9
Нан – шаттығың,
Нан – қайғың!
Соры да – нан,
Тері де нан маңдайдың!
Арың да – нан,
Жаның да – нан,
Қаның – нан!
Нансыз өмір бар дегенге нанбаймын
[272-б.],
– дейтін диқан – адамзатқа тіршілік нәрін себуші жан.
Сегізінші дауыс – тірліктің тірегі – ана айқайы. «Ары
-
на дақ түспесін деп өмірдің, Қара көзден қанды жас боп
төгілдім» дейтін ананың қуаныштан гөрі қайғысының
көп болғандығын оның өмір жолымен түсіндіреді. Арпа
-
лысып, жұлысқан адам, отқа өртеніп құрысқан дала, быт-
шыт болып күлге ұшқан қала, бесігінде күрсінген бала,
қасіреттен құнысқан даналарды көрген ананың «Ей, зұ
-
лымдық, Атың өшсін зұлымдық!
Қан жұтқанша, қасі
-
реттің уын жұт» деп зұлымдыққа лағнет айтуы орынды.
Себебі, ананың алдында бүкіл әлем кішірейіп,
тағзым
етіп тұрады. Сондықтан да ақын «Меніңше өмір – махаб
-
баты ананың, Меніңше өмір – бесіктегі балбөбек....» деп
өмірді ананың махаббатына балайды.
Тоғызыншы дауыс – сөз дауылын сапырып, найзағай
боп атылып жүрген өр ақынның дауысы. «Жұрт жыласа,
Жыладым мен мың есе» дейтін ақындардың елінің жо
-
ғын жоқтап жүретіні белгілі. Шаршы топта суырылып
сөз бастайтын ақындардың ана тілінде жазған жырлары
сан ғасырлар бойы елмен бірге жасайтыны анық. Сон
-
дықтан да ақын:
Бәрі бекер...
Өтті хан да, қара да,
Қарақшының басы қалды далада.
Бала, Ана, Туған халқым, Туған тіл –
Солар үшін барлығы да садаға!
[279-б.]
– деген түйін жасайды.
Поэмадағы ханның, құлдың, батырдың, қарақшының,
сәбидің, қыздың, диқаншының сөздері тек ұлттық мүд
-
10
делерді емес, жалпы адамзатқа ортақ мәңгілік құнды
-
лықтарды көтеріп тұрғаны белгілі. Ақын жалпыадамдық
мәселелерді ел мен жердің, азаттық пен құлдықтың, өлім
мен өмірдің, тоқшылық пен жоқшылықтың қадірін өз ба
-
сынан өткізген адамдарды сөйлету арқылы көтерген. Бұ
-
дан байқалатын нәрсе – тәуелсіздік тұсында қазақ ақын
-
дары ұлттық ауқымнан шығып, жалпы адамзатқа ортақ
мәселелерге көңіл аудара бастандығы.
Оны төмендегі
поэмалардан да көруге негіз бар.
Н.Айтұлының «Жасынның сынығы» атты поэмасы Қа
-
сым Аманжоловқа арналған. Поэма Абдолламен бір май
-
данда болған Қасымның госпиталдағы сәтін суреттейді.
Өң мен түстің ортасында жатқан Қасым жер де, аспан да,
мұхит та қып-қызыл қанға бөгіп, қан өзен
лықсып ағып
жатқанын көреді. Осы сәтте Абдолла ақбоз атпен келіп
Қасымды құтқарып кетеді. Көзін ашса, қасында Абдол
-
ла емес, ақ қалатты қызды көрген ол «күңіреніп шашын
жайған қара орманның» қайда кеткендігіне таң қалады.
Осы тұста қолына қаламын алған Қасым ақын «селдетіп,
нөсерлетіп, жасындатып» жаза жөнеледі:
Достарыңызбен бөлісу: