Глоссарий арнайы білім



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата10.03.2023
өлшемі345,75 Kb.
#73179
1   2   3   4
Кәсіби диагностика – бойындағы психикалық және дене кемістігін 
ескере отырып, балалардың еңбек қызметінің немесе кәсіптің дағдыларын 
меңгеру мен орындауға әлеуметтік мүмкіндіктерін анықтау. 
Уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі уәкілетті орган) – 
азаматтардың денсаулығын сақтау, білім беру, халықты әлеуметтік қорғау 
саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы органдар. 
Инклюзив (лат.includio кірістіремін, қосамын) — адресат сөзінің 1-жақ 
көпше есімдікке қатыстылығын білдіретін есімдік формасы. Мысалы, 
сенімен біз, біз сенімен. Инклюзив тілдерде әр түрлі жолмен жасалуы мүмкін 
Инклюзиябұл тек білім алу ғана емес, сонымен бірге адамды өмір 
қатарына ергізу құрылғысы деп түсінуіміз керек. Инклюзивті үрдіс мектепке 
дейінгі және мектептегі ортада басталады, бұл уақытта өсіп дамуында 
ерекшелігі бар балалар мен қалыпты балалар бірі-бірімен қарым-қатынас 
жасауға үйреніп, бірге әлеуметтік дағдыларды иемденеді. 
Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалып 
білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. 
Инклюзивті оқыту негізінде балалар құқығын кемсітпеу, барлық адамдарға 
деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге 
ерекше оқыту қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру 
идеологиясы жатыр. 
Инклюзивті оқыту – оқушылардың тең құқығын анықтайды және 
ұжым іс – әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді. 
Инклюзивті оқыту – адамдармен қарым – қатынасына қажетті 
қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. 
Инклюзивтік білім беру – барлық балаларды жалпы білім үрдісіне 
толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, 


жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата – 
аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу – педагогикалық және 
әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, қоршаған ортаның балаларды жас 
ерекшеліктеріне және білімдік қажеттіліктеріне бейімделулеріне жағдай 
қалыптастыру, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға 
бағытталған мемлекеттік саясат. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет