазмасында қара түсті ұсақ май тамшылары анықталған. Дәнекер тінінің бұл түрінің сипаттамасы қай жасқа сәйкес келеді?Нәрестелік кезең немесе 5-7 жасқа дейінгі кезең
403.Зерттеуге түтікшелі сүйектің диафизінің кеуекті заты берілген. Берілген құрылым өрескел талшықты сүйек тінінен түзіледі.
Түтікшелі сүйектің диафизінің кеуекті затының берілген құрылысы қай жасқа сәйкес келеді? Жаңа туылған нәрестелерде
404.Зерттеуге баланың сүйек тіні берілген, осы тіннің жасушалары мен ядросының көлемдері үлкен адамның жасушаларына қарағанда үлкен болады. Сүйек жасушаларының өсінділері әлсіз көрінеді, кейде болмайды да.Берілген сүйек тінінің құрылысы қай жасқа сәйкес келеді? Жаңа туылған нәрестелерде

405.Борпылдақ қалыптаспаған талшықты дәнекер тінінің А әріпімен белгіленген құрылымы тін базофилі
406.Борпылдақ қалыптаспаған талшықты дәнекер тінінің Б әріпімен белгіленген құрылымы коллаген талшықтары
407.Борпылдақ қалыптаспаған талшықты дәнекер тінінің В әріпімен белгіленген құрылымы макрофагтар
408.Борпылдақ қалыптаспаған талшықты дәнекер тінінің Г әріпімен белгіленген құрылымы эластин талшықтары
409.Борпылдақ қалыптаспаған талшықты дәнекер тінінің Д әріпімен белгіленген құрылымы негізгі зат
410.Борпылдақ қалыптаспаған талшықты дәнекер тінінің Е әріпімен белгіленген құрылымы фибробласт
411.Борпылдақ қалыптаспаған талшықты дәнекер тінінің Ж әріпімен белгіленген құрылымы май жасушасы

412.Гиалинді шеміршектің А әріпімен белгіленген құрылымы шеміршек қабы
413.Гиалинді шеміршектің Б әріпімен белгіленген құрылымы жас шеміршек аймағы
414.Гиалинді шеміршектің В әріпімен белгіленген құрылымы жетілген шеміршек аймағы
415.Гиалинді шеміршектің Г әріпімен белгіленген құрылымы жас хондроциттер
416.Гиалинді шеміршектің Д әріпімен белгіленген құрылымы изогенді жасушалар тобы

417.Қабыршақ сүйек тінінің А әріпімен белгіленген құрылымы сыртқы генеральды пластинкалар қабаты
418.Қабыршақ сүйек тінінің Б әріпімен белгіленген құрылымы остеон
419.Қабыршақ сүйек тінінің В әріпімен белгіленген құрылымы остеон каналы <так написано в книге, но я думаю что это қыстырма пластинкалар>
420.Қабыршақ сүйек тінінің Г әріпімен белгіленген құрылымы остеон каналы
421.Қабыршақ сүйек тінінің Д әріпімен белгіленген құрылымы ішкі генеральды пластинкалар қабаты

422.Сүйектің мезенхимадан даму кезеңіндегі А әріпімен белгіленген құрылымы остеобласттар
423.Сүйектің мезенхимадан даму кезеңіндегі Б әріпімен белгіленген құрылымы остеоциттер
424.Сүйектің мезенхимадан даму кезеңіндегі В әріпімен белгіленген құрылымы мезенхима
425.Сүйектің мезенхимадан даму кезеңіндегі Г әріпімен белгіленген құрылымы сүйектің ізбестелген аралық заты

426.Эластинді шеміршектің А әріпімен белгіленген құрылымы шеміршек қабы
427.Эластинді шеміршектің Б әріпімен белгіленген құрылымы жас шеміршек аймағы
428.Эластинді шеміршектің В әріпімен белгіленген құрылымы жетілген шеміршек аймағы
429.Эластинді шеміршектің Г әріпімен белгіленген құрылымы изогенді жасушалар аймағы
430.Эластинді шеміршектің Д әріпімен белгіленген құрылымы эластинді талшықтар



431.Остеокласт және оны қоршаған тіндердің А әріпімен белгіленген құрылымы ядролары
432.Остеокласт және оны қоршаған тіндердің Б әріпімен белгіленген құрылымы шеткі ашық аймағы
433.Остеокласт және оны қоршаған тіндердің В әріпімен белгіленген құрылымы лизосома
434.Остеокласт және оны қоршаған тіндердің Г әріпімен белгіленген құрылымы қатпарлы жиегі
435.Остеокласт және оны қоршаған тіндердің Д әріпімен белгіленген құрылымы резорбция аймағы



436.Омыртқа аралық дискінің А әріпімен белгіленген құрылымы изогенді топтағы хондроциттер
437.Омыртқа аралық дискінің Б әріпімен белгіленген құрылымы шеміршек мариксі
438.Омыртқа аралық дискінің В әріпімен белгіленген құрылымы жалпақ жекелеген хондроциттер
439.Омыртқа аралық дискінің Г әріпімен белгіленген құрылымы негізгі зат
440.Омыртқа аралық дискінің Д әріпімен белгіленген құрылымы фиброциттер
441.Омыртқа аралық дискінің Е әріпімен белгіленген құрылымы коллаген талшықтары




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   176




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет