Глоссарий Абулия



бет2/2
Дата26.12.2023
өлшемі136,5 Kb.
#144428
1   2
Байланысты:
Психология 0

Спорт психологиясы - жарыс және жаттығу жағдайларында адам
психикасының дамуы мен қалыптасуын және топтық өзара әрекеттестіктің
заңдылықтарын зерттейтін психология ғылымының бағыты.
Стресс - адамның шамадан тыс зорлануы, кез келген күшті әсерден
адамда пайда болатын психофизиологиялық күй. Стресс ұғымын 1936 жылы
канадалық физиолог Г.Селье енгізді.
Сублимация - аффектілік елігулер энергиясын әлеуметтік қарекет пен
мәдени шығармашылдық мақсаттарына өзгерту және сол бағытқа бұру болып
шығатын психикалық процесс.
Сурдопсихология – есту қабілеті бұзылған адамдардың психикалық дамуын,
оқыту мен тәрбиелеу жағдайында бұл дамуды желтіру мүмкіндіктерін зерттейді.
Табандылық - адамның алған бетiнен қайтпай, көздеген мақсатына
қайткен күнде де жетудi көздеуде көрiнедi. Ол қажымай-талмай әрекет етiп, осы
жолда небiр қиыншылыққа төзiп, оларды жеңiп отырады. Мұндай адамның ерiк
күшi қиыншылыққа қарсы батыл күрес үстiнде одан сайын нығая түседi.
Талант - арнайы қабілеттердің дамуының биік деңгейі, бір әрекетті
шығармашылықпен орындау мүмкіншілігін қамтамасыз ететін қабілеттердің
ерекше қиысып келуі.
Тахистоскоп - лабораториялық экперименттік зерттеу әдісінде, зейіннің
көлемін анықтау үшін қолданылатын аспап.
Тәртiптiлiк - адамның өз қимыл-қозғалысын, ойы мен тiлегiн әр уақытта
ұжымның ырқына бағындыра алу қабiлетi. Адамның тәртiптiлiгi оның
жинақтылығымен, iс-әрекеттiң жоспарлығымен тығыз байланысты.
Тежелу - белсенді, қозумен ажырағысыз байланысты, жүйке
орталықтары немесе жұмысшы органдары қызметін кідіртуге апарып
соғатын процесс. Жүйке орталықтарына қатыстылар орталық тежелу,
екіншілері перифериялық тежелу деп аталады. Перифериялық тежелуді
кезбе жүйкені ырғақты тітіркендіру кезінде жүректің кідірлететінін
анықтаған ағайынды Эр. және Эд. Веберлер 1840 жылы ашты. Орталық
тежелуді 1863 жылы И.М.Сеченов ашты.
Темперамент – жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен, туындайтын
адамның жеке өзгешеліктерінің бірі. Темперамент организмнің физиологиялық өзгешеліктерімен, әсіресе, жоғары жүйке қызметінің тума қасиеттерімен шарттас психикалық құбылыс. Жоғары жүйке қызмет типтерінің күшіне, тепе-теңдігіне және қозғалғыштық ерекшеліктеріне сәйкес темпераменттің төрт түрі сипатталады. Олар: холерик, сангвиник, флегматик, меланхолик.
Тестілер - жеке тұлғаның даралық психологиялық қасиеттерін, сондай-ақ білімін, білігі мен машығын салыстырмалы шамалармен өлшеуге арналған
стандартталған тапсырмалар, психологиялық диагностиканың негізгі әдістерінің бірі.
Тифлопсихология - соқыр және нашар көретін адамдардың психикалық
дамуын, оқыту мен тәрбиелеу кезінде оны түзетудің жолдары мен әдістерін зерттейтін арнаулы психология саласы.
Толеранттық - қайсыбір жағымсыз факторға жауап әрекеттің болмауы не бәсеңсуі, оның әсеріне сезгіштіктің төмендеуінің нәтижесі.
Тоқтамға келгiштiк - адамның небiр қиын-қыстау кезеңдерiнде қажеттi шешiмдерге келiп, оны жүзеге асыруда қабiлетiнiң болуы. Тез тоқтамға келу үшiн адам асығып аптықпайды. Бұл әрбiр iстi ой таразысына салуды қажет ететiн қасиет.
Топ – іс-әрекетті бірге орындау процесінде бірлескен адамдар қауымдастығының әлеуметтік типі. Топтың мөлшері бойынша: үлкен, кіші топтар болып бөлінеді. Топтың даму деңгелері- ассоциация, корпорация, ұжым.
Топтың түрлері: ресми, бейресми, нақты, шартты, диффузиялық, референттік топтар болып келеді.
Тұрмыстық психология - күнделікгі тәжірибеде жиналған білімдерге негізделуі және мәселенің дұрыс шешімін тез табуға мүмкіндік беретін интуицияның барлығы.
Түзеу психологиясы - құқық бұзушыларды көбіне еңбекпен түзеу мекемелерінде түзеу мен қайта тәрбиелеудің жағдайлары мен ерекшеліктерін зерттейді.
Түйсік - сыртқы дүние заттар мен құбылыстарының жеке қасиеттерінің сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болған мидағы бейнелер.
Түрткі - субъектінің өмір сүру жағдайы ықпалымен қалыптасатын және оның белсенділігінің бағыттылығын анықтайтын әрекетті туғызушы. Түрткі - адамды түрлі іс-әрекетке итермелейтін себеп.
Уақытты қабылдау - бірізділікті, жылдамдық ұзақтылығын санада бейнелейтін шынайы құбылыстар.
Ұстамдылық - адамның оқыс қимыл-қозғалыстан, орынсыз сөйлеуден, бос күйiп-пiсуден бойын тежей алу қабiлетi. Ұстамды адам әр кез терең ойланып, iстiң тетiгiн аңғара отырып әрекет етедi. Мұндай адам өзiнiң бар күш-жiгерiн тек алдындағы мақсатын орындауға ғана арнап отырады.
Ұжым - қоғамға пайдалы ортақ мақсатқа жұмыла еңбек ететін және психологиялық тұрғыдан топтасқан адамдар тобы. Ұжым адамдардың әлеуметтік қауымдастығының ең жоғарғы формасы.
Ұмыту - меңгерген материалдың еске түсіру мен қайта жаңғыртылуы мүмкіндігінің біртіндеп кемуімен сипатталатын ес процесі. Ұмытуды ең алғаш
Г.Эббингауз зерттеп, мағынасыз вербальдық материалдың жадқа сақталуының уақытқа тәуелділігін эксперименттік тұрғыда анықтады.
Үйреншікті зейін – адамға табиғи сіңісіп кеткен, арнайы күш жұмсамай-ақ, қажеті әрі құнды болып саналатын объектіге адам санасының шоғырлануы.
Флегматик – темперамент типі, эмоциялық қозуы әлсіз, тез қызып желікпейтін, көңіл-күйі байсалды, орнықты, қозғалысы өте баяу, мінезі ауыр адам.
Фрустрация - жоспарланған ісі мен мүдделі мақсаты түрлі себептер мен кедергілерге ұшырап, істің жүзеге аспай адамның көңілінің бұзылуы, бойы ашу-ызаға кернеп, қайғыруы.
Холерик – темперамент типі, жүйке процестері күшті, қозуы тежелуінен басым, қимыл-қозғалысы шапшаң, ұстамсыз, күйгелек, тез әсерленгіш, жұмыс істеу қабілеті күшті адам.
Хроноскоп - психикалық процестің пайда болу шапшаңдығын өлшейтін аспап.
Шағын топ - сан бойынша көп емес әр түрлі іс-әрекетте жалпы біріккен және тікелей қарым-қатынаста болатын адамдар бірлестігі.
Шартты топ – адамдардың тек қағаз жүзінде ғана ұйымдасқан қауымдастығы.
Іс-әрекет - адамның ақиқат дүниемен өзара белсенді әрекеттестігінің іс жүзіндегі көрінісі.
Эгоцентризм - айналасында болып жатқан оқиғаларды елемеумен баланысты, адамның тек өз-өзіне ғана назарын аударып, барлық санасын тұрақтатуы.
Эргограф - эксперименттік лабораторияда денедегі бұлшық еттердің жұмысын тіркеп отыру үшін қолданылатын аспап.
Эйдетикалық ес - бұрын қабылдаған заттар мен құбылыстарды объекті көзден таса жағдайда да көріп тұрғандай қабылдайтын ерекше психологиялық құбылыс.
Эмоция - қоршаған ортамен қарым-қатынас негізінде пайда болатын көңіл-күй. Көңіл - адамның бойын билеп алатын эмоциялық жағдай. Эмоция жағымды, ұнамды, жағымсыз, ұнамсыз, қарапайым, күрделі болып келеді.
Эмоциялық процестердің пайда болуы вегетативтік жүйке жүйесінің қызметіне байланысты.
Эмпатия - адамның басқа адамдардың жан дүниесіннің сыры мен күйзелісін білу және оған жанашырлық білдіру қабілеттілігі. Эмпатияны алғаш американ психологі Э.Титченер ашып көрсетті.
Эстетикалық сезім - адамның шындықтағы қандай болмасын бір сұлулықты сезінуі. Бұл текті сезімдер сұлу, сымбатты, өмірге үйлесімді, әдемі көріністерді тамашалау немесе табиғаттағы, көркем-өнердегі, әсіресе, өмірдегі шынайы, әсем нәрселерден ләззат алу кездерінде байқалады.
Эстезиометр - тері түйсігінің сезгіштігін байқау үшін қолданылатын аспап.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет