Глоссарий акмеология кәсіби шеберлік шыңына жетудің жолдарын, оның заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Айтылым



бет1/5
Дата27.01.2023
өлшемі27,12 Kb.
#63229
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Глоссарий Қайруллаев Нұртілек


Қайруллаев Нұртілек ҚТӘ-33 тобы
ГЛОССАРИЙ
1.Акмеология - кәсіби шеберлік шыңына жетудің жолдарын, оның заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
2.Айтылым - санамен қабылданатын сыртқы дүниенің әсерін ауызша сөйлеу арқылы жарыққа шығаратын, қатысымдық бірліктерді қамтитын күрделі сөйлесім әрекеті.
3.Байланыстырушылық қызмет тілдік қатынасты жүзеге асырушылардың бір-бірімен пікір алмасуынан, бірінің айтқан ойын екіншісінің жалғастырып, сабақтастырып отыруынан көрінеді. Мұнда негізгі қызмет атқаратын - хабарды жеткізетін бірліктер. Ол баяншы мен қабылдаушыны өзара байланыстырады және тілдік қатынастың түсінікті болуын қамтамасыз етеді.
4.Бағалау - іс-әрекеттердің (оқыту/үйрету, оқу/үйрену) алдын-ала жоспарланған нәтижелерімен салыстырғанда өсу мен дамудың (жетістіктердің) деңгейлері туралы қорытынды жасау.
5.Біліктілік - белгілі бір кәсіптік кызмет саласын атқаруға дайындық деңгейі бар адам. Кәсіпті тиісті дәрежеде игеру дағдысы.
6.Баяншы - сыртқы обьективтік әсерді, өмірді сезінуден, пайымдаудан туған санадағы ойды түрлі тілдік амал-құралдардың, бірліктердің көмегімен екінші біреуге баяндауды, хабарлауды жүзеге асыру үшін тілдік байланысқа қатысушы, тілдік қарым-қатынасқа түсуші.
7.Бейресми тілдесім - оқушыларды ресми емес, күнделікті тұрмыс-тіршілікте кездесетін, адаммен қарапайым қарым-қатынастың элементтерін білуге үйрету. Бұл - өмірде болатын кез-келген жағдайда таныс болсын, бейтаныс болсын ұшырасқан адаммен тілдесе білу, сөйлесе білу деген сөз.
8.Бірліктер - хабарлаушыдан шыққан дерек туралы басқа адамның санасында ұғым тудыратын, оған ақпараттың түсінікті болуын қамтамасыз ететін, адамдар арасындағы қарым-қатынасқа байланысшы ретінде қызмет атқаратын қатысымдық бірліктер.
9.Диалог - екі жақтың сөз арқылы ауызша немесе жазбаша қарым-қатынасы.
10.Диктант - жазба жұмыстың бір түрі, мәтінді қабылдай отырып жазба түріне түсіру. Оқушылар диктант жазу барысында алдымен мәтінді тыңдап алып, өзгеріссіз не болмаса мұғалім ұйымдастырған тапсырмаларды ішінара өзгертулерлермен мәтінді дәптеріне жазады. Диктант - қабылданған мәтінді қатесіз жазу.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет