Грамматика және оның салалары. Негізгі грамматикалық ұғымдар



бет50/50
Дата20.04.2023
өлшемі156,19 Kb.
#84943
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50
Күшейткіш демеуліктер

Күшейткіш демеуліктердің қатарына – ақ, -ау, -ай, әсіресе, да/де, та/те шылаулары жатады. Күшейткіш демеуліктері сөйлемге, айтылған ойға күшейту мәнін қосу үшін қолданылады. Өлеңге әркімнің –ақ бар таласы (Абай).Жарасбай әсіресе, мол шығынмен, әупіріммен орнында қалды (Әуезов).


-ақ демеулігі – тілде жиі қолданылатын шылаулардың бірі. Бұл шылау өзіне қатысты, яғни есім сөздерге, үстеу сөздерге тіркесіп, олардың мағынасын күшейту немесе ой екпінін түсіру үшін жұмсалады. Күшті –ақ екен, жарықтық! (Жароков). Сүйемін туған тілді, анам тілін, Бесікте жатқанымда-ақ берген білім (Торайғыров).
-ай демеулігі адамның әр түрлі көңіл-күйін білдіру үшін қолданылады, көбіне аяу, таңырқау мәнінде қолданылады. –ай демеулігі зат есім мен сын есімдерге тіркесіп, оқшау сөз ретінде қызмет атқарады. Сары алтын, сопы меруерт, қарағым-ай (Ақан Сері).Таласпа, жаным-ай, қолыңнан келмеске (Абай). Жамандар өтірікші өсегі көп, Ел-жұрттың іріткі салар арасында-ай! (Сүйінбай).
-ау демеулігі есім сөздермен, етістік, одағай сөздермен тіркесіп, қуану, ренжу, күйіну мағыналарын үстейді. Қалай апарамыз, қарағым-ау, біздің қолымыздан не келеді (Мүсірепов). Құдай-ау, қайда сол жылдар, Махаббат қызық мол жылдар?! (Абай).
Әсіресе демеулігі сөйлемге күшейткіш мағына үстейді. Әсіресе қолқабыс ететін адамдарыңызға риза болдым (Мүсірепов). Әсіресе өзінің атын ататтырғысы келмейтін сияқты (Сонда).
да/де, та/те демеуліктері өзі тіркескен сөздерге күшейту мәнін қосу үшін қолданылады. Бағың өскенше, тілеуіңді ел де тілейді, өзің де тілейсің... (Абай). Арманын да, азабын да, қуаныш, қайғысын да әнге сыйдыра білген, айналайын елім-ай (Мақатаев). Жылататын да, жұбататын да – сөз (Момышұлы).

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет