Реферат дене шынықтыру және спорт факультеті Қозғалыс ойындар оқыту әдістемесі



бет1/3
Дата12.05.2023
өлшемі34,06 Kb.
#92484
түріРеферат
  1   2   3
Байланысты:
5-6 жастағы балаларда жылдамдық пен ептілікті дамытуға арналған ашық ойындар 5 б




Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік
педагогикалық университеті



РЕФЕРАТ


Дене шынықтыру және спорт факультеті


Қозғалыс ойындар оқыту әдістемесі

Тақырыбы: 5-6 жастағы балаларда жылдамдық пен ептілікті дамытуға арналған ашық ойындар


Орындағандар: Жүрсінбек М., Тенелхан Қ.


Тобы: 1402-11-4
Қабылдаған: Тажиметова Г.

Шымкент, 2022


Жоспар:



  1. 5 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға сипаттама:



  1. Балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру:




  1. Тәрбиелеу және оқыту мазмұны:




  1. «Денсаулық» білім беру саласы:




  1. «Коммуникация» білім беру саласы:




  1. 5-6 жастағы балаларға арналған дидактикалық ойындар:




  1. 5-6 жастағы балаларға жылдамдық пен ептілікті дамытуға арналған ойындар:




  1. Қорытынды:




  1. Пайдаланылған әдебиеттер:


5 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға сипаттама:

5-6 жаста баланың денесі және психикалық дамуында бірқатар маңызды өзгерістер орын алады. Баланың дене салмағы айына шамамен 200г-ға, бойының ұзындығы 0,5 см артады. 6 жасқа қарай балалардың бойы орташа 116 см, дене салмағы 21,5 кг жетеді, кеуде қуысының шеңбері 57-58 см тең болады.


Балалардың мінез-құлықтарын реттеуде ми қабығының рөлі артады. 6 жасқа қарай балалардың қимыл-қозғалысы біршама жігерлі және нақты болып, жеңілдік пен әсемдікке ие болады.
Балалар екпінмен биіктікке және ұзындыққа сенімді секіреді, лақтыру кезінде заттарды жігерлі түрде сермейді және лақтырады. Бұл жаста қол саусақтарының қимылдарының дамығандығы соншалықты, бала өздігімен қағаздан түрлі пішіндерді – тік төртбұрыштарды, сопақшаларды, дөңгелектерді қайшымен қияды; сазбалшықтан ыдыс-аяқ, адам мен жануарлардың мүсіндерін жасап, бояу қарындаштармен және майлы бояумен еркін сурет сала алады.
Мектепке дейінгі ересек жас баланың психикалық дамуындағы біршама өзгерістермен сипатталады.
Бұл кезеңнің жаңадан пайда болған маңыздысы – албырт және өзіндік ерікті мінез-құлық. Бала өзінің мінез-құлқын үлгімен салыстыра отырып игеріп және басқара алады. Еріктілік бала психикасының дамуындағы орталық желі болады.
Тұрақты түрткілер иерархиясы құрылады. Бала өзінің нені қалайтынын біледі және өз мақсатына қол жеткізеді; оның мінез-құлқы қоршаған ортамен емес, өзіндік шешімімен анықталады, бұл өзгерістер өз көрінісін тауып психикалық дамудың барлық саласында – коммуникативті, танымдық, жігерлілік, мотивациялық салаларда айқындалады.
Ішкі психологиялық өмірі мен ішкі өзін-өзі реттеуінің қалыптасуы – танымдық салада бірқатар жаңа құрылымдардың пайда болуымен байланысты.
5-6 жаста сөздік-логикалық ойлау қабілетінің күрт дамуы байқалады. Сол арқылы балада көзге көрінбейтін заттар мен құбылыстар арасындағы байланысты түсіну қабілеті қалыптасады.
Балалардың іс-әрекеттерінің күрделенуіне және олардың қимыл-қозғалыстарына байланысты назар жалпы ақыл-ой дамуында жоғары шоғырланушылық пен тұрақтылыққа ие болады, ойынның ұзақтығы 2-сағатқа дейін артады. Ерікті есте сақтауы дамиды,балаларға тек механикалық қана емес, байыптап есте сақтау тән болады.
5-6 жаста сөздік-логикалық ойлау жеткілікті түрде дамымаған, негізгі мәнге көрнекі-бейнелік және эмоциялық есте сақтау ие болады.
Байланыстырып сөйлеу, диалогтік және монологтік сөйлеудің кейбір түрлері дамиды. Балалардың сөйлеуінде кеңейтілген сөздіктер, сондай-ақ осы жаста құрылатын сезім-түйсіктердің сипаттары да көрініс табады. Балалар жалпылама зат есімдерді, синонимдерді, антонимдерді, сын есімдерді және т.с. белсенді қолдана бастайды.
Аталған жас өзіндік сана-сезімнің қарқынды өсуімен сипатталады, мұнда өзінің «Мен»-ін оқшау, жақындарына да, достарына да қарама-қарсы қояды. Тұрмыстық жағдайлардың, қоғамдық өмірдегі оқиғалардың, ересектердің еңбектеріндегі элементтердің көріністері көрініс табатын ойын әрекеті жетекші болып қалады. Мектепте оқуға психологиялық: әлеуметтік-психологиялық, тұлғалық, зияткерлік, эмоциялық-еріктік дайындық қалыптасады.


Балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру:

Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру ойын және оқу-танымдық әрекет кезінде дербестігін тәрбиелеуге мүмкіндік береді.


Режимдік сәттер барысында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің түрлері кезінде құрбыларымен және ересектермен қарым-қатынас жасаудың мәдени мінез-құлық дағдылары қалыптасады, денсаулықты нығайту бойынша іс-шаралар кешені жүргізіледі.
Балалар ережелерімен қимылды ойындарды қолдана отырып, негізгі қимылдардың әртүрлі түрлерін жаттықтыра отырып, оларды саналы игеруге және дәл орындауға қол жеткізеді. Әртүрлі әрекет түрлерін орындау кезінде қолдардың ұсақ маторикасын дамытуға мүмкіндік береді.


Тәрбиелеу және оқыту мазмұны:

5 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеу және оқыту олардың денесін, ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық дамуын, денсаулығын нығайтуға және білімін, білігін мен дағдыларын жетілдіруге бағытталған.


Ересек топта Үлгілік оқу жоспарына сәйкес апталық оқу жүктемесі 17 сағатты құрайды, ұзақтығы 25-30 минут. Осы жастағы балаларды тәрбиелеу және оқыту мазмұнын игерту білім беру салаларын кіріктіру жолымен және заттық-дамытушылық ортаны қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады.
Мазмұнды жабдықталған заттық-кеңістіктік-дамытушы орта әр баланы жан-жақты дамытуды ұйымдастырудың негізі болып табылады және әр бала өзінің ұнайтын ісімен айналысатындай етіп ұйымдастырылуы тиіс. Құрал-жабдықтарды бөлімдер бойынша орналастыру балаларға шағын топтармен ортақ мүдделеріне қарай (құрастыру, сурет, театрландырылған ойын әрекеті, эксперимент) бірігуге мүмкіндік береді.
Бөлімдер танымдық әрекетті белсендіретін материалдармен жабдықталуы тиіс: дамытушы ойындар, техникалық құрылғылар мен ойыншықтар,үлгілер, тәжірибелік-зерттеу жұмысына қажетті заттар– магниттер, ұлғайтқыш әйнектер, серіппелер, таразылар, қолдан ойыншықтар жасауға арналған табиғи материалдар.
Балаларды сауаттылықты меңгеруге ынталандыратын, әлеуметтік мүдделері мен танымдық белсенділігін дамытуға ықпал ететін материалдар кеңінен қолданылады.
«Денсаулық» білім беру саласы:

Балабақшада мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың өмірін ұйымдастыру олардың маңызды әлеуметтік қажеттіліктерін ескере отырып құрылады, балалардың гигиена саласындағы түсініктері мен біліктері бекітіледі және тереңдетіледі.


Тәрбиешінің міндеті – мәдени-гигиеналық дағдылардың қалыптасуына ықпал ету, балаларды мәдени-гиеналық ережелерді қызығушылықпен орындауға ынталандыру. Құнды гигиеналық дағдыларды нығайтуда мақал-мәтелдер, тақпақтар қолданады. Балаларды гигиеналық мәдениетке тәрбиелеу бойынша жұмысты тәрбиеші отбасымен тығыз байланыста жүзеге асырады.
Бағдарламада жүру, жүгіру, секіру, лақтыру,еңбектеу, өрмелеу, тепе-теңдікті сақтау, сапқа тұрудың түрлерінде қимылдарды үйрету қарастырылған.
Педагог әр негізгі қимыл түрін 2-3 ұйымдастырылған оқу қызметінде балаларға меңгерту үшін күрделі элементтерді орындау барысында үйретудің тәсілдерін және ұйымдастыру формасын ауыстырып отырады.


«Коммуникация» білім беру саласы:

Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың тілінің дамуына енжар лексика есебінен кеңейтілетін бай сөздік қор тән болып келеді. Балалардың көпшілігінде тілдің грамматикалық құрылымы қалыптасқан және олар біртіндеп мәтіннің грамматикасын меңгере бастайды (сөйлемдерді байланыстыратын құралдарды қолданады; мәтін құрастыруда кіріспе және қорытынды сөйлемді құрастыра алады).


Педагог белсенді сөйлеуді, қарым-қатынасты, тілді меңгеру үлгілерін игертуге жағдай жасайды. Баланы мектепке дайындаудың қажеттігін ескере отырып, фонематикалық естуін және дыбысты дұрыс айтуын, қолдың ұсақ моторикасын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.
Аталған жастың ерекшелігі-шығармашылық әрекетті дербес талқылауға, бағалауға деген ұмтылыс, еліктеушілік.
Балалар адамгершілік, табиғат, жануарлар, құрдастары туралы тақырыптарға арналған түрлі жанрдағы шығармаларды мұқият тыңдайды және талқылайды. Шытырман оқиғалы және ғылыми-танымдық әдебиетке қызығушылық танытады. Оқиғаларды ойдан құрастыра алады, ауыспалы мағынадағы сөздерді түсінеді және қолданады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет