Алғашқы топ — индивидтердің алғаш рет әлеуметтенуі
жүретін, қарым-қатынастары, жеке дара, формальды емес сипат-
та болатын топ. Топ мүшелерінің негізгі мақсаты өзара араласу.
Аутгруппа — қарым-қатынаста болғанда индивид ешқандай ұқсастық не қатыстық сезімін сезінбейтін адамдардың тобы. Мұндай топтың өкілдері индивидке «біз емеспіз» «басқалар» түрінде көрінеді.
Әлеуметтік агрегация — белгілі бір физикалық кеңістікке жиналған өзара саналы әрекеттестікте болмайтын бірнеше адамдар.
Әлеуметтік әрекет — басқа адамдардың әрекеттеріне мағынасы сай келетін, не соларға бағытталған әрекет үстіндегі адамдардың іс-әрекеті.
Әлеуметтік байланыс — адамдардың физикалық және әлеуметтік кеңістікте араласуынан туындайтын әлеуметтік байланыстардың қысқа мерзімді, оңай үзіле беретін түрі.
Әлеуметтік байланыс – (социальная связь) жеке адамдардың немесе топтардың бір – біріне деген кез келген әлеуметтік-мәдени қатынастарын бейнелейтін түсінік. Бұл түсінікті социологияға Э.Дюркгейм енгізген болатын.
Әлеуметтік қатынастар — мәні жағынан бір-біріне сай
келіп, әрекеттері соған сай сипатталатын қайталанбалы өзара
әрекеттің саналы түрде сезіммен кабылданатын жиынтығы.
Әлеуметтік топ — топ мүшелерінің бір-бірімен қарым-қатынастары барысында бөліну негізінде белгілі бір жағдайда өзара әрекеттестікте болатын индивидтер жиынтығы.
Әлеуметтік институт — қоғамның негізгі кажеттіліктерін
қанағаттандырып, қоғамдық құндылықтар мен процедураларды
біріктіретін байланыстар мен әлеуметтік нормалардың ұйымдасқан жүйесі.
Әлеуметтік институт – қоғамдық қарым-қатынастардың тұрақтылығын қамтамасыз ететін мамандандырылған іс-әрекетті жүзеге асырудың бір түрі. Әлеуметтік ғұрыптар мен санкциялар арқылы әлеуметтік институттар қоғамда ұйымдастырушы, реттеуші, басқарушы, тәрбиелеуші қызметтерін атқарады.
Әлеуметтік процесс — көптеген әлеуметтік әрекеттерден бөліп алуға болатын бір бағыттағы және қайталанып отыратын іс-әрекеттердің жиынтығы.