Девиация – көпшілік мойындаған ғадеттік ережелерден ауытқу.
Девиация (лат. deviatio — ауытқу) — бұл:
Әлеуметтануда: — «қалыпты» болып есептелетін немесе қоғамдағы, не әлеуметтік контекстегі қалыптасқан мінез-құлықтан ауытқитын әлеуметтік мінез-құлық.[1]
Биологияда: — организмде немесе оның мүшелерінде эмбриондық дамудың ортаңғы сатыларында пайда болып қалыптасқан құрьшымдық өзгерістер. Бұл өзгерістер ұрық организмінің тұрақты белгілері ретінде қалыптасып, сақа организм мүшелері құрылысының бұрынғы ата тектеріне қарағанда өзгеруіне ықпалын тигізіп, ұрпақтан ұрпаққа беріледі. Девиация — филэмбриогенездің бір түрі. Филэмбриогенез теориясын А.Н. Северцов ашқан.
Делинквент - лат. «delinquent» құқық бұзушы ауытқыма мінез - құлқы өзінің ұшқыр көріністерінде жазаланатын әрекет болып шығатын субъект.
Конформизм— топтық қысым көрсету арқылы бақыланып отыратын тәртіп. Топ өзі енгізген тәртіп нормаларының көмегімен индивидтерді топ мүшелерінің интефациясын қолдауға мәжбүрлейді.
7-тақырып. Стратификация
Әлеуметтік құрылым – қоғамдағы еңбектің күрделенуіне, оның бірлігіне, өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың даму деңгейіне байланысты болатын өзгерістерді көрсететін, сонымен бірге нақты кезеңдегі әлеуметтік жүйенің элементтері арасындағы тұрақты қалыптасқан құрылым. Әлеуметтік құрылымның негізгі түрлері: макроқұрылым, микроқұрылым.
Әлеуметтік құрылым — қоғам не әлеуметтік топтың белгілі
бір қалыппен орналасқан ішкі құрылысы.
Әлеуметтік өзгеріс — әлеуметтік құрылымдар мен әлеуметтік өзара қарым-қатынастар жүйесінде жаңа сипаттар мен әлеуметтердің пайда болу процесі.
Әлеуметтік арақашықтық – (социальная дистанция) әр алуан топтардың, таптардың бір – біріне деген қарым – қатынастарын, жақындығын, қарама-қайшылығын, қоғамдағы орнын білдіреді.
Әлеуметтік жіктеу – (социальная стратификация) стратификация термині латынның «statum” жік, қабат және «facere”-«жасау” деген сөздердің қосындысынан алынған. Әлеуметтік жіктеудің негізін салған М.Вебер.