Глоссарий акмеология кәсіби шеберлік шыңына жетудің жолдарын, оның заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Айтылым



бет2/5
Дата27.01.2023
өлшемі27,12 Kb.
#63229
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Глоссарий Қайруллаев Нұртілек

11.Дербестік тілдесім - адамның қызметіне, беделіне, әлеуметтік орнына қарамай, жеке басының қасиеттеріне карай, өзіне тән барлық ерекшеліктерін ескере отырып, тілдесу, сөйлесу. Бұл - кісінің жеке адамшылығын, білгірлігін, ақылдылығын танып, оны үйрене білумен қатар жүреді.
12.Дидактика - барлық ғылым пен пәндерге ортақ білім беру мен оқыту теориясы.
13.Жазылым - тілдік бірліктердің графикалык, фонемалық жүйесіне негізделген; лингвистикалық, психологиялық, физиологиялық, әдістемелік ерекшеліктерге қатысты тілдік материалдың мазмұны мен формасын бірдей қамтитын, адамдардың ұзақ мерзімдегі қарым-қатынасына мүмкіндік жасайтын күрделі тарихи әрекет.
14.Жоспарлау - белгілі бір мақсатқа жету жолында қойылатын міндеттер.
15.Жанама тілдесім - тіл үйренуші мен үйретушінің бірін-бірі көрмей-ақ, берілген тапсырмаларды орындап, қажетті жұмыстарды атқару арқылы қарым-қатынаста болуы. Мұнда адамдар тікелей сөйлеспейді, аралық амал-құралдар арқылы жанама тілдік қатынаста болады.
16.Интербелсенді оқу/оқыту - таным әрекетін ұйымдастырудың арнаулы әдістемесі.
17.Кәсіптік білім - белгілі бір жүйеде кәсіп бойынша алынған білім, білік және дағды жиынтығы және оны тиісті кәсіптік ортада пайдалана білудің ережелер мен нормалар тәртібі.
18.Кәсіптік оқыту - оқушы мен оқытушының кәсіп бойынша ғылыми-әдістемелік ілімді игеру мен кәсіптік білік, дағды қалыптастыруда бірлескен іс-әрекеті.
19.Конструктивтік (құрастырылған) білім - іздену, тану және ой-толғау яғни үйренушінің өзіндік белсенді әрекеті негізінде жинақталған білім.
20.Компилляция. Компиляция өзінің баяндамасы, шығармасында өзінің пікірінсіз, талдаусыз біреудің жұмысын өзгертпей пайдалану, бұл оқу әрекетіндегі үлкен кемшілік болып есептеледі.
21.Көрнекілік. Көрнекілік - оқыту процесінде көрнекі құралдарды пайлалану сабақтың тиімділігін арттырады. Көрнекілікті қолданудың негізгі мақсаты - игерілетін материалдың мазмұнын айқындай түсу, оны оқушылардың санасына берік қалдыруға мүмкіндік жасау. Көрнекі құрал мұғалімнің оны орынды қолдана білгенде ғана тиімді болады. К. кескінделген және экранды-дыбыстық болып екіге бөлінеді. Кескінделген көрнекі оқу кұралдарына кесте, сызба-сұлба, фото-сурет, оқиғалы картиналар, үлестірме дидактикалық кеспе қағазы т.б. жатады. Экранды-дыбыстық құралдарға кинофильм, диафильм, диапозитив, фоеохрестоматиялар, таспа жазулары, күйтабақтар, графопроекторға арналған транспоранттар, элестронды оқулықтар мен электронды оқу құралдары жатады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет