Глюкокортикоидтар белоктың алмасуына да әсер етеді. Глюкокортикоидтардың май алмасуына әсер етуі қан плазмасында май қышқылы концентрациясын арттырады.
Глюкокортикоидтар белоктың алмасуына да әсер етеді. Глюкокортикоидтардың май алмасуына әсер етуі қан плазмасында май қышқылы концентрациясын арттырады.
Глюкокортикоидтар тұз қышқылының секрециясын реттейді. Глюкокортикоидтардың бүйрек үсті безінің қабығында пайда болуын аденогипофиздің АКТГ реттейді.
БҮЙРЕК ҮСТІ БЕЗІНІҢ МИЛЫ ҚЫРТЫСЫНЫҢ ГОРМОНДАРЫ.
Бүйрек үсті безінің милы қыртысы катехоламиндер; адреналин мен норадреналиндерді өндіріп шығарады. гормоналды секрецияның 80% адреналиннің үлесіне, 20%-норадреналинге бөлінеді.
Адреналин мен норадреналин секрециясы тирозиннің аминқышқылынан ромаффинді клеткаларында жүзеге асады.
Адреналин көмірсу алмасуына әсер етіп, бауыр мен бұлшық етте гликогенді күшейтіп, нәтижесінде қан плазмасында глюкозаның құрамы жоғарылайды. Адреналин липолизді белсендіреді. Катехоламиндер термогенезді белсендіруге қатысады.
Адреналин мен норадреналиннің әрекет етуі альфа мен бета- адренорецепторына негізделген, яғни фармакологиялық бөлімдерге а1-а2, бета1-бета2-рецепторларына бөлінген.
Адреналин мен норадреналиннің әрекет етуі альфа мен бета- адренорецепторына негізделген, яғни фармакологиялық бөлімдерге а1-а2, бета1-бета2-рецепторларына бөлінген.
Катехоламиндер секрециясының шамадан тыс көп болуы бүйрек үсті безінің хромаффинді заттардың ісігі-феохромоцитомада білінеді. Оның біліну белгілеріне жататындар: күре тамыр қысымының жоғарылауы, жүректің ұстамалы тез соғуы, ентікпе
ЖЫНЫС БЕЗДЕРІ
Жыныс бездері немесе еркектердің ұрықтары (аталық жұмыртқа) және әйелдердің аналық жұмыртқалары аралас секреция бездеріне жатады.
Еркектің және әйелдің жыныс гормондарының секрет шығару процесін және олардың қанға бөлінуін ішкі секреторлық функция атқарады. Аталық ұрықтар сияқты аналық жұмыртқалар да еркек және әйел гормондарын синтездейді, бірак ер адамдарда – андрогендер, ал әйелдерде экстрогендер. Жыныс гормондарының жыныс мүшелерінің өсіп дамуына, екінші жыныс белгілерінің білінуіне әсері мол, сондай-ақ адам мінез-құлқын мен жыныстық жағынан пісіп жетілуін анықтайды. Әйел организмінде жыныстық гормондар етеккір циклын реттейді, сонымен қатар жүктіліктің қалыпты жағдайда өтуін қамтамасыз етеді және сүт бездерінің сүтті бөлуіне дайындайды.