Глоссарий Ақпарат


Педагогикалық басқару теориясы



бет4/5
Дата17.10.2023
өлшемі24,86 Kb.
#116815
1   2   3   4   5
Байланысты:
глоссарий

Педагогикалық басқару теориясы – мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар жүйесі, ұжымдар мен жеке адамдар жүзеге асыратын тәрбие мен оқыту процестерін басқару туралы білімдер.

Педагогикалық ақпараттар – басқару нысаны туралы мәліметтер.

Перспективалық жоспарбес жылға құрылады, осы уақыт аралығындағы басты мәселелік міндетерді шешуге бағытталады.

Педагогикалық кеңес - мектептің барлық іс-әрекетін басқаратын тұрақты орган.

Педагогикалық процесс – ұстаздардың белсенді араласуымен және басшылығымен жүретін, оқушылардың мәдени байлықтарды меңгеруге және оларды еңбекке, қоғамдық өмірге дайындаудағы бірлескен іс–әрекеттер. «Педагогикалық процесс» терминін енгізген П.Ф.Каптерев (ХІХ ғ. екінші жартысы).

Педагогикалық мониторинг – компьютерлік технологияны қолдану нәтижесінде педагогикалық процестің барысын, нәтижесін, тиімділігін үздіксіз және ұзақ байқау арқылы алынған мәліметтерді жинау және өңдеу.

Педагогикалық менеджмент – оқу–тәрбие және оқу–танымдық процестің тиімділігін арттыруға бағытталған, оны басқарудың принциптері, әдістері, формалары мен технологиялық құралдарының кешені.

Педагогикалық менеджмент принциптері — менеджмент субьектісінің басқарылушы субьектілермен (обьектілермен) қарым-қатынасына қойылатын негізгі талаптар

Педагогикалық кикілжің — оқу-тәрбие үрдісіне қатысушылардың арасында кәсіби және өзара қарым-қатынаста туатын кикілжің, шиеленіскен қайшылық түрінде көрінеді.

Профильдік оқыту – оқушылардың қызығушылығы мен қабілеттілігін, педагогикалық ұжымның мүмкіндігін ескере отырып, жоғары сатыда профильдік білім беру.

Сызықтық бағдарлама – тақырыптар бірін бірі жалғастырып, оқу материалында қайталау болмайды.

Тактикалы ақпарат – оқушылармен жүргізілетін жұмыс формалары туралы ақпарат.

Ұжым – (лат. «коллективус» - топ, жиын) көзделген мақсатқа жету жолында ұйымшылдық пен мақсаттылық іс-әрекетімен сипатталатын адамдардың тұрақты тобы.

Функция (лат. function — орындау) — басқарушы жүйеден басқару процестерін ұйымдастыру мен мақсатқа бағытталуын талап ететін басқарушы жүйе мен басқарылушы обьектінің арасындағы қатынас.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет