Глоссарий 1 апта Саясат



бет8/8
Дата15.11.2023
өлшемі28,23 Kb.
#122401
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Глоссарий политология

Фашистік партия - жеке мүддеден мемлекеттік мүдденің басым болғанын, адамның бостандықтарын шектеуді қалайтын партия.

  • Лобби - белгілі бір заң жобаларына, қабылданатын шешімдерге ықпал ету мақсатында әрекет ететін ерекше саяси ұйым.

  • Коалиция - жалпы мақсатқа жету үшін партиялардың жасаған бірлігі.

  • Партиялық жүйе - мемлекеттік мекемелерді қалыптастыруға шынымен мүмкіндігі бар, елдің ішкі және сыртқы саясатына ықпал ете алатын саяси партиялар жиынтығы.

  • Кәсіподақ - бір мамандықтың немесе өндірістің бір саласында еңбек ететін адамдарды біріктіретін қоғамдық ұйым.

    6-апта

    1. Саяси мәдениет - қоғамның саяси өміріне лайықты, типті саяси сана мен саяси мінез құлықтың жиынтығы. 

    2. Саяси құндылықтар - адамдардың қоғам, мемлекет, еңбек ұжымдарының істеріне, саяси процесстерге қатынасуға деген қалыптасқан талаптары, іштегі қабылдаулары мен сенімдері.

    3. Саяси сана - өмірдегі саяси қатынастарды бейнелейтін, оларды түсініп-сезінетін, адамдардың бұл саладағы іс-әрекеттеріне бағыт-бағдар беретін әлеуметтік сезімдер, түсініктер, көзқарастар жиынтығы.

    4. Саяси психология - саяси өмір жағдайының ортақтығы негізінде әлеуметтік топтарда, таптарда, ұжымдарда, жеке адамдарда туындайтын сезімдердің, көңіл-күйдің, әдет-ғұрыптардың, мінездің ерекше белгілерінің жиынтығы.

    5. Саяси идеология - шындықты саналы түрде бейнелеп, ұғымдар мен принциптер негізінде жүйелі түрде құрылатын саяси сананың құрамдас бөлігі және өзегі.

    6. Социализм - (латын. socialis - қоғамдық) әлеуметтік әділеттілік пен теңдікке негізделген, мақсаттары мен мұраттары социалистік қоғам орнатумен байланысты ілім.

    7. Консерватизм - қоғамда тарихи қалыптасқан саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани құндылықтарды сақтау мен дамыту идеологиясы.

    8. Неоконсерватизм - қоғамдағы саяси плюрализмді дамыту және саяси процестерді реттеу үшін мемлекеттің рөлін күшейту мақсатындағы идеология.

    9. Плюрализм - өздерінің мүдделері, көзқарастары мен пікірлерін білдіру еркіндігін заңмен қамтамасыз ететін, қоғамда түрліше саяси партиялар мен басқа қоғамдық ұйымдардың (кәсіподақ, діни, коммерциялық және т.б.) қатар өмір сүруі мен өзара әрекеттестігі.

    10. Марксизм - қарулы төңкеріс арқылы қанаушы таптарды, жеке меншікті жойып, социализм және коммунизм құрып, қоғамдағы әлеуметтік теңдік орнату мақсатындағы идеология.

    11. Капитализм - жеке меншік пен нарықтық экономикаға негізделген қоғам тұрпаты.

    12. Неолиберализм - азаматтар мен қоғамның экономикалық және әлеуметтік өмірін мемлекеттік реттеуге бағытталған идеялар жиынтығы.

    13. Фашизм - бұл басқарудың толық түрі болатын, бір адам немесе бір партияның билікті жоғарыдан төмен басқаратын түрі.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет