Плебисцит - ерекше маңызды мәселе туралы барлық халықтық пікірін сұрау, анықтау.
Автономия - бір мемлекеттің шенберінде өзін-өзі басқаруға құқық берілген саяси – ұлттық құрылым.
Апатридтер - ешбір мемлекеттің азаматы болып саналмайтын адамдар.
Бипатридтер - бір мезгілде екі немесе одан да көп мемлекеттердің азаматы болып есептелуі.
Геноцид -адамдарды шығу тегіне, бір ұлттың, діннің өкілі болуына байланысты әдейі қыру немесе қудалау.
Депортация -жеке адамдарды, халықтарды еріксіз, күшпен жер аудару.
Дискриминация -нәсіліне, ұлтына, дініне немесе саяси қозқарастарына және т.т. байланысты адамдарды құқығынан айыру және шектеу.
Оккупация - бір елдің жерін екінші мемлекеттің әскер күшімен уақытша басып алуы.
Охлократия - қоғамдық өмір жағдайына қанағаттанбай мемлекеттік мекемелерді басып алып, ойран салған, демократияны теріс түсінген тобыр билігі.
Деспотизм - 1) өкіметтің толық бассыздығына, қол астындағы азаматтардың еріксіздігіне негізделген мемлекеттік құрылыстың жүйесі; 2) жеке адамның бостандығын мейірімсіз, қатал басып шаншу тәсілі.
Сайлау жүйесі - сайлауда дауыс беру арқылы билік органдарын жасақтау процесін реттейтін ережелер мен әдістердің жиынтығы.
Мажоритарлық жүйе - сайлау нәтижесінде үміткерлердің округ бойынша көпшілік дауыс беруі.
Пропорционалды сайлау жүйесі - сайлауда ұсынған партиялық тізімге сәйкес саяси партия Парламентте депутаттың мандат сайын иеленетін сайлау жүйесі.
Аралас сайлау жүйесі - парламенттің бір бөлігін мажоритарлық жүйемен, бір бөлігін партиялық тізіммен тепе теңдік жүйемен жүзеге асыру.