Глоссарий 1 апта Саясат


Кандидат - қоғамдық немесе мемлекеттік органға сайлау мақсатымен лауазымды қызметке тағайындау үшін ұсынылған адам. Сайлау квотасы -



бет7/8
Дата15.11.2023
өлшемі28,23 Kb.
#122401
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Глоссарий политология

Кандидат - қоғамдық немесе мемлекеттік органға сайлау мақсатымен лауазымды қызметке тағайындау үшін ұсынылған адам.

  • Сайлау квотасы - сайлау округіндегі бір депутаттың сайлануы үшін қажетті дауыс саны.

  • Саясатта мандат - депутат өкілеті және соны растайтын құжат.

    5-апта

    1. Саяси партия - мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге қатысуға бағытталған, ортақ мүдде, бір идеология негізінде құралған адамдардың ерікті одағын айтады.

    2. Саяси клуб - саяси көзқарасқа байланысты немесе белгілі бір жобаны жүзеге асыру жолында ерікті түрде тізе қосқан адамдардың бірлестігі.

    3. Астыртын партиялар - заң бойынша тыйым салынып, жұмысын астыртын, жасырын жүргізген партиялар. Әдетте, олар үстемдік етіп отырған құрылысты күшпен өзгертуді мақсат етеді.

    4. Демократиялық партиялар - басқаларға төзімділікпен, түсіністікпен қарайтын, пікір адалдығын жақтайтын партиялар. Олар идеологиялық факторға онша мән бермейді.

    5. Реакциялық партия – қоғам дамуында өтіп кеткен формацияға не дәуірлерге қайтып оралуды көздейді.

    6. Коммунистік партия - Карл Марксың ілімін басшылыққа алады. Жекеменшіксіз қоғам құруға тырысады.

    7. Көппартиялық - мемлекеттік билік үшін күрес барысында бірнеше саяси партиялардың әр түрлі мүдделері мен пікір алалығын пайдалана отырып, басқару түрі.

    8. Альтернатива - бірнеше мүмкіндіктің ішінен мәселенің шешімін таңдап, бірін ғана таңдап алу.

    9. Одақ - жалпы саяси мақсаттарға жету үшін ұйымдасқан бірлестік.

    10. Оппозициялық партиялар - белгілі бір қоғамдық пікір тудырып, билеуші партияға сырттай ықпал жасайтын партиялар.

    11. Реформистік партия - қоғамда маңызды өзгерістер жасауды қалайды.

    12. Социал демократиялық партия - олар қазіргі капиталистік қоғамды еңбекші халықтың мүддесіне сай ұдайы реформалап, өзгертіп отырады.



    13. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет