Глоссарий 1-тақырып. Әлеуметтану қоғам туралы ілім Әлеуметтік



бет15/19
Дата02.12.2022
өлшемі66,73 Kb.
#54277
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
Глоссарий 1-та ырып. леуметтану о ам туралы ілім леуметтік

12-тақырып. Білім және дін
Ақпарат – қандай да бір білімнің, нәрсенің жиынтығын, қандай да бір мағлұматты білдіретін ғылымның жалпы, ортақ ұғымдарының бірі.
Білім әлеуметтануы – білімді әлеуметтік институт ретінде, оның мекемелерін әлеуметтік ұйым ретінде қарастыратын, сонымен қатар білім аумағындағы әлеуметтік саясатты зерттейтін әлеуметтану ғылымының бір саласы.
Білім – адамзат тіршілігінің барысында жинақталған әлеуметтік тәжірибе (күнделікті тіршілікте, қарым-қатынаста, ғылымда, саясатта).
Вербальді коммуникацияда беру, жеткізу, тарату құралы ретінде адам тілі, яғни дыбыстық тіл – лексикалық және синтаксистік элементтерді біріктіретін фонетикалық белгілер жүйесі қолданылады. Сөйлеу қарым-қатынастың әмбебап құралы болып табылады.
Вербальді емес коммуникация тек қимыл-қозғалыс, мимиканы қолданумен ғана емес, сонымен бірге заттар мен суреттерді (мысалы, жол белгілері мен бағдаршам, діни рәміздер, ұлттық және мемлекеттік рәміздер және т.б.) пайдаланумен байланысты.
Коммуникация <Коммуникация> термині (лат. communicatio, communico – ортақ жасаймын, байланыстырамын, араласамын)– екі немесе одан да көп индивидтер (немесе топ) арасында ақпарат алмасудың техникалық процесі.


Коммуникатор - ақпарат жіберуші адам
Қоғамдық пікір — әлеуметтік қауымдардың қоғамдағы болып жатқан оқиғаларға, әлеуметтік құбылыстарға қарым-қатынасын білдіретін бұқаралық сананың жағдайы.
Реципиент – ақпарат алушы адам
Тіл – адамзаттық қатынас, ойлау әрекетінің, ақпаратты ұрпақтан ұрпаққа беру және сақтаудың құралы қызметтерін атқаратын белгілер жүйесі.
Жас­тар — бұл мемлекеттің негізгі тірегі бо­ла оты­рып, болашақта ел басқаратын ұрпақ өкілдері. Жас­тар са­я­са­ты ту­ра­лы заң бой­ын­ша жас­тар- 14-29 жас аралығын қамтиды.
Жас отбасы - ерлi-зайыптылардың екеуi де жиырма тоғыз жасқа толмаған отбасы не жиырма тоғыз жасқа толмаған ата-ананың бiреуi, соның iшiнде ажырасқан, тұл қалған еркек (жесiр әйел) балаларды (баланы) тәрбиелейтiн толық емес отбасы;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет