Ақпарат – басқарылатын жүйенің жай-күйін сипаттайтын, сондай-ақ оны дамыту мен жақсарту үшін қолданылатын пайдалы мағлұматтар, деректер, мәліметтер жиынтығы.
Аттестациялау – білім беру қызметкерлерінің мамандығының, педагогикалық кәсібилігі мен іс-әрекеті деңгейлерінің жалпы бағасы.
Ағымдағы жоспар – жалпы мектептік жоспарды нақтылау үшін оқу тоқсанына жасалған жоспар.
Акмеология (грек. акме - жоғары деңгей) –адамның кемелденуін, әсіресе даму барысында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізу заңдылықтары мен механизмін зерттейтін ғылым.
Аксиология (грек. құндылық) – адамның, топтың, ұжымның, қоғамның мәдени, рухани, материалдық, адамгершілік, психологиялық құндылықтары туралы ілім.
Басқару – мектеп ішіндегі психологиялық, ұйымдастырушылық және әдістемелік процестер мен қатынастарды саналы түрде реттеу.
Басқару әдістері — менеджменттің мақсатына жету жолдары, негізгі функцияларын жүзеге асыру тәсілдері.
Білім - табиғат пен қоғам туралы әрбір ғылым саласында жинақталған фактілер, ұғымдар, заңдылықтар жүйесі.
Білім беру – қоғам мүшелерінің адамгершілік, ителлектуалдық, мәдени және дене дамуы мен кәсіби біліктілігінің жоғары деңгейіне қол жеткізуді мақсат ететін үздіксіз тәрбиелеу процесі.
Білім беру мазмұны – оқушыларды жан–жақты дамыту, ақыл–ойын, танымдық қызығушылығынқалыптастыру, еңбекке дайындау үшін белгілі типтегі мектепте оқытылатын білім мен біліктер жүйесі.
Білім берудің материалдық теориясы – оқытудың мақсаты ғылымның әр түрлі салаларынан оқушыларға кең көлемде білім беру. Бұл теорияны Я.А.Коменский жақтаған.