Глоссарий абсолют



Pdf көрінісі
бет11/19
Дата27.05.2022
өлшемі492,82 Kb.
#35749
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19
НЕОТОМИЗМ,
Фома Аквинскийдің
 іліміне негізделген католик шіркеуінің 
философиялық қағидасы, қазіргі заманғы философияның басты бағыттарының 
бірі. Неотомизмді папа Лев ХІІІ (1879) 
христиандық
қағидаларға сәйкес 
келетін бірден-бір ақиқат 
философия
 ретінде мойындады. Неотомизм – қазіргі 
объективті 
идеализмнің
діни формасы. Неотомистер ең жоғары шындық 
ретінде “таза болмысты” мойындайды, ол – рухани, құдайлық бастау. Олар 
үшін 
онтологияның
негізгі категориялары “құдай” мен “әлем”. ОЙЛАУ-
объективті шындықты белсенді бейнелеудің жоғарғы формасы, 
дүниені тану
 
мен игерудің жоғарғы сатысы, тұлғаның танымдық әрекеті. Ойлау формалары 
мен құрылымдарында адамзаттың бүкіл танымдық және тарихи-әлеуметтік 
тәжірибесі, материалдық және рухани мәдениеті дамуының басты нәтижелері 
қорытылып, бекемделген.
ОБЪЕКТ-зат, іс әрекетке бағытталған. Субъектінің танымдық және өзге де 
қызметі бағытталған. Әмбебап объектісі табиғат, қоғам мен адам болып 
табылады.
ОНТОЛОГИЯ - (онтос - болмыс)болмыс туралы ілім, әлемдегі заттардың 
фундаменталды мәні (мысалы, саналылар бар ма) табиғаты айқындаумен 
айналысатын философияның (және метафизиканың) бөлімі.Жалпылық 
негізін, болмыс принциптерін, оның құрылымы мен заңдылықтарын 
қарастырады.
ОЙ ҚОРЫТЫНДЫСЫ – алғышарттар делінетін бір немесе бірнеше 
пікірлерден жаңа пікір туады да «қорытынды немесе нәтиже деп аталады), 
оның алғы шарттардан логикалық түрде қорытылып шығуының барысында 
келіп тірелетін пікір қорыту. Алғышартардан қорытындыға ауысу процесі 
логиканың белгілі бір ережесі бойынша жүзеге асады.О.қ. – ның 
алғышарттары мен қорытындыларының өзара шектелуі және оның 
құрылымынң айқындалуы ой қорытындысының логикалық анализін құрайды. 
ОЙ ТҰЖЫРЫМЫ - берілген бір немесе бірнеше өзара байланысты 
пайымдардан жаңа пайым қорытып шығаратын ойлау формасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет