Глоссарий 1-тақырып. Әлеуметтану қоғам туралы ілім Әлеуметтік


Бихевиоризм және необихевиоризм



бет6/19
Дата02.12.2022
өлшемі66,73 Kb.
#54277
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
Глоссарий 1-та ырып. леуметтану о ам туралы ілім леуметтік

Бихевиоризм және необихевиоризм – сананың дербестігін мойындамайтын, психиканы адамның өзіне қажет нәрселерге жету мақсатында жүзеге асыратын іс-әрекеттерінің, мінез-құлықтарының жиынтығы деп көрсететін ғылыми бағыт.
Бюрократия – қатаң да дәл ережелер мен үлгілер арқылы реттелетін қызметтер мен биліктің бөлінісіне негізделген қызметтер мен рольдердің иерархиясынан тұратын әлеуметтік құрылым.
Бюрократия — іс-әрекеттері мен жауапкершіліктері айқындалып, бір-бірінен формальды кұкықтары мен міндеттері арқылы ажыратылып иерархия құратын ресми адамдардан, лауазымы мен қызмет орындарынан құрылатын ұйым.
Конвергенция ілімі – капиталистік және социалистік қоғамдардың біртіндеп, біте қайнасып, бір біріне сіңісуін уағыздайтын бағыт.
Натурализм (французша: naturalіsme, латынша: natura – табиғат) – философияда табиғатты барлық нәрсенің түп негізі, тану мен түсіндірудің әмбебап принципі ретінде қарастыратын философиялық бағыт. Материалистік философияда табиғаттан жоғары тұрған ештеңе жоқ деп саналатындықтан, адам санасы, рухани құбылыстар түгелдей табиғаттың өзіндік қасиеті немесе оның дамуының заңды нәтижесі есебінде түсіндіріледі. Натурализмнің идеалистік-философия тармақтарында діни көзқарас жоққа шығарылмайды және табиғатқа жандану (гилозоизм, панпсихизм) немесе рухтану (пантеизм) іштей тән деп есептеледі.
Позитивизм (франц. posіtіvіsme — оңды, дұрыс, нақтылы) — нағыз ақиқат ғылымның жеке салаларында ғана пайда болып, қалыптасатын, философиялық зерттеулердің ешқандай танымдық құны жоқ деген тезиске сүйенетінфилософиялық бағыт.

3-тақырып. Әлеуметтену
Әлеуметтік бейімделу – (социальная адаптация) адамның немесе топтың өз қажеттілігіне сәйкес жаңа әлеуметтік ортаны белсенді түрінен игеруінен және әлеуметтік жүйедегі өз орнын ауыстыруынан көрінеді.
Адам – жер бетіндегі тірі организмдердің дамуының ең жоғарғы сатысы, қоғамдық тарихи және мәдени субъект. Адам табиғаты біртұтас биоәлеуметтік жүйе болып табылады.
Агрессияиндивидтің, не топтың басқа бір индивидке, не топқа іштей жау болуы, іс-әрекеттің дұшпандық типі. Агрессия басқаларға физикалық және моральдық жағынан зиян келтіруге бағытталған формада байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет