Гулжахан Орда indd



Pdf көрінісі
бет25/55
Дата25.09.2023
өлшемі1,68 Mb.
#110204
түріБағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   55
Байланысты:
treatise38911

Кім көріпті о заман да, бұл заман,
Найзағайды көк аязға құлаған.
Кеуделерде Үрей – бөрі ұлиды:;
«Болсайшы аман, мына ғалам дін аман!»
[7, 56]. 
Адамдарға ғана емес, таиғат үшін де тосын болған бұл 
құбылыс қайыңдардың жанарларын сұлатса, көк аспан 
қақ айырылып егіл-тегіл көз жасын төккендігін ақын на
-
нымды бейнелеген. «Бұлтты иітіп боздайды боз шынар
-
лар, Бұйдаланған ұқсап жетім ботаға», «Жер – Дүние 
ебіл-себіл егіліп, Ағытқандай тиегін бір шерінің», «Боз ін
-


110
гендей Шудалы бақ шулаған», «Дәурені өткен серілердей 
бозарып, Бағы қашқан бақтар қалды тоналып» деп, жер 
мен көктің күркіреп, үлкен мұңға батуының ар жағында 
үлкен сыр жатқанын аңғартқан ақын осылайша адам мен 
табиғатты бірлікті ұстайды. «Қысқы жасын жақсылық
-
қа көрінсін!..» деп тілеген халықтың мұндай сұмдықтың 
бірнеше мыңжылдықтарда ғана қайталанатынын еске алу 
арқылы алда үлкен оқиғаның болатындығына сендіріп, 
«Үрей сеуіп жатты жүйке-жұлынға...» деп оқырманын 
үрейлендіреді. 
«Өмір куә-дүр» деген тараушаға Желтоқсанның 17-18 
күні болған қанды оқиғаның бүкіл елді дүрліктіргенін 
«Екі күнде бүкіл дала егіліп, Бүкіл дала күңіренді екі 
түн...» деп бейнелесе, табиғат-ананың осы мұңы адамдар
-
ға да ортақ болғандығы анық. Оны ақын: 
Көңілдерге сауыс-сауыс мұз қатты,
Жүректерді аяздайын мұң қапты.
Қарттарымның Отан үшін оқ кешкен,
Жаралары жанын қинап, сыздатты
[7, 59],
– деп шынайы бейнеледі. 
«Құлақта қалған үндер» атты тарауда драмалық сипат 
басым. Мұнда алаңдағы нөпір халық пен ел басшылары, 
қоғам қайраткерлері арасындағы бір-біріне қаратыла ай
-
тылған сөздерді диалогке құру арқылы жастардың қойған 
талаптары мен оларға айтылған жауаптарды еске түсіреді:
– «Ақылға кел, ақыл – сабыр, тараңдар! 
Өткеніңе оң-солыңа қараңдар!
– «Өз қолымен бабаң құрған шаңырақ,
Өз қолыңмен шайқалмасын, қараң қап!»
– «Бұзақылар! Есірмеңдер, тараңдар! 
Оңай тимес, қайтпасаңдар табанда!» [7, 60].
– «Жөніңді біл. Көйлегің – көк, қарын тоқ,
Жаныңды бақ! Таста алаңды аманда!..» 
[7, 61].
Мәдениет пен білім-ғылым ордасына айналған Қазақс
-
танның астанасы Алматы қаласында болған бұл оқиға 


111
күллі әлемді дүр сілкіндіргені белгілі. Арман қуып, Ал
-
матыға кеткен балаларының амандығын тілеген елдегі 
ата-аналар «Аман жүргей, қозым» деп көз жасын сығу
-
дан арыға бара алмай дағдарды. Ол кезде қалаға кіретін-
шығатын қатынас жолдарының (әуе, темір, тас жолдар) 
бәрі жабылып, қатаң күзетке алынды. Себебі, бұл оқи
-
ғаны естіген ірі облыстар мен қала төңірегіндегі ауылды 
мекендердің тұрғындары түгелдей дерлік, Алматыға бет 
түзеп қалған еді. 
Екен... екен... 
Екен, екен... екен ғой... 
Екенменен өткен өмір бекер ғой.
Алданғанға – арбалғаның шекер ғой.
Аңғарғанға – аяқ астың кесел ғой
[7, 64], 
– деп ертегі үлгісін пайдаланған ақын ертегі кейіпкерлері
-
не имандай сенген аңғал жастардың күтпеген тосқауылға 
душар болғандығына көңіл аударады. 
Шығармадағы ұлттық ерекшеліктің бірі – халықтың 
наным-сенімінен байқалады. Оның бірі – қыста найзағай
-
дың жарқылдауы болса, екіншісі – сол қабақтың тартуы. 
Мұның екеуі де ырымшыл қазақ халқына үрей, қорқы
-
ныш алып келетін белгілер.
Әке жайын балалы боп білерсің,
Жаудың жайын жаралы боп білерсің.
Қазалы үйдің қабырғасын сөгілген,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет