Гулжахан Орда indd



Pdf көрінісі
бет21/55
Дата25.09.2023
өлшемі1,68 Mb.
#110204
түріБағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   55
Байланысты:
treatise38911

100
ЖЕЛТОҚСАН 
ШЫНДЫҒЫ ӘДЕБИЕТТЕ

Еліміз тәуелсіздік алғаннан бергі уақыт аралығында қа
-
зақ әдебиеті дамудың жаңа белесіне көтерілді. Бұл тұс
-
та қазақ жазушылары тоталитаризм қыспағынан босап, 
еркін тыныстауға бет алды. Тәуелсіздік жазушыларға сөз 
бостандығын алып келді. Сөз бостандығы қазақ жазушы
-
ларына кеңестік дәуірде еркін бара алмаған, кең қозғай 
алмаған тақырыптарға қайта үңілуге мүмкіндік берді. 
Сондай тыйым салынған тақырыптардың бірі – 1986 
жылғы Желтоқсан оқиғасы еді. 
Желтоқсанның 20 жылдығы қарсаңында Д.А.Қонаев 
қоры шығарған 10 томдық сүбелі еңбек пен Т.Айтбайұ
-
лы құрастырған 3 томдық «Желтоқсан» атты жинақтың, 
Қ.М.Табиев пен тарихшы Б.Төлепбергеннің бірнеше 
еңбектері Желтоқсанның талайларға ой салғандығын 
байқатты. Қазіргі таңда Желтоқсан оқиғасы негіз бол
-
ған еңбектер қатары күн санап толығуда. Олардың қата
-
рында тарихшы М.Қозыбаевтың «1986 Желтоқсан. Дақ
-
пырт пен шындық», Ж.Әнесұлы «Желтоқсаннан кейін 
ел мүддесі үшін айтылған шындық», Б.Төлепбергеннің 
«Біз білмейтін Желтоқсан», «Желтоқсан қарлығаштары», 
«Қасиеттім – Желтоқсан», Қ.Мұнар Табиевтің «Қазақ
-
тың Желтоқсаны», «Қайсар рухты қазақ», «Мұзда жанған 
алау» кітаптары мен А.Сәрсенбаев қоры шығарған 8 том
-
дық «1986 Желтоқсан статьи и публикации 30 1986-1995 
годы» және басқа көптеген еңбектерді атауға болады. Бұл 
еңбектерде негізінен тарихи құжаттар мен деректі шығар
-
--------------------
1
Мұнда Желтоқсан туралы шығармалардың толық қамтылмағандығын 
ескертеміз.


101
малар жинақталған. Алайда қазақ халқының тарихынан 
үлкен орын алған бұл оқиға ұлттық намысы бар ақын-жа
-
зушылардың бәріне дерлік түгелдей қалам ұстатты. Сон
-
дықтан да қазақ әдебиеті Желтоқсан туралы ірілі-ұсақты 
поэзиялық, прозалық, драмалық туындылармен толықты. 
Оны әр жанрдан келтірілген мысалдардан көруге болады. 
Поэзия.
Аға буын ақындардың ішінен Қадыр Мырза-әлидің
«Заман-ай» атты поэмасында дендеп кеткен ХХ ғасыр
-
дың дертіне жолығамыз. Поэманың «Жанталас және Жел
-
тоқсан» атты тарауы Желтоқсан оқиғасына негізделді. 
«Жаратқанның осы ма теңгермегі! Жастай солды жайсаң
-
дар, Көгермеді», «Ұлы қазан әкелген жақсылықты Кіші 
қазан түк қоймай тартып алды» деген жолдармен қанды 
оқиғаны мегзеген ақын оған терең барған жоқ. Себебі ол 
туралы жазуға тиым салынған болатын. Сондықтан бұл 
тараудың мазмұны аты айтып тұрғандай дәрежедегі мә
-
селені көтерген жоқ. Бұл оқиғаны ашық жаза алмаған қа
-
ламгерлер оны мегзеп қана бейнелеу арқылы оқырманға 
қайғылы қаза жөнінде ой салып отырды. 
Кейін еліміз егемендік алған соң бұл оқиғаға үлкенді-
кішілі біраз шығармалар арналды. Солардың ішінде 
Ж.Бөдешұлы «1986. Желтоқсан» өлеңінде ХХ ғасырдың 
соңғы ширегінде азаттық үшін болған соңғы күреске бы
-
лайша жан бітіреді: 
Желтоқсанның желі ызғарлы,
Көшені бойлап қан ақты.
Шашынан сүйреп қыздарды,
Ұлдарды итке талатты.
Езгіден кеткен еті өліп,
Ел тіріліп, оянды.
Еркіндік еңсе көтеріп,
Бұрышқа тықты ноянды
[1, 74]. 
1986 жылғы ақ қар, көк мұзда болған бұл оқиға қазағым, 
елім деген қаламгерлердің бәрін де бей-жай қалдыра алма
-


102
ды. Ал, ұлтшылдығымен, патриоттығымен танылған Жәр
-
кен ақын бұл тақырыпты жаны күйзеле, тебірене отырып 
жырлады. Ақынның шағын лирикасындағы осы ой кейінгі 
жылдары эпикалық шығармаларына да негіз болды.
«Ғасырлар сарыны» өлеңінде тәуелсіздіктің арғы-бергі 
тарихына көз жүгіртсе, «Күзетте» бақташының аспанға оқ 
атпауын сұрайды. Маужырап ұйқыда жатқан тыныштыққа 
оқ атқандардың оңбайтынын ескерткен ол күзетшінің түн 
тынышытығын бұзбауын ескертеді. «Қонаевтың қаруы» 
атты өлеңде Д.А.Қонаевтың қаруы қоян мен қырғауылға 
ғана оқталса, Г.Н.Колбиннің қаруы қазақ жастарына қараты
-
ла атылғанына күйінген ақын «Шын көсемнің қолына түскен 
қару – Адамзат баласына атылмайды» деген түйін жасайды. 
Ақын осы ой арқылы оқырмандарына ел басқарғандардың 
барлығы бірдей көсем бола бермейтіндігін ескертеді. 
Қазақтың ақын қыздары да бұл оқиғаны жырлауға өз 
үлестерін қосты. Желтоқсан оқиғасына М.Айтхожина 
«Желтоқсанның желі гулеп» деген өлеңінде:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет