Глоссарий әдіснама



бет5/7
Дата12.05.2023
өлшемі23,24 Kb.
#92047
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
глоссарий

Кешендi тестiлеу - ақпараттық технологиялар қолданылып, бiрнеше оқу пәндерi бойынша бiр мезгiлде өткiзiлетiн емтихан нысаны.
Коллоквиум – латын тілінің - «collocuium» сөзінен шыққан сөйлеу, әңгіме жүргізу деген мағынаны береді. Бұл білім деңгейін айқындау үшін педагог пен студент арасында әңгіме жүзінде өтетін оқытудың бір түрі. Коллоквиумның қызметі - бақылай отырып оқыту.
Кредиттiк оқыту технологиясы - бiлiм алушының және оқытушының оқу жұмысының көлемiн өлшеудiң сәйкестендiрiлген бiрлiгi ретiнде кредиттi пайдалана отырып, бiлiм алушылардың пәндердi оқып зерделеу дәйектiлiгiн таңдауы және дербес жоспарлауы негiзiндегi оқыту.
Қашықтықтан бiлiм беру технологиясы - бiлiм алушы мен педагог қызметкердiң жанама (алыстан) немесе толық емес жанама өзара iс-қимылы кезiнде ақпараттық және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту.
Құзыреттілік - 1) білім мен дағдысы арқылы мәселені өз бетінше шеше алуға мүмкіндігі бар жеке тұлға; 2) теориялық, танымдық және тәжірибелі іскерлігін меңгеру дәрежесін анықтайтын тұлғаның білімділік деңгейі.
Креатив – әдеттен тыс идеяларды тудыру қабілеттілігі, мәселелік жағдайларды тез, нәтижелі шешу.
Құндылық – танымның, белгілі бір объектінің адам үшін, топ ұшін, қоғам үшін қасиетті деп танылуы. Құндылық объектінің адам үшін қаншалықты маңыздылығын айқындайды.
Магистр - 1) Көне Римдегі, кейінірек Еуропада кейбір зайырлы және діни мекемелердегі қызмет адамы; 2) бірқатар елдердегі жоғары оқу орындарында берілетін, бакалавр мен ғылым докторы аралығындағы ғылыми дәреже. Университет немесе университет дәрежесіндегі оқу орнын бітірген, 1-2 жыл қосымша оқу курсынан өтіп, арнайы емтихандар тапсырған және магистрлік диссертация қорғағандарға беріледі. Революцияға дейінгі XIX-XX ғғ. Ресейдегі төмен ғылыми дәреже болып табылады. Көптеген мемлекеттерде бұл дәреже университетті бітіріп, магистрлік диссертациядан кейін беріледі. Қазақстанда мұндай дәреже XX ғасырдың 90 жылдарында пайда бола бастады.
Мамандық - сәйкес маманданған теориялық және тәжірибелік даярлық негізінде іске асырылатын еңбек әрекетінің түрі. Кәсіби қызмет базасымен салыстырғанда, кәсіптік әрекет неғұрлым тар сипатта және оның шегінде аз орнықты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет