Гулжахан Орда indd



Pdf көрінісі
бет14/55
Дата25.09.2023
өлшемі1,68 Mb.
#110204
түріБағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   55
Қуанды ел жасты көзін көкке қадап,
Жыр – домбыра сөйлеп кетті қара шанақ.
Жер – Ана тебіреніп толқып жатыр,
Құс біткен ән салғандай қағып қанат
[96-б.].
«Көкжал» атты тарауда еліміз егемендік алған жылдар
-
дағы ел ішіндегі экономикалық қиыншылық пен дала та
-
ғысының шаруаның азын аулақ малына тіс батыруы сол 
кездегі тұралаған елді тығырыққа тіреп еді. «Қара қой
-
дың тұяғы жатыр қансырап, Көз жасы ақты омырауларға 
тамшылап. Азын-аулақ дәулеті, малы бұйырмай, Жүдеу 
көңілді удай ашытты қамшылап» деген жолдар сол тұс
-
тағы елдің мүшкіл халін байқатар сурет. Міне, осылай 
тығырыққа тірелген ел көрші ауылда Тоқтардың қасқыр
-
ды соғып алғанын естіп, содан бір медет күтеді. Ел ерге 
қараған тұста, Тоқтар жерге қарамай атқа қонып дала та
-
ғысының соңына түседі. Көкжалдан қорыққандар оған 
серік болуға жарамай қалып қояды да, жалғыз өзі атта
-
нады. Соңына жалғыз түскен адамнан тайсалмаған бөрі 
өзіне қарсы шауып екеуі бетпе-бет келгенде оның мыл
-
тығы түкке жарамай қасқырдың бір тіс салғанынан қақ 
бөлінеді. Осы кезде анасының «Қасқырдың жаны тұмсы
-
ғында ғана болады» деген сөзі есіне түскен ол көкжалды 
дәл тұмсықтан соғып, сұлатып салады.
«Бас түркі» деп аталатын тарауда «Ататүрік арманы 
іске асты» деп қуанған түріктердің көп түрік елінен айға 
ұшқан ғарышкермен мақтануы нанымды бейнеленген. 


33
«Ғасырдың саңлағы» атанған Тоқтарды Түркияның «Бас 
түркі» деп тануы осының белгісі ретінде бейнеленген. 
Ақын бүгінгі замандас бейнесін жасауда нақты дерек
-
терге сүйенеп отырған. Тарихи оқиғалардың уақыты шы
-
ғарманың деректілік сипатын танытады. 
Қазіргі таңда қазақ елін әлемге танытып жатқандардың 
бірі – спортшылар екені белгілі. Кешегі Сидней олимпиа
-
дасынан бермен қарай Қазақстандық сортшылар талай 
биіктерді бағындырып, қазақтың көк байрағын көтеріп, 
ән ұранымызбен әлемді дүр сілкіндірді. Көбіне ұлты
-
ның абыройын асқақтатқан спортшыларды дайындайтын 
жаттықтырушылар сахнаның сыртында қалып қойып 
жатады. Осындай жаттықтырушының бірі – Қазақстан 
Республикасының бокстан еңбек сіңірген Бас жаттық
-
тырушысы Тұрсынғали Еділов. Ол – Сиднейде өткен 
Олимпиада ойындарында алтыннан алқа таққан – Ерма
-
хан Ибраимов пен Бекзат Саттарханов, күміс медальдің 
иегерлері – Болат Жұмаділов пен Мұқтархан Ділдабеков
-
тердің жаттықтырушысы. Сидней аспанында шырқалған 
әнұран мен желбіреген көк байрақ қазақ біткеннің мәрте
-
бесін бір көтеріп тастағанын күні бүгінге дейін ұмытқан 
жоқпыз. Мұндай сәтті қолына қалам ұстаған қазақ ақын
-
дары да қалт жібермей, қазіргі заманымыздың батырла
-
рына арнап жыр шашуларын шашты. Көп ұзамай өмірден 
өткен былғары қолғап шебері, бокс тарихындағы аққан 
жұлдызы – Бекзат Саттархановтың жол апатынан қаза 
болуы кім-кімді де ойландырмай қоймады. Қазақ біткен 
күңіреніп азаматын жоқтады. Тосыннан келген ауыр қаза
-
ға елдің бәрі үлкен күдікпен қарағаны да жасырын емес. 
Бұл тұста шағын лирикалармен бірге эпикалық поэмалар 
да жазылды. Оқырманның оң бағасына ие болған осын
-
дай туындылардың бірі – Зейнолла Тілеужанұлының 
«Қазақ батырлары» атты поэмасы. «Ақын Австралияда 
өткен жарыстан соң ұзамай дүние салған Бекзат Саттар
-
хановты, белгісіз жағдайда көз жұмған Таэквондодан 
алты даңның иегері – Мұстафа Өзтүрікті, қазақтың тұң
-


34
ғыш былғары қолғап шебері – Әбдісалан Нұрмақановты 
жыр тілімен тебірене еске алады» [17-б.]. 
Бірнеше бөлімнен тұратын поэманы автор өз ішінен 
тақырып қойып, бірнеше тарауларға бөлген. Поэманың 
прологында қазақ боксшыларын дайындаған жаттықты
-
рушы жөнінде мәлімет береді. Сиднейде дүние жүзінен 
жиналып жатқан «мыңнан жүйрік, жүзден тұлпар» шық
-
қан Америка, Қытай, Ресей, Куба сынды елдерден келген 
спорт шеберлерімен бірге бәйгеге қосылған, қазақ бала
-
ларының жаттықтырушысы Тұрсынғалидың сол кездегі 
көңіл-күйін оның өз сөзімен былай суреттейді: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет