Глоссарий академиялық күнтізбе



Pdf көрінісі
бет35/42
Дата02.05.2022
өлшемі319,68 Kb.
#33045
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   42
Саяси институттар – құрылысы жағынан ұйымдасқан, бір орталыққа бағынатын, 

ерекше өкілдіктерге ие, атқарушы аппараты бар саяси мекеме. Мысалы, оған мемлекет, 

саяси  партиялар,  кəсіподақтар,  кооперативтік,  жастар,  əйелдер  т.с.с.  ұйымдар  мен 

бірлестіктер жатады. Бұл ұйымдардың бəрі таптық, топтық, ұлттық, жыныстық, кəсіби, 

жас мөлшеріне қарай жəне т.т. байланысты пайда болатын көптеген əлеуметтік мақсат-

мүдделерді білдіріп, қорғау үшін құрылады. 



Саяси  мəдениет  –  өкімет  пен  азаматтардың  өзара  қатынастарына  байланысты 

тарихи  қалыптасқан  саяси  нұсқаулар,  қазыналар,  адамның  өзін-өзі  ұстауы  жөніндегі 

жарлық, қаулылар жүйесі. Ол қоғамдағы саяси өмірдің барлық салаларын қамтиды. Оған 

ең  алдымен  саяси  сананың  мəдениеті,  адамдардың,  топтардың,  ұлттардың  өзін-өзі 

мəдени  ұстай  білуі,  осы  жүйенің  шеңберінде  жұмыс  істейтін  саяси  мекемелердің 

мəдениеті кіреді. 



Саяси партия – мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға 

бағытталған, ортақ мүдде негізінде құралған адамдардың ерікті одағы. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет