Гүлді өсімдіктерге морфологиялық талдау


Өсімдіктердің субстратқа байланысты кейбір экологиялық топтары



бет4/6
Дата07.05.2023
өлшемі1,82 Mb.
#90890
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
15зертхана.Қожамұрат Аяулыым

Өсімдіктердің субстратқа байланысты кейбір экологиялық топтары

Өсімдіктердің топырақтағы қоректік заттарды қабылдау қабілеті әр түрлі. Осыған байланысты өсімдіктерді шартты түрде эвтрофты, мезотрофты және олиготрофты деп 3-ке бөледі.

1.Эвтрофты өсімдіктердің топырақ құнарлылығына талабы өте жоғары (дала,орманды дала, жалпақ жапырақты орман өсімдіктері).

2.Олиготрофты (грекше «олигос» - аз, «троф» - қорек) өсімдіктер қоректік затқа кедей топырақта өсе алады. Бұған құрғақ аңғарлы шалғын (аққылтан), құмайт топырақ (қарағай), шымтезекті батпақ (шықшөп, мүкжидек, ұлпабас, шымтезек мүктері) жатады.


Тұздылығы жоғары топырақта өсетін өсімдіктер галофиттер деп аталады.Тұздылық мөлшері және ерекшеліктеріне қарай: сор және сортаң деп бөлінеді.
Сордың бет жағын тұзды су басьш жатады. Бұларда көктемде ылғал мол болады да, жазға қарай тұздылығы артып, бет жағы тұзды қабыршақпен жабылады. Тұздар негізінен сода және гипс есебінен жүреді.
Сортаңда тұз топырақтың төменгі қабаттарында жиналады, жоғарғы кабаттары тұзсыз. Топырақтың бұл қабаты құрылымсыз болады. Топырақтың төменгі қабаты тығыз, кепкен кезде бағаналы бөліктерге және кесектерге жарылады. Негізгі галофиттерге сор өсімдіктері жатады. Олар алаботалар тұқымдасының өкілдері. Сыртқы көріңісі жағыңан галофиттер суккуленттерге ұқсас, суға қаныққан.Тамырлары біршама нашар, тереңге кетпейді.
Б.А Келлер галофиттердің мынадай типтерін ажыратады:
1. Бұзаубас сортаң типі. Жапырақтары қатты өзгерген, шырынды, сабағы бунақталған өсімдіктер.
2. Шведка (Snaeda maritima). Жапырақтары өзгермеген, шырынды етженді өсімдіктер.
3. Көкпек типі. Жапырақтарының беткейінде көпіршік тәрізді түктерге ұқсас су сақтамайтын ұлпалары болады.
4. Етженді және сортаңдар типі. Өсімдіктердің сабақтарында, жапырақтарында тұзды ерітінділер бөлініп тұратын бездері болады, осылар арқылы өсімдік өз денесіндегі артық тұздан арылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет