Гулжахан Орда indd



Pdf көрінісі
бет19/55
Дата25.09.2023
өлшемі1,68 Mb.
#110204
түріБағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   55
55
Повесть.
ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың 
басындағы қазақ повестері де дамудың жаңа үрдісі
-
нен табыла білді. Бұл жылдары Қ.Исабаев, Т.Әбдіков, 
Т.Нұрмағамбетов, Ж.Ахмади, К.Сегізбаев, Ә.Асқар, 
М.Ысқақбай, Н.Ақыш, А.Алтай сынды жазушылар қа
-
зақ повестерін тың шығармалармен байытып, жаңа та
-
быстарға қол жеткізді. 
М.Ысқақбайдың «Ғашық боп көрмеген келіншек» 
(1991) повесінде балалы-шағалы жандардың курортта 
демалып жатып бірі-біріне өлердей ғашық болып қалған 
хикаясына кезігеміз. 
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ повестерінің ішіндегі 
шоқтықты шығарманың бiрi – Ә.Асқардың «Өр Алтай 
мен қайтейiн биiгiңдi» повесі (1997). Ш.Мұртазаның «Ро
-
манға бергiсiз повесть» деп бағалаған шығармасындағы 
негізгі оқиға жүз үйлі «Раздольное» совхозының орнында 
«өрт тиген қамыстай селдіреп қалған» жеті үйдің тыныс-
тіршілігі арқылы ХХ ғасырдың тоқсаныншы жылдарын
-
дағы күллі қазақ ауылдарының көркем бейнесі жасал
-
ған. Бір ауылдағы кеңсе, мектеп, дүкен, дәрігерлік пункт 
сынды халыққа қызмет көрсету орталықтарының түгел
-
дей жабылуы – тоқсаныншы жылдардағы Қазақстанның 
экономикалық құлдырауының жарқын мысалы. Кеңестік 
жүйе ыдырап, колхоз, совхоздардың бәрі тарап, қоғам 
мүлкі жекешелене бастаған тұста жаңа қоғамға үрке қа
-
раған ауыл тұрғындарының мүшкіл халі Қазақстанның 
түкпір-түкпірінде жатқан барша ауылдарына ортақ жай 
еді. Туған ауылдарының болашағына сенген ауыл тұрғын
-
дарының наным-сенімі жазушының қиын-қыстау күн
-
дердің өзінен оптимистік рух таба білгендігін байқатады. 
М.Мағауиннің «Қисық ағаш» повесі қазақтың кешегісі 
мен бүгінін бір көшенің екі жақ бетінде екі түрлі өскен 
ағашпен көрсету арқылы ой салады. Символдық мәнге ие 
болған қарағай мен қарағашты қатар суреттеу бір орта, 
бір қоғамның өзінде екі түрлі тәрбие алуға болатынды
-


56
ғын байқатады. Сондықтан да сапта тұрған сарбаздай 
тартылып, бой түзеген қарағай мен қиқы-жиқы өсен қара
-
ғаштар тәрізді адамдардың ішкен суы мен жұтқан ауасы 
бір болса да бір-біріне ұқсамайтынына назар аударады. 
Қазақ әдебиетіндегі әйел-ана, махаббат тақырыбына 
көп қалам тербеген Б.Нұржекееев «Қыз сезiм» атты по
-
весінде (1998) өзіне таныс ғашықтар хикаясына және 
оралды. Жазушы мұнда қыз сезімін кәмелеттік жасқа 
жаңа ғана іліккен Ләззәт есiмдi бойжеткеннiң жүрек ты
-
нысымен ашуға ден қойған. Бұл повестің бұған дейін жа
-
зылған құпияға толы жұмбақ келіншектерден басты ерек
-
шелігі қыз сезімін ашуға ұмтылуында.
Ұлы Отан соғысының ардагерi Қ.Исабаев «Мұндай 
қазақ болған» (1999) повесінде шет елдегi партизандар 
қозғалысын тiлге тиек етедi. Ұлы Отан соғысы туралы 
шығармаларды және бір қырынан толықтырған повестің 
бас кейiпкерi Кеңес Армиясының сержанты Бейсен Райы
-
сов. Неміс тұтқынынан жанкештілікпен босап шыққан ол 
Югославия Халық Азаттық армиясында батальон коман
-
дирiне дейiн өсіп, поручик әскери шенiн алады. 
Бұл жылдары қазақ повестері жаңа табыстарға қол 
жеткізді. К.Сегiзбаевтың «Арасан» (2001) повесі Қазақс
-
тан республикасы тәуелсiздiгiнiң он жылдығына арналған 
байқауда екiншi жүлдені иеленсе, Т.Әбдiковтің «Парасат 
майданы» повесіне Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк 
сыйлығы, Қазақ ПЕН-клубының Мұхтар Әуезов атында
-
ғы халықаралық сыйлығы берiлдi. Қоғам өзгерісін тез 
қабылдап, оған дер шағында үн қосқан К.Сегiзбаевтiң 
«Арасан» атты повесінен екі нәрсені аңғаруға болады. 
Оның бірі – нарықтық тәртiптiң қоғам экономикасын 
құлдыратуы, екiншiсi – жеке меншiкті дер шағында түсін
-
гендердің өмір ағымына қарай тез икемделуі. «Парасат 
майданы» (2002) повесіне ХХІ ғасыр, яғни қазіргі заман 
шындығы арқау болған. Бұған дейін жазылған әңгіме, по
-
вестерінде мәңгілік категорияларды бірінші орынға қоя 


57
білген жазушы мұнда да Абайдың «толық адамын» шарқ 
ұрып іздейді. Авторлық ұстаным повестің бас кейіп
-
кері Күнделік иесі арқылы жинақталған. Күнделік иесі 
екі аяқтылардың хайуаннан қандай айырмасы бар деген 
сауал тастап, одан шығар жолды қарастырады. Ақпарат 
құралдары мен мерзімді басылым беттеріндегі адам ата 
жаралғалы құлақ естіп, көз көрмеген сұмдықтардың ХХІ 
ғасырда жасалып жатуы оқырманға да ой салады. Ұлтты
-
ғымызға қисын келтіретін өрескел жайттардың қазақтар
-
дың ішінде кездесіп жатуы да бүгінгі тәуелсіздік заман
-
ның шындығы. Жазушы «қалың елі, қазағының» шешімін 
күтіп тұрған зәру мәселелерін дер шағында көтерген. 
Ж.Ахмадидiң «Бiрi кем дүние» повесінде (2001) Сақ
-
тапберген атты кейiпкерi өткендi жоқтап, бүгiнгiнi қара
-
лайды. Ал, бұрынғы майдангер, тоқсан жастағы Байжан 
қарт дау айтып, төзiмдiлiкке, береке-бiрлiкке үндейдi. 
Сақтапберген мен Байжанның айтысына құрылған хи
-
каят кеше мен бүгіннің таласы ретінде өрбиді. 
Д.Досжанов «Жан тәтті» хикаятына кеңестік дәуір
-
де тыйым салған тақырыптардың бірі болып табылатын 
ислам дінін негіз еткен. Қазақ халқы ислам дінін қабыл
-
дағанға дейін де бір құдіретті күш иесінің бар екендігін 
сезініп, жаратушы алланы мойындаған. Тілі мен дінінен 
айырып, мәңгүрт етуді көздеген кеңестік идеологияның 
атеистік тәрбиесінің өзі қазақтың атадан-балаға беріліп 
келе жатқан наным-түсінігін өзгерте алмады. Жазушының 
ислам дінін насихаттап, жаратушы Алланың ұлылығын 
мінәжат арқылы түсіндіруді көздеген повесі тәуелсіздік 
тұсындағы қазақ повестерінің табысы болса, бұл қазақ 
прозасына мінажат жанрының ене бастауының мысалы.
Осындай повестердің қатарын Т.Ахметжанның «Сұлу 
мен суретші», «Айсәуле», «Тозақ оты», «Сұлу мен су
-
ретшi» (2001), «Нобель сыйлығы» шығармалары то
-
лықтырады. «Сұлу мен суретші» атты романтикалық 
повесіне өнер, өнер адамдары туралы оқиғаға құрылған. 


58
«Ақжаймаға қып-қызыл қан тамды...» деп басталған хи
-
каяттың алғашқы жолдарынан романтикалық үн байқала
-
ды. Екі аяқты пенделердің ар-ұяттан безуі, ауырдың үсті, 
жеңілдің үстімен жүріп күн көруі, адамшылықты мансап 
пен даңқтың, дақпырт пен даңғазалықтың жеңуі арқылы
өмір жайлы философиялық түйін жасаған. 
«Айсәуле» атты повесіне Ақжан мен Айсәуле арасын
-
дағы ұлы да үлкен сезім негіз болса, «Тозақ оты» атты 
повесінде ХХ ғасырдағы 1928 жылғы ірі байларды, 1929 
жылы ауқатты шаруаларды тәркілеуден кейінгі Қазақс
-
таннның түкпір-түкпіріне әп-сәтте жайылып, жан біт
-
кенді тұтас жалмаған ашаршылыққа жан бітірген. Қа
-
зақстанның бірінші басшысы Голощекиннің Қазақстанды 
Қазан төңкерісі айналып өтіпті, Қазақстанға «Кіші Ок
-
тябрь» жасаймын деген сандырағының тұтас бір халық
-
ты жойып жібере жаздағанын тәуелсіздік тұсында ғана 
біліп, жазып жүрміз. Сол шындықтың шалғайда жатқан 
қазақтың кішкене ауылында қалай жүзеге асқанына «То
-
зақ оты» атты повестен қаныға түсеміз.
Автор «Нобель сыйлығы» повесіне ию-қию шулаған, 
тынымсыз тіршілігі бір сәт те саябыр таппаған үлкен қала 
тіршілігін алған. Оған негізінен ұлттық салт-сана, әдет-
ғұрыпты, адамшылықты ұмыта бастаған қала қазақтары
-
ның тіршілігі түрткі болғандай. Оқиға Көктің жетінші 
қабатындағы Иран бағынан басталады. Жұмақ дүниеден 
басталған оқиғаның негізгі кейіпкерлерінің бірі – ар-ұят 
періштесі. Ол қазіргі өзіміздің арамызда жүрген ХХІ ға
-
сырдағы замандастарымыз бен жұмақтан келген ар-ұят 
періштесін бетпе-бет қоя отырып, өмір мен өлім беттес
-
кен сәтте адам өмірінен қалтасына түсетін көк қағазды 
артық санаған дәрігердің жалғыз баласына жедел жәрдем 
көрсетпегендіктен көз алдында дүниеден өтуі арқылы 
қазіргі екі аяқты пенделерді адамшылыққа, имандылық
-
қа шақырады. Әңгіменің «Нобель сыйлығы» деп аталуы 
да тегін емес. Бұл қазіргі арамызда жүрген замандаста
-


59
рымыздың атақ-даңқ үшін жаратушының өзімен күресуге 
даяр тұрған екі аяқты пенделерге айтар дау да жоқ тәрізді. 
Талаптан Ахметжан хикаятының талдауы бүгiнгi проза
-
ның жаңа өрiске бет алып отырғанына айғақ. Сондай ай
-
ғақтың және бiрi – жазушы Т.Нұрмағанбетовтың «Айқай» 
(2001) повесі.
Бұл жылдары қазақ повестеріне біршама үлес қосқан 
жазушының бірі – Н.Ақыш. Оның «Жатақхана қыздары» 
(1990), Ұры қыздың тағдыры» (2001), «Алтынбек» (2003), 
«Саяқ жауынгер», «Сезім жетегіндегі жігіт» (2010), «Құз 
хикаясы» (2010) атты повестері тәуелсіздік жылдарының 
жемісі. Жазушының бұл повестері замандастар бейнесін 
әр қырынан аша білуімен қазақ прозасына белгілі бір үлес 
болып қосылды. Қай тақырыпқа арналса да, жазушының 
шығармалары жинақылығымен, ойының айқындығы 
және сюжетінің тартымдылығымен әдебиеттегі көр
-
кемдік талаптарының деңгейінен шығып жүр. Бұлардағы 
басты көркемдік шешім жеке адам мен қоғам арасындағы 
қайшылықтарды ашып көрсету арқылы көрініс табады.
Тоқсаныншы жылдары «Жатақхана қыздары» тек жа
-
тақханада тұратын студент жастарды емес, барша оқыр
-
ман қауымның көңілін өзіне аударды. Сондықтан да қа
-
зақ жазушыларының ішінде әйел жанын Б.Нұржекеевтен 
кейін жақсы игерген жазушылар қатарында Н.Ақышты 
айтуға негіз бар. Себебі оның тоқсаныншы жылдардан 
бері жазылып келе жатқан әңгіме, повестерінің көпшілігі
-
не күнделікті өмірде арамызда жүрген қара көз қыздары
-
мыздың өмір тіршілігі арқау болып жатады. Олардың бірі 
арды аттамаған ибалы қазақ қыздарының көркем бейнесі 
болса, енді бірі үйден қырық қадам шыққан соң, білгенін 
істеп жүрген замандастарымыздың жиынтық бейнесі. 
Жазушы, аудармашы Н.Қамидың «Көк қақпа» (2010) 
жинағына «Шал», «Темірқазық», «Хан Мөде» сынды 
2000 жылдың бер жағында жазылған хикаяттары ен
-
ген. Оның қалам тартқан тақырыпты тыңғылықты түрде 


60
жете зерттейтіндігіне «Хан Мөде» повесі нақты мысал. 
Жазушы тәуелсіздігіміздің жиырма жылдық торқалы 
тойын тойлағалы отырғанда осы тәуелсіздіктің қалай 
келгендігін «бүгініңді білемін десең, өткеніңді түгенде» 
дегендей, кешегі тарихымызға көз жүгіртеді. Қытайда 
«Тарих атасы» деген атаққа ие болған, б.з.б. І ғасырда 
өмір сүрген Сыма Цяньның деректеріне, орыс зерттеушісі 
Иакинф әкей (Н.Я.Бичурин) аударған материалдарға 
сүйене отырып, ой қозғайды. Қытайдың Орталық пат
-
шалық деп аталтын алып империясын құрған Ши Хуан
-
дидің (Сары император) қолбасшысы Мын Тьхянь ұсақ 
хандықтарға бөлініп, басы бірікпеген көшпенділерді ата 
мекені – Өртөс тауынан қуып шығады. Араға он жылдай 
уақыт салып, ғұндардың билеушісі, өз әкесі Тұман ханды 
асқан қатыгездікпен өлтірген жас Мөде таққа отырады. 
Естігеннің бәрі қанқұмар санаған Мөденің негізгі көзде
-
гені соғыс емес, халықтың тыныштығы, елі мен жерінің 
азаттығы екендігі Цинь әулетін тақтан тайдырып, Хань 
әулетінің негізін қалаған Қытайдың жаңа императорымен 
соғыс үстінде ашылады. Соғысқұмар императорды қыс 
ішінде жеті күн тау қоршауында ұстап, аштықтан тұра
-
лап, суыққа үсіп, әбден қажыған қытай әскерінің біріне 
де тимей, босатып жібереді. Тарихта болмаған бұл оқиға 
Мөденің даңқын асқақтатып жібереді. Б.з.б. 200-ші жылы 
болған оқиғаға жан бітірген автор кезінде баласын Қошан 
ханның қолымен өлтірмек болғанын білетін Мөде әкесін 
өз кегін алу үшін емес, халқының Мын Тьхянда кеткен 
кегін алу үшін өлтіргеніне назар аударады. Оны Мөденің: 
«Әкем тірі тұрғанда бұл кегімізді ешқашан қайтара алмас 
едік. Ал, мен қайтарамын! Ата-бабмыз ежелден бері жай
-
лап келген қасиетті мекенге қалай да қайтадан қоныста
-
намыз деп өзіңнің алдыңда ант етемін, анашым!», – деген 
сөзімен жеткізген. Қытай тоқалының өз баласын ханның 
орнына дайындап жүргенін білген Мөде өз әкесін осы
-
лайша елі мен жері үшін өлтіргендігін автор нанымды 


61
бейнелеген. 35 жыл патшалық құрған Хан Мөденің ке
-
меңгерлігі Қытай айдаһарымен тау-тәтті қарым-қатынас 
жасап, ел билеудің жаңа бейбіт үлгісін көрсетсе, осы сая
-
сатты қазіргі тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президенті 
Н.Ә.Назарбаев та ұстап келе жатқандығы белгілі.
Фантастика жанрының қазіргі таңдағы белгілі өкілі 
А-Х.Мархабаевтың «Күнге тағы дақ түсті», «Жанды жер
-
ге жармасқан», «Р-2» құмар Аралға», «Саршая қайта орал
-
ды», «Бұйырмаған қолғабыс» атты повестері тәуелсіздік 
жылдарының жемісі.
«Жанды жерге жармасқан» повесіне «1986 жылдың 
желтоқсан қасіретіне параллель-қиял» деген тақырыпша 
қосып, эпиграфына Мұрат Мөңке ұлының: «Аузы түкті 
кәпірдің, Күшті болған салдары-ай!» жыр жолдарын 
келтірген. Шығармасының тақырыпшасында «парал
-
лель-қиял» дегенге үңілетін болсақ, автор негізгі оқиға 
болған – жылдың соңғы айы – 1986 жылдың 16 желтоқ
-
санын меңзеп тұрған тәрізді. Және планета басқыншыла
-
рының жетекшісі – «Бин Кол» атты кейіпкер 1986 жылы 
Қазақстанды басқаруға келген Колбин бейнесін еске түсі
-
реді. Кеңсайдағы қорымдардың қиратылғаны жайындағы 
ақпараттар мәліметтері мен Наурыз мейрамының қуғын-
сүргінге түсуі тәрізді оқиғалар фантастикалық қиялдан 
гөрі шындыққа бір табан жақын. Дегенмен автор «тарих 
қайталануы мүмкін» деген күдігін қиял арқылы бергені 
рас. Фантаст жазушының «Р-2» құмар Аралға» атты шы
-
ғармасы фантастикалық-детективтік хикаяттар қатары
-
нан орын алса, «Бұйырмаған қолғабыс» повесі ғылыми-
фантастика. 
«Саршая қайта оралды» повесіндегі оқиға Жасыл 
Күннің Жетінші планетасында туып, сонда өрбиді. Көк
-
көз, Ұзынтұра және Мықыр сынды үш жасөспірім туған 
топырағында жеткілікті дәрежеде білім алғасын, өмірдегі 
орындарын, айналысатын кәсіптерін қарастырады. По
-
вестің басты идеясы – аталмыш планетадағы «қатардағы 


62
маскүнем» Саршая – бөтен жұлдыз шоғырының плане
-
талары үшін «Биомұражайға керемет көріністік» болға
-
ны. Фантаст жазушы А-Х.Мархабаев қазақ повестерін 
фантастикалық, фантастикалық-детективтік, ғылыми-
фантастикалық шығармалармен байытты. Сөйтіп, бұл 
жылдары қазақ повестері реалистік, романтикалық фан
-
тастикалық шығармалармен толықты.
Ал, соңғы ширек ғасырдағы хикаяттарды (повестерді) 
жинақтай келгенде, Қ.Жұмаділов, Н.Ақыш, Ө.Ахмет, 
Қ.Түменбай тәрізді жазушылар өз шығармаларында ке
-
шегі тарихымыз бен бүгінімізге жан бітірсе, Т.Нұрма
-
ғамбетов, Т.Сәукетаев, Н.Қапалбекұлы, Ә.Асқаров, Н.Д
-
әутайұлы ХХІ ғасыр дертіне айналған қасіреттерге жауап 
іздеді. Ш.Құмарова, М.Базарбайқызы, С.Досжан, Ж.Қай
-
ранбай шығармаларында қазақ қыздарының әртүрлі тағ
-
дырларын арқау етсе, М.Қаназ, С.Нұғыман атбегілер 
өмірі арқылы дала қазақтарының өмірінен сыр шертіп, 
ұлттық этнографиямызға жан бітірді. Хикаяттарында 
Е.Қойбағарұлы дәрігерлер өмірі арқылы аурудың алдын 
алу туралы ой қозғаса, Қ.Жиенбай мен С.Дүйсенбиев үл
-
кен қаладағы кішкентай адамдардың тұрмыс тіршілігінен 
хабар берді. 
Қазіргі әдебиеттің келесі жетістігі – ұлттық әдебиеттің 
бізге таныс, бейтаныс замандастарымыздың бейнесімен 
толығуы. Қазіргі әдебиетке жаңа кейіпкерлер галерея
-
сының келуі саясатқа негізделген жағымды-жағымсыз 
кейіпкерлерді әдеби әлемнен ығыстырды. Ақын-жазушы
-
лар адамды ет пен сүйектен жаралған пенде ретінде бей
-
нелеп, әдебиеттің көркем өнер екенін сөз құдіретімен та
-
нытуда. Өзіміз өмір сүріп отырған қоғамның жан айқайы 
мен шешімін күтіп тұрған өзекті мәселелерін арқау еткен 
туындыларда біздің заман қаһармандарының көркем бей
-
несі сомдалуда. Ол – кім? Ол – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұ
-
лынан бастап қоғамның әр саласындағы, түрлі ортадағы, 
әр түрлі жастағы замандастарымыз. 


63
Қазіргі прозаның негізгі жетістіктерінің бірі – өмірдің 
күнгейін емес, көлеңкелі жақтарын шынайы бейнеленуі. 
Сондықтан ұлттық әдебиетте әулет жүгін арқалаған қыз
-
дардың, жатырынан айрылған немесе жатырын жалға 
берген бейкүнә аналардың, көше кезген қаңғыбастардың, 
тастанды балалар мен тұлдыр жетімдердің, шалғайдағы 
ауылдан үлкен шаһарларға жұмыс іздеп келген жігіттер 
мен қыздардың шынайы өмірден алынған нанымды бей
-
нелері жасалды. Бұлардың барлығы – жазушылардың 
қиялынан жасалған жасанды кейіпкерлер емес, өмірдің 
қайнаған ортасынан алынған өмір, тіршілік үшін күресте 
тағдыр тауқыметін тартқан кейіпкерлердің жиынтық бей
-
несі.
Ұлттық әдебиеттің даму үрдістерін сөз ететін бол
-
сақ, қазіргі қазақ әдебиеті жаңа ағымдармен толығуда. 
Олардың қатарында сан ғасырлық тарихы бар, кеңестік 
дәуір тұсында дәстүрлі жолынан көз жазып қалған 
– дін-ағартушылық ағымды ерекше атауға негіз бар. 
Тәуелсіздігіміздің негізгі жетістіктерінің бірі – дініміздің 
қайта оралуы болса, ақын-жазушыларымыздың осы ба
-
ғытта жасап жатқан істері де жетерлік. Қаламгерлер ис
-
лам дінінің жақұттарын әдебиетке алып келу арқылы 
имандылықтың не екенін қарапайым тілмен елге түсінді
-
руде. Дін мен әдебиетті бөліп қарауға болмайтындығын 
түсінген дінтанушылар бүгінгі таңда діннің өзін Бұқар, 
Абай, Ыбырай, Шәкәрім тәрізді ұлттық әдебиет алыпта
-
рының шығармалары арқылы ұғындыруда. 
Қазақ жазушылары әдебиетте қалыптасқан дәстүрлі 
жолды жалғастырумен бірге жаңа түрлік ізденістерге 
де баруда. Бұл қатарда қазіргі әдебиеттегі модернистік, 
постмодернистік бағыттағы шығармалар қатарын атауға 
негіз бар. Олардың қатарында М.Мағауинның «Жармақ», 
Х.Әдібаевтың «Созвездие близнецов», А.Жақсылықов
-
тың «Сны окаянных», Т.Әсемқұловтың «Талтүс», А.Ке
-
мелбаеваның «Мұнара», Д.Амантайдың «Гүлдер мен 


64
кітаптар», М.Омарованың «Ана-ғұмыр», А.Әлменбеттің 
«Мимырт» романдарын атауға болады. Бұл шығармалар 
қазіргі әдеби үдерісте жаңашыл әдеби-көркем үрдістердің 
қалыптаса бастағанын байқатады. 
Қазіргі прозадағы түрлік ізденістер қатарында Д.Дос
-
жановтың неомифологизмге құрылған «Жан құмары», 
Ә.Нұрпейісовтің «Соңғы парыз», М.Мағауиннің «Қып
-
шақ аруы», Т.Әбдіковтің «Парасат майданы» романдарын 
атау ләзім. Тәжірибелі жазушылар ақпараттар тоғысында 
өмір сүріп отырған ХХІ ғасырдағы оқырманға әдебиет
-
тегі дәстүрлі жолды жаңа ізденістерімен түрлендіру ар
-
қылы оқытуға болатындығын көрсетті. 
Адам, қоғам, заман жөніндегі филолософиялық шығар
-
малар замандастарымызды өмір жайындағы толғамдарға 
жетелесе, психологиялық шығармалар өмірдің тек қана 
қуаныш пен бақыттан тұрмайтындығын, ақ пен қараның 
араласып келетіндігін нақты кейіпкерлер өмірі арқылы 
шынайы бейнелеуде. Ал сатиралық шығармалар ұйқы, 
тамақ, күлкінің арсыз екенін нанымды бейнелеп, өмір бар 
жерде бұлардың қоса жүретінін қоғамдағы келеңсіздік
-
терді сынаумен, әшкерелеумен санамызға сіңіруде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет