Глоссарий сыбайлас жемқорлық



Дата18.10.2022
өлшемі12,78 Kb.
#43741
Байланысты:
Глоссарий 6


ГЛОССАРИЙ
Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттік құрылымдардағы қоғамдық,саяси тұлғалардың өз мүмкіндіктерін жеке мүдделері үшін пайдалануы және жоғарыдағы тұлғаларды жеке игіліктер үшін параға сатып алу.
Құқық бұзушылық — қоғамға зиян келтіретін және заң бойынша жазаланатын қоғамға қарсы әрекет.
Қазақстан Республикасының Үкіметі — Қазақстан Республикасында жоғары атқарушы билiк органы, Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды.
Жұртшылық – бір-бірімен өзара тікелей қарым-қатынас жасамаса да белгілі бір ортақ мүдде жолында біріккен, алайда ресми түрде ұйымдаспаған топ, көпшілік қауым.
Қоғамдық бірлестіктер (ағыл. social unions/associations; нем. gesellschaftliche Vereinigungf) - Саяси партиялар, кәсіптік одақтар және азаматтардың заңдарға қайшы келмейтін, өздерінін ортақ мақсаттарына жету үшін ерікті негізде құрған басқа да бірлестіктер.
Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ, ағылш. Mass media) — арнайы техникалық құралдардың көмегімен, кез келген тұлғаларға әртүрлі мәліметтерді ашық жариялауға арналған әлеуметтік мекемелер.
Заңды тұлға – заң бойынша азаматтық құқықтар мен міндеттердің субъектісі болып табылатын кәсіпорын‚ мекеме‚ ұйым‚ фирма, т.б.
Ғылыми-зерттеу жұмыстары (ҒЗЖ) – қол жеткен білімдерді кеңейту және жаңа білімдер алу, ғылыми топшылауларды тексеру, табиғат пен қоғамда көрініс табатын заңдылықтарды анықтау, жобаларды ғылыми тұрғыда жинақтап қорытындылау, ғылымды негіздеу мақсатындағы зерттеулер, тәжірибелер жүргізумен, ғылыми ізденістермен байланысты ғылым сипаттағы жұмыстар, талдамалар.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет