Сүзгіш қабаты бар реактор – колонна, оның ішінде қатты кеуекті материалдың кеуек немесе гранулалар қабатын ұстап тұратын горизонтальды немесе көлбеу торлар орналасқан. Қабат арқылы сұйықты жібереді. Сүзгіш қабаты бар реакторлар идеалды ығыстыруға жақын тәртіпте жұмыс істейді, олар аз қарқынды. Қалықтаған қатты зат қабаты бар реакторлар толық араласуға жақын тәртіпте үздіксіз жұмыс істейді. Қатты және сұйық фазалар тығыздықтар айырмасы аз болса және қатты бөлшектер өлшемдері кішірек кезде, фонтанданушы қабатты реакторларды қолдануға болады.