Халықаралық қатынастар – халықтар, мемлекеттер, мемлекеттік жүйелер
арасындағы дүниежүзілік деңгейде жүргізілетін саяси, экономикалық, құқықтық,
демократиялық, əскери, мəдени байланыстар жəне оларды іске асырушы əлеуметтік,
экономикалық, саяси күштер мен ұйымдардың өзара қатынастарының жиынтығы.
Хартия – 1) жекелеген мемлекеттік немесе халықаралық жарғылар. Мысалы,
Еркіндіктің Ұлы хартиясы. Кейде бұлай деп саяси қозғалыстың негізгі талаптары
жарияланған құжаттарды да айтады; 2) ескі қолжазбалық құжат.
Достарыңызбен бөлісу: |