Әлеуметтену — индивидттің өз тобының нормаларын игеру барысында өзіндік «менінің» қалыптасуы арқылы оның бірегей тұлғасы көрінетін процесс.
Әлеуметтік ғадет – (социальное поведение) адамдардың субъективті мінездемелерінен және іс-қимылдарынан, әлеуметтік белсенділіктерінің нәтижесінен көрінетін әлеуметтік ортаның сипаттамасы. Әлеуметтік ғадеттің негізгі түрлері: еңбектік, өндірістік, ұйымдық, функционалдық, демографиялық, экономикалық, қоғамға жат т.б.
Әлеуметтік ереже – адамдардың мінез-құлқын және олардың топтағы қарым – қатынасын реттейтін тарихи қалыптасқан әдет.
Әлеуметтік қарым-қатынастар — әлеуметтік субъектілердің қоғамдағы жағдайы мен қоғамдық роліне байланысты туатын, олардың өзара қатынас, қызметін білдіретін, салыстырмалы түрде анықталатын тәуелсіз, ерекше қарым-қатынастардың бір түрі.
Әлеуметтік мәртебе – көпшілік мойындаған құндылықтар жүйесі тұрғысынан қарағандағы қоғамдағы әр түрлі объектілердің, құбылыстардың әлеуметтік маңыздылығына берілетін баға.
Әлеуметтік орта – адамдардың қалыптасуына, өмір сүруіне, дамуына және қызмет етуіне қоғамдық жағдай туғызатын адамды қоршаған нақты әлеуметтік әлем.
Әлеуметтік роль – белгілі бір әлеуметтік бағытты ұстанған жеке адам ғадетінің, мінез-құлқының, тәртібінің жүйелі ресми үлгісі.
Әлеуметтік статус — әлеуметтік топтар мен оның өкілдерінің қоғамдағы, әлеуметтік байланыстар мен қатынастар жүйесіндегі орнын көрсетеді. Әлеуметтік статус бедел,билік сияқты ұғымдар арқылы анықталады.
Әлеуметтік ымыра – (социальный компромисс) өзара әсер етуші әлеуметтік топтардың өзара келісі арқылы әлеуметтік қарама-қайшылықтарды, келіспеушіліктерді, дауларды шешу.
Бейімделу — бұрын қалыптасқан нормалар мен құндылықтар жаңа ортаның қажеттіліктерін өтеп, қолайлы тәртіп жасай алмаған кезде индивидтер мен топтардың жаңа мәдени нормаларды, құндылықтарды, іс-әрекет үлгілерін қабылдауы.
Қол жететін мәртебе — индивидтермен айналысып оларды жеке таңдауы, қажыр-қайраты және басқа да индивидтермен бәсекеде нығая түсетін әлеуметтік бағыт.