Глоссарий академиялық күнтізбе



Pdf көрінісі
бет3/22
Дата19.02.2023
өлшемі403,13 Kb.
#69181
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
ГЛОССАРИЙ

Оқу пәнінің саясаты – оқытушы пәнді оқыту барысында студентке қойылатын талап 
деңгейінің жүйесі. Талап ету жүйесі сабаққа қатысу, сбақтағы тәртіп ережесі, мадақтау 
мен жазалау жүйелеріне байланысты. 
Оқытудың кредиттік жүйесі – оқу үрдісін регламенттеу және білім кӛлемін кредит 
түрінде есепке алу шегінде білім траекториясын таңдау, жекелендіру негізінде ӛз бетінше 
білім алуды жоғарылату және білімді шығармашылық түрде игеруге бағытталған білім 
беру жүйесі. 
Оқытушының жетекшілігімен жүзеге асырылатын студенттің ӛзіндік жұмысы 
(ОСӚЖ) (Office Hours) – оқу кестесінде кӛрсетілген жәнеоқытушының педагогикалық 
жүктемесіне кіретін оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін студенттің аудиториядан 
тыс жұмысы. 
Ӛту баллы (Grade Point Average – GPA) – таңдап алынған бағдарлама бойынша 
тыңдаушының оқу жетістіктері деңгейінің орташа бағасы (кредиттердің қорытынды 
бақылау баллдарының сандық эквивалентіне кӛбейтінділері жиынтығының ағымдағы оқу 
кезеңіндегі жалпы кредит санына қатынасы). 
Үлгерімді аралық бақылау (Midterm Examination) – бекітілген академиялық 
күнтізбеге сәйкес ӛткізілетін тыңдаушының оқу жетістіктерін мерзімдік тексеру.  
Үлгерімділікті ағымдағы бақылау – оқу пәнінің әрбір тақырыбы және/немесе әрбір 
тарауы бойынша оқу пәнінің оқытушысы жүзеге асыратын тыңдаушының оқу 
жетістіктерін жүйелі тексеру. 
Іскерлік ойын – берілген ережелер бойынша кәсіби және тағы басқа тәсіл арқылы 
ойын жолымен белгілі бір нәтижелерді кӛрсететін әдіс. Іскерлік ойындар оқыту және 
зерттеу мақсаттары үшін қолданылады. 
Авторитаризм – жеке адамның билігіне негізделген, басқаруда күшке сүйенетін 
мемлекттік саяси – тәртіп. Мұнда атқарушы билік үстемдік етеді. Парламент болғанмен ол 
кеңесші оргонға айналады. Тоталитарлық тәртіппен салыстырғанда мұнда кӛпшілік 
партия, біріңғай идеология болмайды және экономика бақылауға алынбайды. Ол кӛбіне 
саяси жағдайға белсене араласатын әскер күшіне сүйенеді. Мемлекеттің сайлау органдары 
шектеледі. 
Агрессия – басқа елдердің жерін тартып алу, егемендігінен айыру немесе шектеу, 
халқын күшпен бағындыру мақсатымен қарулы шабуыл жасау. Агрессия әр түрлі болуы 
мүмкін. Мысалы, басқа елдің жеріне әскер күшімен басып кірсе тура агрессияға,қарулы 
қарақшыларды пайдаланып немесе кеңесшілер жіберіп, материалдық-техникалық кӛмек 
кӛрсетіп және т.б. жасаса, жанама агрессияға жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет