Күш қолданбау саясаты – саяси, əлеуметтік мəселелерді күш қолданбай шешуге
тырысушылық. Оны жақтаушылар өз жұмысында адамгершілік, жалпыхалықтық
принциптерді басшылыққа алады.
Қоғамдық-саяси ұйымдар – халықтың белгілі бір тобының мүддесін білдіріп,
қорғайтын, алдына қойған əлеуметтік мақсатқа жету үшін ерікті түрде мүшелікке кірген,
оған материалдық көмек көрсететін, өзін-өзі басқаратын адамдардың бірлестігі.
Құқықтық мемлекет – демократиялық жолмен қабылданған заң үстемдік ететін,
оның алдында бəрі де тең саналатын, жеке адамның құқықтары жан-жақты қамтамасыз
етілетін мемлекеттік құрылыс. Мұнда заңдар халықтың еркін білдіреді жəне оларды
барлық адам, мемлекеттік органдар мен мекемелер орындауға міндетті. Билік шын
мəнінде бөлінеді. Олардың міндеттері мен қызметтеріне шек қойылады, өзара бақылау
қамтамасыз етіледі. Адам құқығы биік дəрежеде сақталады. Атқарушы биліктің барлық
жұмысы ашық жүргізіледі, оның жұмысы жұртшылықтың бақылауында болады. Пікір
алуандығы кең өріс алады. Бұл мемлекетте адамның адамгершілік қасиеттері, борыш
сезімі, жауапкершілігі жоғары дамиды.
Қысымшы топтар – билік институттарына мақсатты ықпал ету арқылы өз
мүдделерін қанағаттандыруға тырысқан қоғамдық бірлестіктер. Олар мемлекеттік
органдарға идеологиялық ықпал жасаудан бастап, сатып алуға дейінгі қысым көрсетудің
алуан түрлерін пайдаланады. Бұл топтар өз аттарынан сайлауға қатыспайды. АҚШ-та
оларды лоббистік ұйымдар, мүдделі топтар деп, Ұлыбританияда парламент агенттері
деп атайды. Олар көбінесе мүдделерінің ортақтығы негізінде жəне бұл топтар мен билік
органдарының арасында байланыс болғанда пайда болады.
Легитимдік – халықтың үстемдік етіп отырған саяси биліктімойындауы, оның
заңдылығы мен шешімдерін растауы. Демократиялық жағдайда мемлекеттік билік
легитимді болуы үшін, ол халықтың қалауы бойынша қалыптасуы жəне көпшіліктің
еркіне сай орындалуы керек. Яғги, мемлекеттік биліктің иесін тура немесе жанама түрде
белгілі бір мерзімге халық сайлайды жəне оның жұмысын бақылап отыруға мүмкіндік
болуы қажет. Екншіден, мемлекеттік билік конституциялық қағидаларға сəйкес жүзеге
асырылуы тиіс. М. Вебер легитимдіктің үш түрін көрсетті: 1) əдеп-ғұрып легитимдігі; 2)
харизматикалық легитимдік; 3) ақыл-парасат, құқық легитимдігі.
Либерализм – 1) жеке адамның саяси жəне экономикалық құқықтарын мақұлдап,
мемлекеттің экономикаға араласуын шектеуге тырысатын ілім, саяси бағыт; 2) бірқатар
елдерде орта топтың мүддесін қорғайтын либералдық партиялар. Олар нарықтық
экономиканы, еркін бəсекелестікті, халықтың əлеуметтік қамтамасыз етілуін,
халықаралық қауіпсіздікті жəне т.б. жақтайды.
Лобби – белгілі бір заң жобаларына, қабылданатын шешімдерге ықпал ету
мақсатында əрекет ететін ерекше саяси ұйым. Ол қысымшы топтың бір түріне жатады.
Саяси, қоғам қайраткерлерімен жақсы қатынастар орнатып, солар арқылы үкіметтің
табысты тапсырмаларын алуға, заң жобаларына өздеріне керекті өзгерістер жасауға
жəне т.с.с. күш салады. Бұл мақсатта неше түрлі əдіс-тəсілді пайдаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |