Гормондар жоспары


ЕРКЕКТІҢ ЖЫНЫС ГОРМОНДАРЫ /АНДРОГЕНДЕР/



бет11/13
Дата01.03.2023
өлшемі1,49 Mb.
#70986
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
биохим 1 сроп

ЕРКЕКТІҢ ЖЫНЫС ГОРМОНДАРЫ /АНДРОГЕНДЕР/

  • Аталық жұмыртқанаң интерстициальді клеткасы /лейдиг клеткасы/ еркектің жыныс гормондарын өндіреді. Олар белгілі бір көлемде еркектердің және әйелдердің бүйрек үсті безінің маңайында, сонымен қатар әйердердің аналық безінің сыртқы қабатында өндіріледі. Барлық жыныс гормондары стероидтар болып табылады, және холестеринде синтезделеді. Андрогендердің ішіндегі негізгісі тестостерон болып табылады. Тестостерон бауырда бүлінеді, ал оның метаболиттері зәрде 17-кетостероид түрінде кездеседі. Тестостеронның концентрациясы қанның құрамында күн сайын тербелісте болады. Таңғы сағат 7-9 аралығында барынша көп деңгейде, сағат 24-тен 3-ке дейін барынша аз деңгейде байқалады

ӘЙЕЛДІҢ ЖЫНЫС ГОРМОНДАРЫ

  • Бұл гормондар әйелдің жыныс безі – аналық безде, жүктілік кезде- баланың жолдасында, сондай-ақ еркектің ұрығындағы Сертиоли клеткасында болады. Аналық бездің фолликулы экстрогендердің синтезін жүзеге асырады, аналық бездің сары денесінде прогестерон өндіріледі.
  • Экстрогендерге эстрон, эстрадиол мен эстриол жатады. Эстрадиолдың физиологиялық белсінділігі жоғары. Экстрогендер әйелдің бірінші және екінші жыныс белгілерінің дамуын реттейді. Олардың әсерімен аналық без, жатыр, жатыр түтігі, қынап пен сыртқы жыныс органдары өсіп жітеледі. Сонымен қатар экстрогендер сүйек қаңқасының өсіп, тез пісіп жетілуіне әсер етеді. Олардың сүйектің шеміршегіне әсер етуіне байланысты сүйектің өсуін баяулатады. Экстрогендер әйелдің дене мүсіні үшін майдың жинақталып және оның бөлінуін арттырады, сонымен қатар әйел типіне байланысты шаштың шығуына мүмкіндік жасайды. Экстрогендер азот, су, тұзды қалыпты жағдайда ұстап тұрады.

ПЛАЦЕНТА

  • Баланың орны- жүктілік кезде пайда болатын орган. Ол ана организмі мен ұрықты байланыстырады, яғни оттегімен және нәрлік заттармен қоректенуді реттейді. Сонымен қатар баланың жолдасы ұрықты зиянды заттардан қорғайды.
  • Жүктіліктің 16-шы аптасында аналық бездегі сары дене болмайды. Ол бала организмін прогестерон, эстроген, хорионалды гонадотропин, хорионалды соматотронин, хорионалды тиреотропин, аденокортикотропты гормон, окситоцин, релаксин гормондарымен қамтамасыз етеді.
  • Жүктіліктің қалыпты жағдайда өтуі үшін бала жолдасындағы гормондардың маңызы зор. Кең зерттелгені хорионалды гонадотропин. Ол өзінің физиологиялық қасиеттерімен гипофиздің гонадотропиндеріне ұқсас. Гормон ұрықтың өсіп жетілу үшін, сонымен қатар ананың зат алмасуы үшін, яғни ана бойындағы су мен тұзды реттеп, организмнің ауруды қабылдамайтын механизмін арттырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет