Глоссарий академиялық күнтізбе


Конституция – мемлекеттік және қоғамдық құрылыстың негізгі қағидаларын,  принциптерін білдіретін негізгі заң.  Конституциялық сот



Pdf көрінісі
бет10/22
Дата19.02.2023
өлшемі403,13 Kb.
#69181
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22
Конституция – мемлекеттік және қоғамдық құрылыстың негізгі қағидаларын
принциптерін білдіретін негізгі заң. 
Конституциялық сот – бірқатар елдерде конституциялық ережелердің 
бұрмаланбауын, басқа шығарылған заңдардың соған сәйкес келуін тексеретін сот органы. 
Конфедерация – ӛздерінің кейбір амал - әрекеттерін үйлестіріп, белгілі бір 
мақсаттарды (әскери, сыртқы саясаттағы және т.с.с.) жүзеге асыру үшін бірлескен 
егеменді елдер одағы. Онда жалпыодақтық азаматтық немесе ол одаққа кірген мүшелердің 
бәріне міндетті заң шығарушы билік болмайды. Оның алғаш шешімдері оған енген 
елдердің бекітуінен ӛтуі керек. Ол ӛмірде сирек кездеседі. Мысалы, ол 1848 жылға дейін 
Швейцарияда, 1778-1787 жылдары Солтүстік Америка штаттарында болды. Қазір соған 
ұқсас құрылымды Еуропалық Одақ құрмақ ойы бар. 
Конфликт – қарама-қарсы күштердің, партиялардың, кӛзқарастардың, мақсат-
мүдделердің, бір-біріне қайшы келуі. Ол ӛрістеген кезде арты шешілмес қатты дау-
жанжалға, ал саяси шиеленіс саяси дағдарысқа әкеліп соқтыруы мүмкін. 
Конфликтологияәлеуметтік дау-жанжал, шиеленістердің мәнін, табиғатын, 
зардаптарын зерттеуге, оларды алдын-ала болжауға арналған ілім. Қазіргі кезде ірі 
халықаралық, мемлекетаралық кикілжіңдерді мәмілеге келу, қабылданған міндеттерді 
ӛзара бақылау арқылы шешуге болатындығын ӛмір дәлелдеуде. 
Коррупция – 1) мемлекеттік және саяси қайраткерлерді, министрлерді, парламент 
мүшелерін, шенеуніктерді және т.б. параға сатып алу; 2) лауазымды адамдардың жеке 
басын байыту мақсатында ӛз қызметін қылмыстық жолмен пайдалануы, парақорлығы, 
сатылғыштығы. 
Кӛппартиялылық – мемлекеттік билік үшін күрес барысында бірнеше саяси 
партиялардың әр түрлі мүдделері мен пікір алалығын пайдалана отырып басқару түрі. 
Оның жағымды және жағымсыз жақтары бар. Жағымды жақтарында саяси мәселелер жан-
жақты қаралады, үкіметті тиімді жұмыс істеуге мәжбүр етеді, бюрократияның ӛрістеуіне 
тежеу салынады. Бәсекеші партияны жеңу үшін партияның ішінде керекті тәртіп 


орнатылады. Саяси күресте кездейсоқ емес, шын мәнінде талантты адамдаршығып, 
басқарушы орындарға ұсынылады. Жағымсыз жағы – ӛмірдегі кӛп мәселелерге ӛз 
партиясының тұрғысынан ғана қарауы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет