Глоссарий академиялық күнтізбе



Pdf көрінісі
бет37/42
Дата02.05.2022
өлшемі319,68 Kb.
#33045
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42
Байланысты:
ГЛОССАРИЙ

Сыртқы саясат – мемлекеттің дүниежүзілік дəрежеде жүргізген саясаты. 

Теократия  –  діни  билік  те,  азаматтар  билігі  де  бір  адамының  қолында  болатын 

мемлекеттік  басқарудың  түрі.  Мысалға,  Мұхаммед  пайғамбарды  келтіруге  болады. 

Қазір жоққа тəн. Тек ирандық аятолла Хомейнидің жəне одан кейінгі басшылықты оған 

қосуға болады. 



Терроризм  –  саяси  себептермен  жеке  адамдарды,    көпшілікті  қорқыту,  жазалау 

мақсаттарындағы  қылмыстық  əрекет.  Ол  жеке  адамдарға,  ұйымдарға,  мемлекеттік 

институттарға  немесе  оның  өкілдеріне  қарсы  бағытталуы  мүмкін.  Мысалы,  жеке 

адамдарға қарсы Ресейде патша үкіметі кезінде халықшылдардың “қастандық” бағыты 

террорлық  əрекеттер  жасады.  Ал  жаппай  көпшілікке  қарсы  мұндай  саясатты  Израйль 

басып алған араб жерлерінде жүргізуде. 



Тиран – 1) Ежелгі Грецияда, Ежелгі Италияда өкіметті күшпен басып алған адам; 

2) жендет, рақымсыз, қатал, мейірімсіз билеу-ші; 3) қысымшы, езуші адам. 



Толеранттық  –  басқалардың  пікіріне,  сеніміне,  тəртібіне  шыдамдылық  көрсету, 

саясатта  алуан  пікірлікті,  оппозицияны  кең  мағынасында  жұмыс  істеуіне  мүмкіндік 

беруді, олардың ой-пікірлеріне түсіністікпен қарауды білдіреді. 

Тоталитаризм  –  əрбір  азаматтың,  қоғам  өмірінің  барлық  саласы  мемлекет 

тарапынан  толық  бақылауға  алынған  мемлекеттік-саяси  құрылыстың  түрі.  Онда  бір 

партия,  идеология  үстемдік  етеді.  Мұндай  тəртіпте  өндіріс,  экономика,  бұқаралық 

ақпарат құралдары, білім, мəдениет, адамдардың жеке өмірі жəне т.б. тегіс бақыланады. 

Азаматтардың, конституциялық ұйымдардың жұмыстарына тыйым салынады, жазалау, 

қуғын-сүргін күшейеді, террорлық-полициялық бақылау орнайды. 



Тұлға  –  қоғамдық  өмірдің  нақтылы-тарихи  жағдайы  қалыптастырған,  саналы  іс-

əрекет  ете  алатын,  өзінің  жүріс-тұрысына  жауап  беретін,  еңбек  етіп,  қарым-қатынас 

жасаушы, айналадағыны танып-білуші жеке адам. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет