Гулжахан Орда indd



Pdf көрінісі
бет6/55
Дата25.09.2023
өлшемі1,68 Mb.
#110204
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55
Байланысты:
treatise38911

Торғауыт оңайлықпен алдырмайды,
Қоғадай жайпамасақ жел жапырған! 
Кететін түрлері жоқ ақылға сап,
Ойрандап, омыртқасын опырмасақ.
Алтайдан ары асыра айдап салып,
Қарасын көрместей ғып батырмасақ!
[27-28-
б.], 
– деген сөзі бұл шайқастың өмір мен өлім беттескен сәт
-
тегі шешушілік сипатын танытуға қызмет етеді.


14
Қазақпен ұзақ уақыт ұстасқан жоңғардың да оңай жау 
болмағандығы олардың жекелеген батырларының ерлігі
-
мен суреттелуі шындыққа жақын. Жоңғардың Күршім 
батырының жекпе-жекке Қабанбай мен Бөгенбайды 
шақыруы олардың да осал болмағандығын байқатса, 
Күршімді жер жастандырған Көкжал Барақтың ерлігі 
қазақ батырларын бір қырынан танытқан. Қазақ батыр
-
ларының саны жағынан өздерінен бірнеше есе көп жоң
-
ғарлармен текетіресі елі мен жері үшін ақтық шайқастың 
жанды картинасы ретінде танылады. Ақынның қазақ 
жеріндегі біраз жер атауларының ерлігімен көзге түскен 
жоңғар батырларының атымен аталатындығын жадында 
ұстағандығы Күршім, Жеменей, Зайсан, Майқапшағай 
атауларынан байқалса, «Қандысу» қазақ пен жоңғардың 
қаны судай аққан жер ретінде тарихтан белгілі. Тарбаға
-
тайда кіші жүз табын Бөкенбай батырдың қолы жатқан 
жердің «Бөкенбай жазығы» атануы, Жағалбайлы қолы 
жатқан Тарбағатайдың бір саласы «Жағалбайлы» тауы 
атануы туралы эпизодтар елі мен жері үшін шаһид бол
-
ған батырларды халықтың ешқашан да ұмытпайтынды
-
ғының жарқын мысалы. 
Ақшәуліге туын тіккен Дарабоздың төңірегіндегі баһа
-
дүрлердің барлығы – қазақ тарихынан үлкен орын алатын 
қазақ батырлары. Қазақтың оңтүстігі пен солтүстігін, 
шығысы мен батысын мекен еткен батырларының бар
-
лығы да Абылай ханның жарлығымен бір жерге жиналуы 
– олардың ел басына күн туған сәтте бір жағадан бас, бір 
жеңнен қол шығарған ауызбіршілігінің, ынтымағының 
белгісі ретінде суреттелген. 
Ақын Абылайдың кеңесшісі, алқышысы болған Бұқар 
жырауды да жекелеген эпизодтар арқылы поэмаға енгі
-
зуді жөн деп санаған. Оны Бұқар жыраудың жоңғарға 
қарсы жорықтың тізгінін Ақшәулі мен Барқытбелдің, 
Тарбағатай мен Алтайдың құмы мен тасына, суы мен 
көліне дейін жақсы білетін Қабанбайға табыстау ке
-
ректігі жөнінде айтқан:
Ей, Абылай, Абылай!


15
Айтсам сөздің қысқасын,
Көңілдегі нұсқасын –
Ақтық айқас тізгінін, 
Ер Қабанбай ұстасын!
[31-б.], 
– деген ақыл-кеңесіне сыйғызған. Қабанбайдың өздері
-
нен бірнеше есе күші басым, әскер басы бірнеше есе ар
-
тық жоңғарға тіке шабуыл жасауы өзін оққа байлағанмен 
тең болса, бұл шайқаста басқаша әдіс қолданғандығы – 
туып-өскен жерінің суы мен тасын, сайы мен қырын жат
-
қа білетіндігінің көрінісі. Қабанбай «Айналып ту сыр
-
тынан тиесің!» деп, бес мың қолды Дәулетбай батырға 
тапсырады.
Ақын екі жақтан да адам шығыны көп болғанын, қара 
жердің қызыл қанға бөгіп, қанның суша аққандығын тө
-
мендегіше бейнелеген: 
Соққандай құйындатып дауыл қатты,
Тулақтай кең даланың шаңын қақты.
Қан бояп ат тұяғын шашасынан, 
Өзен-су қып-қызыл боп ағып жатты
[34-б.]. 
Поэмаға негіз болған оқиға – ту ұстаған Қазымбеттің 
қазасы. Ат тізгінін тұқыртып қойған Қазымбеттің өндір
-
шегіне тиген қос жебеден аққан қанның омырауын жуып 
кеткенін көргенде жыламаған жан қалмайды. Көзін жұм
-
баған күйі ат үстінде ту ұстаған қолы қасарысып қатып 
қалған ол жоңғарларға «не қыласың енді маған?!» деп 
тұрғандай әсер береді. «Күн туар деген рас ұл туғанға, 
Түсесің от пен суға жұртың барда. Ешқашан өлмек емес 
ер Қазымбет, Артында желбіреген ту тұрғанда!» деген 
ақын көк байрақтың қасиетін оқырманға түсіндірумен 
бірге тәуелсіз қазақ елінің туын ұстар Қазымбеттей пат
-
риоттарды тәрбиелеу керектігіне көңіл аударады. 
Поэмадан көзге түсетін тағы бір эпизод – жоңғардан 
түскен мол олжаны Абылай хан елге үлестіріп жатқан
-
да Қабанбайдың сол олжадан бас тартып, «Киелі баба
-
мыздың басы жатқан, Жоқ бізге атажұрттан асқан олжа!» 
деуі. Бұл – туған жердің топырағына тең келер байлық
-
тың жоқтығы. Ақын өткен тарихқа жан бітіре отырып, 


16
бүгінгі замандастарымызға да ой тастаған. Оның бірі – 
ата-баба қанымен, қаншама шайқаспен аман-есен алып 
қалған жеріміздің туырлықтай туралып, жат жұрттықтар
-
ға құнсызданып сатылып жатуы болса, екіншісі – тарихи 
шындықты жасыруға болмайтындығы. Кеңестік дәуір тұ
-
сында қазақты тарихын білмейтін мәңгүрт етіп, ноқталап 
ұстау көзделгенмен, араға жылдар салып неше ғасырлық 
тарихтың ізі бүгінде көз алдымызда сайрап жатуы. Осын
-
дай мысалдарды ақын кешегі 1986 жылғы «Желтоқсан 
оқиғасына» қатысты дұрыс мегзеген. Араға ширек ғасыр 
салса да жанын жегідей жеген Желтоқсан шындығының 
беті бүркемеленіп жатуы ақын үшін емес, барша қазақ 
үшін қасірет.
«Ақмола шайқасы» – қазіргі Астана қаласының бұрын
-
ғы атауы Ақмоланың шығу тарихынан хабар беретін та
-
рихи поэма. «Астана – ескерткіштің ең ұлысы, Ұлт үшін 
құрбандардың барлығына!..» деген ақын қазақтың өткен 
тарихынан сыр шертеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет