Гулжахан Орда indd



Pdf көрінісі
бет9/55
Дата25.09.2023
өлшемі1,68 Mb.
#110204
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   55
Байланысты:
treatise38911

Өз жолы бар ұлып өтер бөрінің,
Өз жолы бар үріп өтер әр иттің.
Өз үні бар бақаның да... балықтың,
Өз үні бар көр-лақаттың, табыттың! 
[3-б.],
– дейтін ақын жаны бардың бәрінің де өз өмірі, өз жолы, 
өз үні бар екенін айта келіп, тірі тарихтың жолы да, жөні 
де бөлек екендігіне көңіл аударады. Осы ойын ақын хан 
Кененің өмірі мен өлімі арқылы көркем бейнелеу мақса
-
тында өткен тарихқа лирикалық шегініс жасайды. Ақ пат
-
шаның қолына тапсырылған Кенесарының басын қазақ 
елі тәуелсіздік алғаннан кейін іздегендігі, осы жолда қан
-
шама қиыншылықтарға кездескені белгілі. Петерборда 
Кунскамера ішінде тұрған көп бастың әрқайсысына тән 
өз сыры болғаны, сол бастардағы жарақаттардан байқа
-
лады. Ал, халқының азаттығы мен бостандығы жолында 
өр басын ер өлімге тіккен хан Кененің өліміне себеп бол
-
ған жайттардың алғышарттары қандай еді деген сауалға 
жауап іздеген автор, оның басты себептерін сол кездегі 
ел өмірімен ұштастыруы орынды. Қазақтың соңғы ханы 
Кенесарыны 1841 жылы ақ киізге көтеріп, хан сайлаға
-
нын еске түсіру арқылы ханның күні қарашамен екенін 
жадында ұстаған ақын сол кездегі қараша халықтың тұр
-
мыс-тіршілігі қандай болғандығына жауап іздейді. 1781 
жылы Абылай хан дүниеден өткен соң, алпыс жылдан 


22
кейін хан ордасын тіктірген Кенесарының Қасымнан ту
-
ғандығын, өзі тіге алмаған ақ орданы Кенесары мен Нау
-
рызбайға аманаттап кеткендігін еске түсіре отырып, сол 
кездегі ел өмірінен хабар береді: 
Зеңбірек кең далаға сұғынғалы,
Қазақты қатты соғып, сүріндірді.
Абылай ақ ту тіккен ақ орданы
Қайтадан тіктелместей бүліндірді
[6-б.].
Бұл кезде қазақ даласындағы ел басқару жүйесі бұ
-
зылып, ақ патшаның жандаралдары қазақ даласына өз 
заңдарын орната бастады. Жер салығы, мал салығы де
-
ген сықылды салықтардың түрі көбейіп бұқара халықты 
тұралатқан үстіне тұралата түсті. Бір жағынан ақ патша
-
ның екінші жағынан Қоқан хандығының алым-салығы 
көбейген үстіне көбейе берді. Халқының тығырыққа ті
-
релгенін сезген Кене одан шығар жол іздеді. 
Шығармадағы көркемдік тәсілдің бірі – түс көру. Ав
-
тор түсті алдағы оқиғадан алдын ала хабар беру мақса
-
тында пайдаланады. Кенесарының түсіне анасы Айкүміс 
кіреді. Адам баласына тік сөйлемейтін Айкүміс ана оқша 
қадалған кірпіктерін баласына қадап тұрып, «Қаңсып 
қалды ғой қара жұрт!», – дейді. Бұл түс – сол кездегі 
бұқара халықтың қара суға қаңтарылып, әлеуметтік жағ
-
дайының тым төмендеп кеткенін мегзейтін көркемдік де
-
таль. Алайда осы түс Кенесарыға үлкен ой салып, қалай 
да халқын тығырықтан алып шығудың жолына кіріседі. 
Өрен бітімді елімнің
Қанды жасын жеңіммен,
Жеңіммен емес, кегіммен
Сүрту үшін туғанмын!
– дейтін Кенесары белін буынып атқа қонады. Бұқара
-
дан бөлініп шыққан Қоқан хандығы Әндіжан, Наманган, 
Маргелан сынды жерлерді жаулап алып, азаматын құл, 
қыздарын күң етіп, бастарына құлдық бұғауын кигізеді. 
Әлім бек Ташкентті өз қол астына алған соң, көрші жат
-
қан қазақтардың жеріне көз алартып, Сайрам мен Түркіс
-
танға ауызды салады. Оларды жаулап, өз әмірін жүргіз
-


23
геннен кейін Жөлек, Меркі, Шымқорған, Күмісқорған, 
Жаңақорған тәрізді бекіністер салып, Ақмешіт, Әулиеа
-
та бекіністерін қоса басып алады. Осылайша Жетісуға 
дейін әмірін жүргізген Қоқан хандығы қазақ жеріне ден
-
деп кіріп, өз дегенін жүргізіп қазақтарға тізесін батырған 
үстіне батыра түседі. Әлім бектің озбырлығына төзбеген 
қазақтар кіндік қаны тамған, ата-баба қонысын тастап, 
Қытай асып босып кетеді. Осының бәріне куә болған 
Кенесары қазақ жерін азат етуге бел байлаған қазақ сар
-
дарлары ата қонысты жаудан тазалауға кіріседі. Созақ, 
Ақмешіт, Жөлек, Жаңақорған, Сайрам, Шымкент сынды 
бекіністер мен Сыр бойын мекен еткен Ұлы жүздің жерін 
азат етеді. Ата жұрттың кіндігі саналған Сыр бойын азат 
етіп, сан мыңдаған тұтқынның басына бостандық алып 
берген соң, қалың жұрт Торғай жаққа көшеді. 
Кенесарының соңына түскендер оны Сарыарқада да 
тынышына жатқызбайды. Ақ патшаның жандайшапта
-
ры Кенесарының бәйбішесі Күнімжанды тұтқынға алып, 
ойларына келгендерін істейді. Осы кезді ол: «Өрекпіп, 
өрттей жайлап айналамды, Төрт түлік малды түгел айдап 
алды. Ахмет, Арыстандай төрелерді, Айтақтап, төбетін
-
дей пайдаланды», – деп еске алады. Бұл жолдар баяғы 
қазақ салтындағы шарттасу, бітімдесулердің орнына пат
-
шаның шен, шекпенімен ел басқару жүйесі келгендігі
-
нен, оның басқару жүйесіне кері әсер тигізгенінен мағлұ
-
мат береді. Ақ патшаның құрығынан қашып Торғай мен 
Ырғыздан Кенесарының артынан ере көшкен елдің күйі 
«Бауырын саған төсеп жылап жатыр, Артымнан еремін 
деп көшкен елің!» деген жолдарға сиып тұр. Жетісуды 
бетке алып, «Алла!» деп ақбоз атқа қонған Кенесарының 
кірпігінен домалақ жас тамшылары оның туған жерге де
-
ген сүйініші мен күйінішін толықтырып тұр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет