Сабақтың тақырыбы: «Зат есімнің 1 жіктелуі»
Сабақтың мақсаты: Латын тіліндегі зат есіммен танысу
а) білімділік: Білім алушыларға химия ғылымының құпиясы мен қызығы мол екенін жеткізе отырып,ойын элементтері арқылы қосымша мағлұмат беру
ә) тәрбиелілік: Өздігінен ізденуге, ұйымшылдыққа баулу, топтасып жұмыс істеуге тәрбиелеу
б)дамытушылық: танымдық, есте сақтау қабілеттерін дамыту
Сабақтың барысы Студенттерге жалпы білуге қажетті маңызды фактірлері, алфавитті , клиникалықмедицинадағы маңызын үйрету;
Сабақтың міндеті: Латын тілінің медициналық терминологиядағы қолданылуымен таныстыру;
Зат есім , септіктерді жаттау, көпше және жекеше түрдегі сөздермен танысу, грамматика, фонетика, морфологиясын үйрету
Күтілетін нәтиже: Пәндік: жіктік жалғаулы сөз жіктеуінің 1 ші түрін, сөз тектерін меңгеру, үнемі тек бір тектегі қызметінде жұмсалатынын ұғындыру;
Тұлғалық: Зат есімнің жіктелуінің мәнді белгілерін ажырата білу дағдыларын қалыптастыру; зат есімнің жіктелу үлгісі көрсетілген кесте арқылы зат есімдерді жекеше, көпше түрде жіктеп жазуға үйрету;
Дәріс Сөйлемде кім?(quis?) не?(quid?) деген сұрақтарға жауап беріп, заттық мағанада жұмсалатын сөздерді зат есімдер дейміз. Зат деген ұғымға күнделікті өмірде кездесетін әдеттегі заттар ғана емес, сонымен бірге табиғат пен қоғамда ұшырасатын әр алуан құбылыстар мен оқиғалардың атаулары, ұғымдар мен түсініктер де енеді.
Латын тілінде зат есімнің келесі грамматикалық категориялары бар: тегі (род), көптелуі (число), септелуі (падеж)
Үш тегі (genus): genus feminīnum – женский род (f), genus masculīnum – мужской род (m), genus neutrum – средний род (n).
Genus masculīnumге еркек текті адамдар мен жан-жанурлардан басқа, желдердің, айлардың және өзендердің атаулары жатады: cōnsul консул, rēx патша,Cupīdō Купидон,Līps оңтүстік-батыс жел, Etēsiaeпассaт желі, Aprīlis сәуір;
Genus feminīnumге әйелдер мен ұрғашы жан-жануарлардың аттарынан басқа, көбіне ағаштар атаулары, қалалардың, елдердің, аралдардың атаулары: uxorжұбай,soror әпке, socrus ене, anus кемпір, laurus лавр, fāgus бук, Corinthus Коринф, Aegyptus Египет, Rhodus Родос;
Genus neutrumге септелмейтін зат есімдер жатады: pondō фунт,gummi камедь.
Екі көптелуі (numerus): жекеше түрі – singulāris және көпше түрі -plurālis.
Алты септеуі (casus):
Мысалы: Ave, magistra! Сәлеметсіз бе, ұстаз! Қазіргі кезде Vocatīvus септеуі украйн, белорусь, грек тілдерінде сақталған (сынку, друже, Галю). Латын тілінде Vocatīvus ІІ септеуден басқа септеулерде Nominatīvus-пен сәйкес келеді.
Латын тілінде зат есімдер бес түрлі жолмен септеледі. Септелудің түрі ілік септігінің жекеше түрінің жалғауы арқылы анықталады. Сондықтан зат есімдердің сөздікте ілік септігінің жекеше түрінің жалғауы міндетті түрде беріледі.
1-септеудің Gen. Sing. - ae 2-септеудің Gen. Sing. – i 3-септеудің Gen. Sing. – is 4-септеудің Gen. Sing. – us 5-септеудің Gen. Sing. – ei