Дидактика - педагогиканың маңызды саласы. Дидактика (didaktikas - оқытушы, didasko -оқушы) ұғымы грек тiлiнен алынған, оқыту немесе үйрету деген сөз.
Бұл ұғымды чех педагогы Я. А. Коменский пайдаланып, 1657 жылы өзiнiң ''Ұлы дидактика'' еңбегiн жарыққа шығарды. Оның ойы бойынша, дидактика ''ненi оқыту'' жəне ''қалай оқыту керек'' деген сұрақтарға жауап бередi. Қазiргi түсiнiк бойынша, дидактика - бiлiм беру мен оқыту мəселелерiн зерттейтiн ғылым саласы. Ол оқыту теориясы деп те аталады. Дидактиканың зерттеу пəнi – оқыту мен оқудың себептерi, барысы, нəтижелерi.
Дидактика педагогиканың жалпы категорияларын (тəрбие, педагогтiк iс-əрекет, бiлiм беру) пайдаланады. Сонымен қатар дидактиканың өз категориялары да бар: бiлiм беру, оқыту, оқу, оқыту принциптерi, оқыту процесi, мақсаты, мiндеттерi, мазмұны, түрлерi, əдiстерi, құралдары, оқытудың нəтижесi.
Принцип (латын сөзi) - басшылыққа алатын идея, негiзгi талап, қағида. Дидактикалық принциптер - оқытудың мазмұнын, ұйымдастыру түрлерiн, əдiстерiн оқытудың мақсаты мен заңдылықтарына сай анықтайтын қағидалар жүйесi. Оқыту принциптерi дидактиканың категорияларына жатады.
Оқыту принциптері - мұғалім мен оқушылардың жұмысын реттеп отыратын ережелер. Сондықтан ол барлық пәндерді оқытқанда қолданылады. Оқыту принциптерінің жүйесін тұңғыш ұсынған Я.А.Каменский. Ол адам табиғаттың бір бөлігі болғандықтан, оқыту да табиғат пен адам тәуелді болатын заңдарға байланысты екенін дәлелдейді. Сондықтан оның пікірінше, оқытудық ең басты принципі - табиғатқа сай болу принципі. И.Г.Песталоцци оқытудың көрнекілік принципін ерекше бағалап, оны логикалық ойлауды дамытатын маңызды құрал деп санаған. К.Д.Ушинский оқытудық халықтық сипатына баса назар аударып, оқытудың принциптерін психологиялық тұрғыдан қараған. Ы.Алтынсарин оқыту ережелерін қазақ мектептеріндегі білім берудің ерекшеліктеріне байланысты қолдану керектігін айтқан.
Ғылымилық принципi.
Оқытудың ғылымилық принципiне орай оқушыларға ғылыми бiлiмдер мен ғылыми əдiстердi меңгерту керек. Бұл принциптiң астарында жатқан заңдылықтар: дүниенi танып бiлуге болады, адам өмiрiнде ғылымның рөлi күннен күнге өсуде, оқытудың ғылымилығы оқытудың мазмұны жəне мұғалiмнiң iс-əрекетi арқылы жүзеге асады. Мысалы, педагог ғылым жаңалықтарын адам үшiн қызмет ететiнiн түсiндiре отырып, оқушыларда дүниеге диалектикалық, ғылыми-материалистiк көзқарас қалыптастырады.