Глоссарий академиялық күнтізбе



Pdf көрінісі
бет11/22
Дата19.02.2023
өлшемі403,13 Kb.
#69181
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22
Күш қолданбау саясаты – саяси, әлеуметтік мәселелерді күш қолданбай шешуге 
тырысушылық. Оны жақтаушылар ӛз жұмысында адамгершілік, жалпыхалықтық
принциптерді басшылыққа алады. 
Қоғамдық-саяси ұйымдар – халықтың белгілі бір тобының мүддесін білдіріп, 
қорғайтын, алдына қойған әлеуметтік мақсатқа жету үшін ерікті түрде мүшелікке кірген, 
оған материалдық кӛмек кӛрсететін, ӛзін-ӛзі басқаратын адамдардың бірлестігі. 
Құқықтық мемлекет – демократиялық жолмен қабылданған заң үстемдік ететін, 
оның алдында бәрі де тең саналатын, жеке адамның құқықтары жан-жақты қамтамасыз 
етілетін мемлекеттік құрылыс. Мұнда заңдар халықтың еркін білдіреді және оларды 
барлық адам, мемлекеттік органдар мен мекемелер орындауға міндетті. Билік шын 
мәнінде бӛлінеді. Олардың міндеттері мен қызметтеріне шек қойылады, ӛзара бақылау 
қамтамасыз етіледі. Адам құқығы биік дәрежеде сақталады. Атқарушы биліктің барлық 
жұмысы ашық жүргізіледі, оның жұмысы жұртшылықтың бақылауында болады. Пікір 
алуандығы кең ӛріс алады. Бұл мемлекетте адамның адамгершілік қасиеттері, борыш 
сезімі, жауапкершілігі жоғары дамиды. 
Қысымшы топтар – билік институттарына мақсатты ықпал ету арқылы ӛз 
мүдделерін қанағаттандыруға тырысқан қоғамдық бірлестіктер. Олар мемлекеттік 
органдарға идеологиялық ықпал жасаудан бастап, сатып алуға дейінгі қысым кӛрсетудің 
алуан түрлерін пайдаланады. Бұл топтар ӛз аттарынан сайлауға қатыспайды. АҚШ-та 
оларды лоббистік ұйымдар, мүдделі топтар деп, Ұлыбританияда парламент агенттері деп 
атайды. Олар кӛбінесе мүдделерінің ортақтығы негізінде және бұл топтар мен билік 
органдарының арасында байланыс болғанда пайда болады. 
Легитимдік – халықтың үстемдік етіп отырған саяси биліктімойындауы, оның 
заңдылығы мен шешімдерін растауы. Демократиялық жағдайда мемлекеттік билік 
легитимді болуы үшін, ол халықтың қалауы бойынша қалыптасуы және кӛпшіліктің 
еркіне сай орындалуы керек. Яғги, мемлекеттік биліктің иесін тура немесе жанама түрде 
белгілі бір мерзімге халық сайлайды және оның жұмысын бақылап отыруға мүмкіндік 
болуы қажет. Екншіден, мемлекеттік билік конституциялық қағидаларға сәйкес жүзеге 
асырылуы тиіс. М. Вебер легитимдіктің үш түрін кӛрсетті: 1) әдеп-ғұрып легитимдігі; 2) 
харизматикалық легитимдік; 3) ақыл-парасат, құқық легитимдігі. 
Либерализм – 1) жеке адамның саяси және экономикалық құқықтарын мақұлдап, 
мемлекеттің экономикаға араласуын шектеуге тырысатын ілім, саяси бағыт; 2) бірқатар 
елдерде орта топтың мүддесін қорғайтын либералдық партиялар. Олар нарықтық 
экономиканы, еркін бәсекелестікті, халықтың әлеуметтік қамтамасыз етілуін, 
халықаралық қауіпсіздікті және т.б. жақтайды. 
Лоббибелгілі бір заң жобаларына, қабылданатын шешімдерге ықпал ету 
мақсатында әрекет ететін ерекше саяси ұйым. Ол қысымшы топтың бір түріне жатады. 
Саяси, қоғам қайраткерлерімен жақсы қатынастар орнатып, солар арқылы үкіметтің 
табысты тапсырмаларын алуға, заң жобаларына ӛздеріне керекті ӛзгерістер жасауға және 
т.с.с. күш салады. Бұл мақсатта неше түрлі әдіс-тәсілді пайдаланады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет