бұрмаланбауын, басқа шығарылған заңдардың соған сəйкес келуін тексеретін сот
мақсаттарды (əскери, сыртқы саясаттағы жəне т.с.с.) жүзеге асыру үшін бірлескен
егеменді елдер одағы. Онда жалпыодақтық азаматтық немесе ол одаққа кірген
мүшелердің бəріне міндетті заң шығарушы билік болмайды. Оның алғаш шешімдері
оған енген елдердің бекітуінен өтуі керек. Ол өмірде сирек кездеседі. Мысалы, ол 1848
жылға дейін Швейцарияда, 1778-1787 жылдары Солтүстік Америка штаттарында болды.
Қазір соған ұқсас құрылымды Еуропалық Одақ құрмақ ойы бар.
Конфликт – қарама-қарсы күштердің, партиялардың, көзқарастардың, мақсат-
мүдделердің, бір-біріне қайшы келуі. Ол өрістеген кезде арты шешілмес қатты дау-
жанжалға, ал саяси шиеленіс саяси дағдарысқа əкеліп соқтыруы мүмкін.
Конфликтология – əлеуметтік дау-жанжал, шиеленістердің мəнін, табиғатын,
зардаптарын зерттеуге, оларды алдын-ала болжауға арналған ілім. Қазіргі кезде ірі
халықаралық, мемлекетаралық кикілжіңдерді мəмілеге келу, қабылданған міндеттерді
өзара бақылау арқылы шешуге болатындығын өмір дəлелдеуде.
Коррупция – 1) мемлекеттік жəне саяси қайраткерлерді, министрлерді, парламент
мүшелерін, шенеуніктерді жəне т.б. параға сатып алу; 2) лауазымды адамдардың жеке
басын байыту мақсатында өз қызметін қылмыстық жолмен пайдалануы, парақорлығы,
сатылғыштығы.
Көппартиялылық – мемлекеттік билік үшін күрес барысында бірнеше саяси
партиялардың əр түрлі мүдделері мен пікір алалығын пайдалана отырып басқару түрі.
Оның жағымды жəне жағымсыз жақтары бар. Жағымды жақтарында саяси мəселелер
жан-жақты қаралады, үкіметті тиімді жұмыс істеуге мəжбүр етеді, бюрократияның
өрістеуіне тежеу салынады. Бəсекеші партияны жеңу үшін партияның ішінде керекті
тəртіп орнатылады. Саяси күресте кездейсоқ емес, шын мəнінде талантты
адамдаршығып, басқарушы орындарға ұсынылады. Жағымсыз жағы – өмірдегі көп
мəселелерге өз партиясының тұрғысынан ғана қарауы.
Достарыңызбен бөлісу: