Дербестік – жеке адамның өзіне ғана тән ерекшелігі.
Дүниетаным – адамдар мен табиғатқа, жалпы құндылықтарға, моральдық нормаға тұлғаның жалпы қатынасын білдіретін негізгі сенім, қалып, таным немесе қоғам мүшелерімен ортақ көзқарас қалыптастырып, қоршаған ортамен қатынас қалыптастырудағы негізгі өлшем.
Дүниетаным - дүниеге деген нақты тарихи маңызы бар көзқарастың, табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарына, өмірдің әлеуметтік-экономикалық құрлысына, адамның белсенді өмір көзқарастарын айқындайтын, қоғамдық-саяси қатынастар жүйесіне қатысты ғылыми негізделген сенімдердің органикалық бірлігі, тұтастығы.
Дидактика (грек тілінен аударғанда Didaktikas - зерттеу бойынша, didasko - зерттеуші) - балалар мен ересектерді оқыту міндеттері мен оның мазмұнын ашатын, білімді, іскерлікті және дағдыны меңгеру процесін суреттейтін, оқытуды ұйымдастыру ұстанымдарын, әдістерін, формаларын сипаттайтын, оқыту мен білім беру мәселелерін қарастыратын педагогиканың кұрамдас бөлігі.
Жоғары мектеп оқытушысы - арнайы даярлығы бар және педагогикалык іс-әрекетпен айналысатын кәсіби адам.
Жоғары білім - үздіксіз кәсіби білім жүйесінің бір баспалдағы, кәсіби білім алуға мүмкіндік беретін және көлемді білімге, бакалаврға арналған стандартты білім.
Кәсiптiк бағдар - бiлiм алушының кәсiптiк қызығушылықтарына, жеке қабiлеттерi мен психикалық-физиологиялық ерекшелiктерiне сәйкес бiлiм беру және кәсiптiк мүмкiндiктер саласында, мамандық пен оқитын орнын еркiн және саналы таңдау құқықтарын iске асыруына ақпараттар мен консультациялық көмек беру.
Кәсіби біліктілік- жұмысшы дайындығының нақты қызық түріндегі күнделіліктің және еңбек қызметін орындаудың белгіленген деңгейінің кәсіби дәрежесі. Кәсіби біліктіліккөрсеткіші, жұмысшының берілген мамандығы мінездемесінің нормативтері мен мамандану ұғымының сәйкес келуі.
Квалификация(біліктілік)термині екі мағынаны білдіреді. 1.Квалификация қызмет етушінің, жұмыстың белгілі бір түрін атқаруына рұқсат ететін, құжат арқылы куәландырылған білім деңгейі мен кәсіби даярлығын көрсетеді. 2. Қызметкердің кәсіби қызмет аясын анықтайтын құжатпен бекітілген және үздіксіз білім беру жүйесінде көп өзгермейтін мамандығы.