12-тақырып. Білім және дін
Ақпарат – қандай да бір білімнің, нәрсенің жиынтығын, қандай да бір мағлұматты білдіретін ғылымның жалпы, ортақ ұғымдарының бірі.
Білім әлеуметтануы– білімді әлеуметтік институт ретінде, оның мекемелерін әлеуметтік ұйым ретінде қарастыратын, сонымен қатар білім аумағындағы әлеуметтік саясатты зерттейтін әлеуметтану ғылымының бір саласы.
Білім – адамзат тіршілігінің барысында жинақталған әлеуметтік тәжірибе (күнделікті тіршілікте, қарым-қатынаста, ғылымда, саясатта).
Вербальді коммуникацияда беру, жеткізу, тарату құралы ретінде адам тілі, яғни дыбыстық тіл – лексикалық және синтаксистік элементтерді біріктіретін фонетикалық белгілер жүйесі қолданылады. Сөйлеу қарым-қатынастың әмбебап құралы болып табылады.
Вербальді емес коммуникациятек қимыл-қозғалыс, мимиканы қолданумен ғана емес, сонымен бірге заттар мен суреттерді (мысалы, жол белгілері мен бағдаршам, діни рәміздер, ұлттық және мемлекеттік рәміздер және т.б.) пайдаланумен байланысты.
Коммуникация <Коммуникация> термині (лат. communicatio, communico – ортақ жасаймын, байланыстырамын, араласамын)– екі немесе одан да көп индивидтер (немесе топ) арасында ақпарат алмасудың техникалық процесі.
Коммуникатор- ақпарат жіберуші адам
Қоғамдық пікір — әлеуметтік қауымдардың қоғамдағы болып жатқан оқиғаларға, әлеуметтік құбылыстарға қарым-қатынасын білдіретін бұқаралық сананың жағдайы.
Реципиент – ақпарат алушы адам
Тіл – адамзаттық қатынас, ойлау әрекетінің, ақпаратты ұрпақтан ұрпаққа беру және сақтаудың құралы қызметтерін атқаратын белгілер жүйесі.
Жастар —бұл мемлекеттің негізгі тірегі бола отырып, болашақта ел басқаратын ұрпақ өкілдері. Жастар саясаты туралы заң бойынша жастар- 14-29 жас аралығын қамтиды.
Жас отбасы - ерлi-зайыптылардың екеуi де жиырма тоғыз жасқа толмаған отбасы не жиырма тоғыз жасқа толмаған ата-ананың бiреуi, соның iшiнде ажырасқан, тұл қалған еркек (жесiр әйел) балаларды (баланы) тәрбиелейтiн толық емес отбасы;