Глоссарий академиялық күнтізбе



Pdf көрінісі
бет12/22
Дата19.02.2023
өлшемі403,13 Kb.
#69181
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22
Байланысты:
ГЛОССАРИЙ

Можаритарлық жүйе – сайлау нәтижесінде үміткердің округ бойынша кӛпшілік 
дауыс алуы. 
Макиавеллизм – алға қойған мақсатқа жету үшін амал-айланың қандай түрі 
болмасын пайдалану тәсілі. Оның негізін салған Италияның саясаттанушысы Н. 
Макиавелли (1469-1527) елдің басын біріктіріп, бірлігін сақтау үшін патшаларға 
жауыздық жасауға да, күш жұмсауға да кеңес береді. 
Мандат – 1) біреудің уәкілдігін куәландыратын құжат (мысалы, депутаттық мандат); 
2) қайсыбір жерде, елді мекенде елді басқару үшін берілетін құқық. 


Мәміле – дау-жанжалға қатысушы жақтардың ӛзара кешірімділік білдіріп, ымыраға 
келуі. 
Мәртебе – азаматтың, мемлекет органының, халықаралық ұйымның және т.с.с. 
құқықтық орнын білдіретін құқықтар мен міндеттер жиынтығы. 
Мемлекет – белгілі аумақ шеңберінде адамдардың, әлеуметтік топтар, таптар мен 
бірлестіктердің қатынастары мен қызметтерін ұйымдастыратын, бақылайтын қоғамның 
саяси жүйесінің негізгі элементті. Мемлекеттің ерекше ӛкімет аппараты болады. Ол бүкіл 
қоғам атынан ресми істерді жүргізуге құқылы. Оның заңдарын сол елдегі адамдардың бәрі 
де сыйлайды және орындауға тиіс. Егер орындамаса, оның ырықсыз кӛндіруге қақысы 
бар. 
Мемлекеттік билік – барлық адамдарға міндетті заңдарды шығаруға жеке- дара 
құқығы бар, заңдар мен ұйымдарды сақтау үшін ерекше күштеу аппаратына сүйенетін 
саяси биліктің түрі
Менталитет – 1) ойдың бағыты, жүйесі, ақыл шабыты, құрылымы. 2) адамның, 
топтың, таптың, халықтың дуниетанымы, ӛмірге, саястқа, билікке қатынасы. 3) рухани 
ӛмірдің ерекшелігі. 
Модернизация – қазіргі және жаңа жағдайға байланысты жаңару, ӛзгеру, икемделу. 
Сясатта саяси жуйенің, әдіс-тәсілдердің, бағдарлама, тұжырымдамалардың ӛзгеруі. Заман 
талабына сай жаңару қоғамның жылдам дамуына мүмкіндік беріп, тұрақтылығын 
қамтамасыз етеді. Ондай ӛзгерістер жасалмаса, саяси тоқырауға ұшырауға болады. 
Монархия – мемлекеттің жоғарғы билігі жеке – дара бір билеушінің қолында болып, 
ол әкеден балаға мұра ретінде қалатын түрі. Оны хан, потша, император, король, сұлтан, 
шах және т.б. деп атауы мүмкін. Монархия ӛз кезегінде абсолюттік (шексіз) және 
конституциялық болып екіге бӛлінеді. Абсолюттік монархия деп жоғарғы ӛкімет билігі 
бүтіндей, тұтыс, формальды түрде де шектелместен бір адамның қолында тұрған 
қоғамдық құрылысты айтады. Бұрын басқарудың мұндай түрі кең тараған болатын, қазір 
жоқ. Конституциялық монархияға монархтың билігі заң шығаратын билік – парламентпен 
шектеледі. Ондай елдерге Бельгия, Голландия, Дания, Жапония, Иордания, Ұлыбритания 
және т.б. елдер жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет