Өгей қала. Өгей жұрт. Өгей бәрі,
Өгей дүние өгейсіп қарайды әні, –
Көше толы сенделген тірі өліктер,
Сары орыстың кездігі сорайғалы,
Өгей дүние. Өгей жұрт. Өгей бәрі
[5],
– деп басталған өлең «Өгей дүние. Өгей жұрт. Өгей бәрі..»
деп аяқталады. Бір шумақта «өгей» сөзін сегіз рет қай
-
талаған ақын осы сөзге ерекше мән берген. Бұл өз елінде
өгей баланың күйін кешкен, қазақ халқының шынайы бей
-
несі еді. Жас шыбықтары қыршынынан қиылып жатқанда,
қолдан келер дәрмені болмай, жоғары жаққа жәутеңдеген
қазақтың аянышты күйі сол қалпында шынайы бейне
-
ленді. Ақын айтса айтқандай, оқиға басып-жаншылған
соң, оған қатысушылардың барлығы да қара тізімге алы
-
нып, қуғын-сүргінге ұшырады. Отаршыл империя алаңда
болғандардың өршіл рухын қарумен, күшпен езіп-шаншы
-
ды. Бірақ ХХ ғасырдың соңғы ширегіндегі «орыстардың»
ойранын ашық жазған мұндай өлеңдерді баспа бетіне шы
-
ғару мүмкін болмағандықтан осы жыр жолдары авторы
-
мен бірге біраз уақыт қараңғы қапаста бұлқынып бақты.
Еліміз тәуелсіздік алған соң, Желтоқсан шындығына жан
бітірген шығармалар оқырманына қарай бет түзеді.
Қазақ біткеннің өзге ұлттардың жертөлесін жалдап тұра
-
тындығы егемендік алғанымызға 20 жыл болса да жойы
-
ла қойған жоқ. Ал ХХ ғасырдың сексенінші жылдарында
қазақтардың жертөлелерді ғана мекен еткенін Б.Шарахым
-
байдың «Тиіп кетсең едені сықырлаған, Жеркепеде жатыр
-
мын үн шығармай» деген жолдары және бір еске салады.
«Қоқсық пенен бықсыққа» араласқан қаланың сүреңсіз
тіршілігін көрген табиғат ананың өзі мұңға батып, бұл сұм
-
дықты қара жердің өзі көтере алмай белі қайқаңдады:
Қала жатыр қансырап кіндігінен,
Жеті күнде жерініп тірлігінен.
Кекке уланған кеудесі керіс тарта,
Қақ жартысы басының сынды білем.
106
Қопарылып кеудемнен мұң құлады,
Мың сан ойдан миым да мыңғырады.
Қабырғасы сөгіліп қара жердің,
Шыңырауда бір шындық шыңғырады...
[5]
Қазақстанның астанасында болған бұл сұмдық қаланы
ғана емес, қазақ халқын қансыратқаны белгілі. «Ғұмыр
-
намам жазылып жатыр менің, Желтоқсанның қып-қызыл
қаныменен» деген сөзді Желтоқсан оқиғасының зардабын
тартқан адам ғана айта алса керек. Бір жылдан кейін жа
-
зылған «Желтоқсан» өлеңінде ақынның бір жылға созыл
-
ған сұрақ-жауап, тергеуден жүйкесі тозып, шаршағанын
байқаймыз:
Қасиетті Ерлік пен шуақты Арман,
Рухымды кайтып бер құлап қалған.
Құтқара гөр кеудемді –
Тәңірімді,
Шақша басты дал қылған сұрақтардан
[5].
Осылайша тірі пенделерден көмек болмасын білген
ол бір Алладан «Жебей көр, болсаң Құдай! Азаттықты
аңсаған менің демім» деп, медет сұрайды. «Азаттықты
аңсаған менің демім, Бітетін де шығар-ау дәл осылай!»
деп күйзелгенмен, жауынгер халықтың өр ұланы басына
қандай қиыншылық түссе де, мойымайды. Азаттық пен
бостандық жолындағы бұл күреспен мақтанған ол «Жер
бетінің үстін бір шаң қылармын. Қазағымды сөйтіп бір
бар қыламын!» деген өршілдік рух танытады. «Мен жас
-
тарға сенемін» деп М.Жұмабаев айтқандай, қазақ халқы
-
ның рухы күшті жастары 1986 жылы бостандық, азаттық
үшін күреске шыққанын, ол күрестің нәтижелі болғанын
қазақ ақындары соңғы жиырма жыл бередірнде айтып та,
жазып та келе жатыр. Ақын «Желтоқсанның 17-сі қандай
күн? немесе ұлым Елдардың сұрағына жауап» атты өлең-
эссесінде жыл сайын алаңға барып, құрбандарға тағзым
етіп гүл шоғын қоюдың дәстүрге айналып келе жатқанын
айта отырып, сол күннің қандай күн екенін бүгінгі жас
107
ұрпаққа түсіндірудің қажет екеніне көңіл аударады. Ақын
17-Желтоқсанды:
Достарыңызбен бөлісу: |