Гулжахан Орда indd



Pdf көрінісі
бет48/55
Дата25.09.2023
өлшемі1,68 Mb.
#110204
түріБағдарламасы
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   55
Байланысты:
treatise38911

Пайдаланылған әдебиет:
1.Самитұлы Ж. Сарыала қаз. Әңгімелер. – Алматы. «Мерей» баспасы, 
2015. – 392 б.
2.Самитұлы Ж. Атамекен. Повестер жинағы. – Алматы: Дүниежүзі қа
-
зақтары қауымдастығы «Атажұрт» баспа орталығы, 2008. – 296 б.
3.Самитұлы Ж. Қаһарлы Алтай. Тарихи трилогия. 1-кітап: Бозмұнар. 
Роман. – Алматы. ЖШС РПБК «Дәуір», 2010. – 672 б. 
4.Самитұлы Ж. Қаһарлы Алтай. Тарихи трилогия. 2-кітап: Жылым. Ро
-
ман. – Алматы. ЖШС РПБК «Дәуір», 2010. – 576 б. 
5. Самитұлы Ж. Қаһарлы Алтай. Тарихи трилогия. 3-кітап: Ақ сүңгі. 
Роман. – Алматы. ЖШС РПБК «Дәуір», 2010. – 708 б. 


ҮШІНШІ БӨЛІМ
МАҚАЛАЛАР МЕН 
ЕСТЕЛІКТЕР


297
СОҚПАҚБАЕВТЫҢ 
«МЕНІҢ АТЫМ ҚОЖА» ХИКАЯТЫН 
ҚАЙТА ОҚЫҒАНДА ТУҒАН ОЙ
Қазақ әдебиетінің көлемді бір саласы – балалар әде
-
биеті. Жас ұрпақты рухани-эстетиткалық тұрғыда тәр
-
биелеуде үлкен міндет атақаратын балалар әдебиетінің 
бастаукөзі тым арыда жатыр. Қазақ халқының бала тәр
-
биесіне ерекше көңіл бөлгендігін ауыз әдебиеті үлгі
-
леріне көруге болады. Ауыз әдебиеті ұсақ жанрларының 
қайсысын алып қарасақ та, балалардың жан дүниесіне, 
ұғымына жақын екенін байқау қиын емес. Тәрбиені 
бесіктен бастауды көздеген қазақ халқының «Бесік жы
-
рының» өзінде үлкен тәрбие жатыр. Балаларға арналған 
өлең-жыр, санамақ, мазақтама, жаңылтпаш тәрізді жыр 
үлгілерінің бәрінің де өзінің атқаратын міндеттері бар. 
Баланың жас ерекшелігіне қарай қолданылатын мұндай 
жанрлардың мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеудегі
тәлім-тәрбиелік мәні зор.
Қазақ әдебиетінің қай дәуірін алып қарасаңыз да 
ақын-жазушылардың балалар әдебиетіне ерекше көңіл 
бөлгенін байқау оңай. Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, 
Т.Жомартбаев, М.Кәшимов, Ә.Ғалымов, С.Дөнентаев, 
С.Торайғыров, С.Көбеев тәрізді көрнекті қаламгерлер
-
лер шығармаларынан үлкен орын алған балалар әдебиеті 
күні бүгінге дейін дәстүрлі жалғасын табуда. Бұл тұрғы
-
да кеңестік дәуір тұсындағы балалар әдебиетінің жақсы 
үлгілерін атап өтуге болады. Мәселен Қ.Әбдіқадыров
-
тың «Қажымұқан», Ә.Сәрсенбаевтың «Дауылда туған
-
дар», М.Ақынжановтың «Алтын сақа», С.Бегалиннің 
«Сәтжан», «Керкиік», Ж.Сыздықовтың «Әли қарттың 
әңгімесі», Б.Соқпақбаевтың «Менің атым – Қожа», «Ба
-
лалық шаққа саяхат», «Өлгендер қайтып келмейді», 


298
М.Әлімбаевтың «Аспандағы әпке», С.Сарғасқаевтың 
«Сұлутөрдің балалары», М.Қабанбаев «Арыстан, вио
-
лончель, қасапхана және мен» және т.б. Бұл туынды
-
лар – көркемдік-эстетикалық деңгейінің жоғарылығы
-
мен, мазмұнының қызықтығымен ғана емес, жазылу 
шеберлігімен де назар аудартып, қазақ балаларының 
сүйікті шығармаларына айналды.
Кешегі кеңестік дәуір тұсында қазақ ақын-жазушыла
-
ры балаларға үлгі болар идеалдарды өз арамыздан, яғни 
замандастар ортасынан іздеп тауып, олардың өмірін ба
-
лалар мен жеткіншектерге, жасөспірімдерге үлгі-өнеге 
етті. Кеңестік дәуір тұсында балалар мен жасөспірім
-
дерге арнап өндіре жазған жазушының бірі – Бердібек 
Соқпақбаев. Қазақстан Жазушылар одағында балалар 
әдебиеті жөніндегі кеңесші болған жазушының «Менің 
атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «Он алты жасар 
чемпион», «Алыстағы ауылда», «Өлгендер қайтып кел
-
мейді» хикаяттары қазақ балалар әдебиетінің көкжиегін 
кеңейтіп, тақырыптық сонылық, идеялық көркемдік жа
-
ңалық алып келгені белгілі. Аталған шығармалардағы 
жас кейіпкерлердің жан сезімі, олардың бастан кешкен 
қиыншылықтары шынайылықпен баяндалған. Кезін
-
де әртүрлі көзқарасқа ие болған шығарманың негізгі 
кемшілігі – шығарманың бас кейіпкері мінсіз болу керек 
дегенге саяды. Осындай шығарманың бірі – Б.Соқпақ
-
баевтың «Менің атым Қожа» хикаяты. Бұл мойнына қы
-
зыл галстук таққан балалардың бәрі дерлік үздік оқып, 
тәртіпті болу керек деген көзқарасты ұстанған дәуірде 
жазылған туынды. Осындай талаптан шықпаған қиқар 
баланың басынан кешкендері кезінде сыншылар қауы
-
мының сынына да ұшырады. Қожа қанша бұзықтық 
жасаса да, оқырман оны жамандыққа қимайды. Себебі, 
ол өзінің жасағанына өкініп, енді қайталамауға, тәртіпті 
болуға бел буып, мінезін, тәртібін өзгертуге тырысып 
отырады. Бұл шығарманың негізгі жетістігі – кеңес әде
-
биетінде қалыптасқан жаттанды схеманы алғаш бұз
-
ғандығы. Ол жағымды, жағымсыз кейіпкерлер деп екіге 


299
бөле салатын кейіпкерлер арасындағы шекараның жо
-
йылуы. Жазушы кез келген адам баласы бойында жақсы, 
жаман қасиеттердің қатар жүретінін осы шығарма арқы
-
лы дәлелдеп берді. 
Өмір шындығын шынайы бейнелегендіктен Берді
-
бек Соқпақбаевтың 1957 жылы жазылған «Менің атым 
Қожа» хикаяты қазақ балалар әдебиетінің озық туынды
-
сы ретінде бағаланды. Ол орыс, украин, француз, литва, 
латыш, өзбек тілдеріне аударылып, 1963 жылы «Қазақ
-
фильм» студиясы осы кітап бойынша жазылған кинос
-
ценарийді экранға шығарды. Көпшілік көрерменнің ыс
-
тық ықыласына бөленген «Менің атым Қожа» фильмі 
төрт жылдан кейін, дәлірек айтсақ 1967 жылы балалар 
мен жасөспірімдерге арналған фильмдердің Канн қала
-
сында (Франция) өткен халықаралық фестивалінде ар
-
наулы жүлдеге ие болды. 
Хикаятта 1950 жылдардың орта тұсындағы қазақ ауыл
-
дарының біріндегі кеңес халқының тұрмыс-тіршілігі 
бейнеленген. Себебі шығарманың бас кейіпкері Қожа – 
1940 жылдардың басында дүниеге келген, әкесі Отанды 
жаудан қорғауда шейіт болған жетімек. Ол жүздердің, 
мыңдардың жиынтық бейнесі болуымен де құнды. Со
-
ғыс өрті қазақтың әрбір шаңырағын шарпығаны, бір әу
-
леттен қалған бір балалардың тағдыры бізге тарихтан 
да, әдебиеттен де таныс. Олай болса, Қожа – қырқын
-
шы жылдары дүниеге келіп, әке мейіріне қанбаған, өмір 
бойы әкенің жылы алақанын сезіне алмаған, әкеге деген 
сағынышпен сарғайған ұрпақтың өкілі.
Хикаятта Қожаның мектеп жасындағы бастан кешкен 
әртүрлі қызықты оқиғалары өз аузымен, бірінші жақ
-
тан баяндалады. Шығарманың оқырманын ә, дегеннен 
баурай кететіндігі – оның бірінші жақтан жазылғанды
-
ғында. Сондықтан оқырман негізгі кейіпкермен бетпе-
бет келіп, онымен сырласа алады. Өз есіміне ғана емес, 
болмыс бітіміне көңілі толмай, ренішпен қарайтын қи
-
қар кейіпкеріміздің ойы да, ісі де, сөзі де қызғылықты 
баяндалған. 


300
«Бірінші тарауда» оқушы шығарманың бас кейіпкері
-
мен, яғни Қожамен танысады.
Хикаят: «Менің атым... Атымды айта бастасам, 
тілім таңдайыма жабысып қалғандай болады да тұра
-
ды. Адамның атының сүйкімді болуы да зор бақыт па 
деймін. Мәселен, Мұрат, Болат, Ербол, Бақыт деген ат
-
тарды алып қараңдаршы. Айтуға да ықшам, естір құ
-
лаққа да жағымды. Әрі мағына жағынан да, қазақ тілі
-
нен сабақ беретін Майқанова тәтейше айтқанда, бұлар 
жоғары идеялы есімдер. Мұндайлар өз атын кәдімгідей 
мақтаныш көріп, біреумен таныса қалса, мәнерлеп, кө
-
теріңкі дауыспен айтады. Ал енді айтуға да, естуге де 
қолайсыз есімдер бар. Өзге түгіл, өзіңе де ұнамайды-ақ. 
Әттең, қолдан келсе, табанда өзгертіп, әдемі аттардың 
бірін иемденіп алар едің. Бірақ амалың нешік, сен қы
-
зыл шақа болып жөргекте жатқанда, сондағы ақымақ
-
тығыңды пайдаланып, әке-шешең немесе шілдеханаға 
келіп, дуылдап отырған басқа біреу солай атап жібер
-
ген. Өскембайдың баласына Тыңжыртар деп ат қойған 
секілді...», – деп басталады. Осы үзіндіден екі нәрсені 
аңғаруға болады. Біріншісі, кейіпкерімізідің азан шақы
-
рып қойған атына деген реніші, екіншісі, Өскембайдың 
баласының аты Тыңжыртар аталуы. Балаға ат қоюға 
келгенде қазақ қызық. Елдің көзі тимесін, көптің бірі 
болып жүре берсін деген оймен балаға не болса, соны 
қоя салады. Тыңжыртар да кешегі Тың және тыңайған 
жерлерді игеру науқаны кезінде қойылған есім. Қоғам 
өміріндегі өзекті мәселелерді бала өміріне араластыру, 
әрине, дұрыс емес. Дегенмен ел өміріндегі тарихи оқи
-
ғалармен аталған есімдер де аз емес. Кеңестік дәуірде 
қойылған Октябрь, Совет, Кеңес, Жеңіс секілді есімдер 
қатарын осы шығармадағы Тыңжыртар толықтырып 
тұр. Жазушы қазақ халқының не нәрсеге де немқұрайлы 
қарайтындығын бала есіміне мән бермейтіндігімен көр
-
сеткен. Ет жеп, қымыз ішіп дуылдап отырып қоя салған 
аттардың, бала өміріне үлкен әсер ететіндігімен ісі жоқ. 


301
Олай болса, бұл – жөргекте жатқан баланың емес, оның 
әке-шешесінің кемшілігі. 
Кейіпкердің: «Енді одан көзің тіріде қашып құтыла 
алмайсың. Ұнатпасаң да, мойныңа іліп жүре бересің», – 
деген сөзі қазақ халқында азан шақырып қойған есімді 
өзгертуге болмайтындығын растап тұр. Ал, Қытай елін
-
де бала бес-алты жасқа келген соң, өзіне ұнаған есімді 
таңдап алатындығын кейіпкер сол үшін салыстырмалы 
түрде келтіріп отыр. Орыс халқында да кәмелетке тол
-
ған соң, есімін өзгертуге рұқсат беріледі. Бірақ, мұндай 
еркіндік қазаққа берілмеген. Есесіне қазақ өз атының 
кім екенін ұмыттырып жіберердей, кез келген адам бала
-
сына лақап есім беруге шебер. Оны төмендегі мысалдан 
көруге негіз бар.
«Менің атым Қожа. Көріп отырсыңдар, пәлендей 
әйдік ат емес. Шынын айтсам, бұл о баста Қожа емес, 
Қожаберген екен. Туу куәлігінің өзінде солай деп жазыл
-
ған. Бірақ дүниеде не қилы ғажайып құбылыстар бола 
беретіні тәрізді, бертін келе Қожабергеннің «құйрығы» 
үзіліп түсіп қалыпты. Бұл құбылыстың дәл қай жылы, 
қай айда, қай күні болғанын тап басып ешкім де айтып 
бере алмайды», – дейді Қожа. Көріп отырғанымыздай, 
қазақ халқы ат қоюға да шебер. Азан шақырып қойған 
атың құжаттың бетіне түскен соң, оны қалай өзгертсең 
де өз еркің. Оның да бірнеше себебі бар. Біріншіден, 
ұзақ есімдерді қысқартып айтудан туса, екіншіден, қай
-
ната, қайнаға, қайынапа, қайыніні, қайынсіңлілерінің 
атын атамайтын келіндер оларға өздері ат қойып алады. 
Ол әрбір адамның жеке ерекшелігіне, қызметіне, мінезі
-
не, жүріс-тұрысына, не болмаса есіміне байланысты өз
-
гертілуі де мүмкін. Міне, осындай қажеттіліктердің бірі
-
нен Қожабергеннің де есімі өзгеріп сала берген. Оның 
бір жаман жері – құжаттағы есімің атаусыз қалып, күллі 
ауыл-аймақ кейінгісімен атап жіберетіндігі. Олай болса, 
бұл – қазақ халқында кездесетін жазылмаған заңдылық
-
тардың бірі. Көріп отырғанымыздай шығарманың ұлт
-
тық бояуы осылай қалыңдай түседі. Оны Қожаның мына 


302
сөзі растайды: «Сонымен, мен өзім ес білгелі Қожамын. 
Ауыл-аймақтың бәрі солай атайды». Алақандай ауылдан 
не жасыруға болады. Олар бірінің айтқанын бәрі бірдей 
қайталайды. Олай болса, Қожа да Қожабергеннен қашан 
айырылып қалғанын қайдан білсін. 
Бұл аз болса, мектепке барғаннан кейін тағы қызық 
басталады. 
«Біз бір класта екі Қожа бармыз. Сүттібайдың үлкен 
баласының аты да Қожа. Оқушылар екеумізді шатасты
-
рып алмас үшін, өңімізге қарап, мені Қара Қожа, оны 
Сары Қожа деп атайды. Әуел баста мен бұған да шам
-
данып қалатын едім. Бірақ жүре-бара құлағым үйреніп, 
дағдыланып кеттім. «Қара Қожа» дегендерге «әу» деп, 
жалт қарайтын болдым», – деген жолдарды оқып отыр
-
ғанда еріксіз күлесің. Бұл да өмірден алынған шындық. 
Шығарманың негізгі жетістігінің өзі де өмір шынды
-
ғын боямасыз сол қалпында суреттеуінде. Қожаның бұл 
сөздері өзімізге таныс жандарды еріксіз еске түсіреді. 
Біздің қазақ есімдері бірдей кісілерді олардың бойына, 
не болмаса түр-түсіне қарап ажыратуға шебер. Яғни, бұл 
– өзімізге таныс жайттардың нақты көрінісі. 
«Жантас тәрізді қылжақтар оның өзін де дұрыс айт
-
пайды, әдейі бұзып, келемеждеп, «Қара Қожа» деудің 
орнына «Қара Көже» дейді. Мен байқамай қалып «әу!» 
деймін. Бірақ бұл қылығы үшін, бейшараның обалы 
нешік, тиісті сыбағасын менен талай рет алды....», – де
-
ген жолдар біздің кейіпкеріміздің қиқарлығынан хабар 
береді. 
Сонымен бірге, ол – әңгімешіл. «Фамилиям Қадыров. 
Бір кезде «Қадырұлы» деп те жазып жүрдім. Бірақ жұрт
-
тың бәрі «ов» болып жатқанда, менің олардан алабөтен 
жырылып шыққаным жарамас дедім де, «Қадыровқа» 
қайтып келдім», – деген жолдар кейіпкеріміздің әңгі
-
мешілдігін ғана емес, ол өмір сүрген қоғамнан да сыр 
шертеді. Кеңестік дәуір тұсында әкеміздің, не болмаса 
атамыздың есіміне орыс тілінің «ов», «ев» жұрнағын 
жалғап жүрдік. Ол кезде «ұлы» деп жазу «ұлтшыл
-


303
дықтың» нышанындай сезілетін. ХХ ғасыр басындағы 
Байтұрсынұлы, Құдайбердіұлы, Міржақыпұлы, Ай
-
мауытұлы, Кемеңгерұлы тәрізді қаламгерлердің «халық 
жауы» болып ұсталып кеткенін білетіндер «ұлы» деп 
жазудан қорқып, кеңес өкіметімен бірге келген «ов», 
«ев» жұрнағын қоса қабылдады. Бұл еліміз тәуелсіздік 
алғаннан кейін ғана ұмытыла бастады. Қазіргі таң
-
да тәуелсіздік тұсында дүниеге келгендердің барлығы 
дерлік, әкелерінің, не болмаса аталарының есімдерімен 
жазылып жүргенін көріп жүрміз. Олай болса, жазушы 
сол орыс жұрнағы арқылы да көп сырдан хабар берген. 
Ол кеңестік дәуірдің осындай келеңсіздіктерін әжуа, 
ащы күлкі арқылы әшкерелеген. Ал біздің комедиялық 
шығарма деп табылатын хикаяттағы әрбір күлкінің аста
-
рында осындай үлкен әлеуметтік жүк жатқанын бүгінгі 
таңда ғана байқап жатқанымыз жасырын емес. 
Осылайша оқырман әр жолды оқыған сайын тосын 
жаңалыққа кездесіп отырады. Қожаның әке туралы 
сыры да үлкен мәнге ие. «Ех, қайран әкем! Егер сен тірі 
болсаң, мүмкін, мен бұдан гөрі басқадай болар ма едім. 
Кім біледі, жер-әлемді шулатып, сотқар Қожа атанып 
жүргенім әкесіз жетім өскендігімнен де шығар», – деген 
монолог Қожаның жан жарасын аша түседі. Ол – кешегі 
Ұлы Отан соғысы жылдары дүниеге келген, әкеден жас
-
тайынан жетім қалған, әкеге деген сағынышы басылма
-
ған, әке мейіріміне зәру ұрпақтың өкілі. Шын мәнісінде 
Қожа бір әулеттен қалған бір тұяқ. Сол үшін де әжесі 
оның бетінен қақпайды. Барын алдына тосып, жанын 
қоярға жер таппай жүретін әжесінің еркесі. Әкесі болса, 
мүмкін көп баланың бірі болуы да ықтимал. Елдің әкесі 
жоқ жетім деп, оны есіркеп қарайтыны да жасырын 
емес. Бірақ мұндай мүсіркеулер Қожаны жұбата алмай
-
ды. Ол – өзіндік ойы бар, өз ойын жүзеге асыра білетін 
бірбеткей, қайсар жан.
«Ал күйеу керек пе әйелге? Меніңше, әбден керек» 
деген жолдар Қожаның ақылы бар тентек екенін байқа
-
тады. Анасы Миллатқа Қаратайдың сөз салып жүргенін 


304
біледі. Егер әкесі болса, ондай болмас еді. Осының бәрі 
Қожаның жан жарасын тырналай түседі. Анасын да қыз
-
ғанады, қызғанғанмен не пайда оны да түсінеді. «Егер 
оның күйеуі, яғни менің әкем тірі болса, Қаратай ұятсыз 
мамама өзеуреп сөз айтпақ түгіл, оның маңынан жүре 
алмас еді», – деп ойлайтын Қожа бәрін де түсінеді, бәрін 
де біледі. Бірақ амал нешік. Сондықтан да оны кінәлай 
алмайсыз. Себебі, ол – шарасыз. 
Жазушы негізгі кейіпкері жөнінде толыққанды мағлұ
-
мат берген соң, оның сырт бейнесімен таныстырады: 
«Сөйтіп, мен сендерге өзімнің аты-жөнімді айттым. Ал 
көркем шығармада кейіпкердің кім екені аталып қана 
қоймай, сырт бейнесі қоса сипатталатын дәстүр бар ғой. 
Енді соған көшейін. Тоқтаңыз, бұл үшін әуелі өзімді өзім 
айнадан байыптап қарап алайын... мынау, міне, мұрным. 
Әжем кейде менің атымды атамай, «тампыш неме» дейді. 
Оның айтқаны ып-рас екен ғой. Екі танауыма екі сауса
-
ғым еркін сыйып кетерлік, қосауыз мылтықтың аузындай 
үңірейіп тұр. Екі шекемнің шығыңқылығы болмаса, қар
-
быз тәрізді доп-домалақ, тап-тақыр. Шашымды Әубәкір 
шал кеше ғана ұстарамен сыпырып алып тастаған.
Ол, менің шашым! Қаттылығы, қайраттылығы шош
-
қаның қылшығынан бір кем емес. Осы ауылда оны алу
-
ға жарайтын бір ғана ұстара бар – ол Әубәкірдікі. Оның 
өзі де алғаш салған бетте тұтқырланып, жүрмей қалады. 
Шашымды әр алған сайын Әубәкір мені бірінші рет кез
-
дестірген адамдай таң қалып бітеді», – деп бейнелейді. 
Бұдан артық сурет бола ма. Адам портретін суреттеуде 
оның әрбір ұсақ детальдарына жан бітірген жазушы осы
-
лайша өзімізге таныс кейіпкерін одан да жақынырақ та
-
ныстыра түседі. Мұндағы мақсат – оның мінез-құлқын, 
жаратылысын аша түсу. Жазушы ол мақсатына жеткен 
де. «Мынау шаш емес, тікенек қой. Тікенек. Мінезіңнің 
шатақтығы осыдан-ақ көрініп тұр» деген жолдарды оқы
-
ғанда еріксіз жымиясың. 
Повестің бірінші тарауы осылайша Қожамен таны
-
сумен аяқталған. Бесінші сыныпты бітірген Қожаның 


305
бет-бейнесі осындай. Бас кейіпкер автордың өзі екені
-
не оқырманның шүбәсі жоқ. Себебі, автор әр тарау бас
-
таларда оған түсінік беріп отырады. Бұл шығарманың 
негізгі ерекшелігі де осында. Ол әрбір тарауда бір кейіп
-
керімізбен толықтай таныстыруға тырысып, ол туралы 
толыққанды мағлұмат береді. 
Жазушы екінші тарауда орталық кейіпкердің бірі Қа
-
ратай туралы мәлімет береді. Күні бойы футбол ойнап 
қалжыраған Қожа сүйретіліп үйге келе жатыр. Шығар
-
маның шынайылығының өзі осында. Егер Қожа тап-таза 
мұнтаздай болып жүрсе, көңілге күмән келтірері даусыз. 
Себебі ол – ауыл баласы. Ауыл баласының күні бойы 
доп соңында салақтап, аяғындағы бір елі шаңымен үйге 
келе жатуы шындыққа жақын.
Немересін қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шо
-
қыттырмай қызғыштай қорғап өсіретін әжесі мен ауыл
-
дың үлкен-кішісінің бәрі бірдей алдынан қия өтпейтін, 
елге құрметті, үлкен мен кішіге сыйлы Миллат мамасы 
– үшеуі бақытты өмір сүріп жүргенде оларға төртінші 
адам келіп қосылады. Ол – көрші колхоздың комбайн
-
шысы Қаратай. Әйелі дүние салған қырмасақал жігіттің 
анасына үйленбекші болғаны үшін Қожа оны жек көреді. 
Екі бірдей сайлауда қатарынан аудандық советке депутат 
болып сайланған Қожаның анасы аналардың ақылдысы, 
сүйкімді де сұлуы. Еңбекте озат, ауылда үлгілі, үй мен 
түздің шаруасын қатар атқарып жүрген, әке орнына әке, 
шеше орнына шеше болып жүрген анасын ол қалайша 
Қаратайға қимақ. Анасын бөтен адамнан қызғану – бала 
біткеннің бәріне тән қасиет. Бұл – өмір заңы.
«Беті әжім-әжім, сақалы тікенектей кәрі біреу. Қаратай
-
ды мен қандай жексұрын көрсем, жағал мотоциклді сон
-
дай жексұрын көрем. Өйткені оны құстай ұшырып, зырыл
-
датып, лезде алып келетін осы антұрған емес пе», – деген 
жолдарды оқып отырғанда Қаратайдың портреті өзін жек 
көретін адамның көзімен суреттелгенін байқау оңай. 
Қожаның мотоциклді теуіп қалуы – «Таз ашуын тыр
-
надан аладының» кейпі. Қаратайды жақтырмаған бей
-


306
бақ, оған тиісе алмасын білген соң, оның мотоциклін 
теппегенде не істейді. Мұның бәрі – анасына деген қыз
-
ғаныштың белгісі. Қожа анасын Қаратай түгілі одан жас 
жігітке де бермек емес, оған күйеу не керек, әжесі үшеуі 
онсыз да бақытты емес пе? «Жоқ менің мамам күйеуге 
шығуы мүмкін емес. Ол бізді ешуақытта та тастамайды. 
Ол ақылды, тәрбиелі адам», – деген жолдар бала ойынан 
хабар берер деталь. Себебі оның ұғымында ақылды әйел 
күйеуге шықпайды. Бұл – әрине, бала түсінігі. Ол Алла 
тағала адам баласын жаратқанда не себепті еркек, әйел 
етіп жаратқанын қайдан білсін? 
Автор әр тарауда не туралы айтатынын алдын ала ес
-
кертеді де сол туралы мәлімет беріп отырады. Үшінші 
тарауда кейіпкер өз ойынан хабар береді. Сонымен бірге 
мұнда құмдағы із жайлы сөз болады. Оның сыныптасы 
Жанар мен ұстазы Майқанова туралы пікірі қызық-ақ. 
Бәрінен де адам ә дегенде үлкен болып, кейін бала бола
-
тын болса ғой деп армандауы қызық: «Сонда маған Май
-
қанова қалай қарар еді. Үлкен кезінде ол әйгілі жазушы 
болған, оның есімі бүкіл дүние жүзіне мәлім. Олай бол
-
са, менің оған әкіреңдей бергенім жарамас, жазушыны 
сыйлау керек деп, тәубасына келер еді.
Бірақ амал қанша, өмірде бұлай болмайды, болмақ 
емес. Әуелі беделсіз, білімсіз бала болып жараласың». 
Бұл тарауда арманшыл, қиялшыл Қожаның болашақ
-
та үлкен жазушы болғысы келетініне ғана емес, Жанар 
жайлы тәтті қиялына кенелеміз. Әсіресе, су жағасын
-
дағы құмдағы ізді Жанардың ізі болар деген кездегі 
жан тебіренісі нанымды суреттелген. Жазушының жа
-
сөспірім баланың жандүниесін дұрыс түсіне білгендігі 
– психологизмді еркін игергендігінің белгісі. 
Қожамен бір сыныпта оқитын Жантас Қожаны үнемі 
«Қара көже» деп мазақтап, өзін одан жоғары санайды. 
Білімі де, күші де Қожадан әлсіз болғанмен Жанарды 
ұнатқаны үшін Қожамен бақталас болып жүретін Жан
-
тастың да өзіндік ерекшеліктері жетерлік. Сонымен бір
-


307
ге оқиғаға Жақанов, Сүттібайдың үлкен баласы Сары 
Қожа тәрізді Қожаның сыныптастары қатысады. 
Жантасқа пионер лагеріне баруға жолдама беріліп, 
Қожаға берілмеуі, оның шақ-шәлекей ашулануы үстін
-
де шығармаға арқау болған оқиға шиырлана түскен. 
Оқырман Қожаны кінәлай алмайды, себебі оған Жантас 
тәрізді жылпостар өздері келіп соқтығысады. Оны мына 
жолдардардан көруге болады: 
«– Қара көже, мынаның не екенін білесің бе?
– 
Ол не?
– Лагерьге жолдама. Біз лагерьге баратын болдық. Ал, 
сен көшедегі иттерді тәртіпке салуға ауылда қалатын 
болдың».
Келтірілген диалогтан Жантастың Қожаны Қара көже 
деп кекетуімен бірге, оны итке теңейді. Мұндай қорлық
-
қа қанша тәртіпті болсаң да шыдай алмасың анық. Бі
-
реумен біреуді шағылыстырып, елдің арасына от тастап 
жүретін Жантастың тәртіпті, үлгілі бола қалғандығына 
шыдай алмаған Қожа сынып жетекшісі Майқановамен 
де тілге келіп қалады. Осы тұста оқырман Қожадан гөрі 
мұғалімге ренжуі мүмкін. Қожаның дүкенге кезексіз 
кіріп кітап алғаны үшін қыр соңына түсіп алатын Май
-
қанованың өзін де кінәлауға болады. Титтей баланың 
қыр соңына осылай түсіп алуға бола ма?
Қожа мен Жанардың дойбы ойнауы және оның ұшқыр 
қиялы туралы сөз болған тұста олардың бейнелері сом
-
дала түседі. Сыныптағы ең бір ақылды, сұлу қыз болып 
есептелетін Жанардың ән салатыны тағы бар. Әдемі дау
-
сымен ән салып, басына үкілі тақия киіп, мың бұралып 
«Қамажайға» билейтін өнерлі қыздың қиқар Қожаға бо
-
лысып, оны арашалайтыны да қызық бейнеленген. Қожа 
Жанар үшін қабаған иттің жанынан өтуге, мияулауға, 
шарбақтан секіруге де әзір. Себебі, бұл – қиқар баланың 
бойын билеген Жанарға деген белгісіз сезімнің құдіреті 
еді. Бір қарағанда ұсақ-түйек тәрізді көрінетін әрбір де
-
таль мен штрихке ерекше көңіл бөлу арқылы жазушы 
Қожа жанындағы үлкен сезімдерді шынайы бейнелеген. 


308
Қожаның ұшқыр қиялы мектеп бітіріп, жоғары оқу ор
-
нында жүрген Жанарға жазылған құлаш-құлаш өлеңмен 
де бітпей, Отан қорғау борышын өтеп, ауылға Совет Ода
-
ғы Батыры болып оралады. Сол кезде мектеп директоры 
Ахметовке айтып Майқанованы жұмыстан босаттырса, 
одан артық не арман бар. Майқанова сол кезде Қожаға 
лагерьге жолдама бермегені үшін ұялар, кешірім сұрар. 
Бұл үзінді «Бір атым насыбайдан көңілі қалатын» қазақ
-
тың бала көңіліне онша мән бермейтіндігін байқатады. 
Жазушының тапқырылығы да осында. Бала да адам ғой, 
ода да көңіл бар, сезім бар. Он екі жасында бойы бір 
жүз отыз тоғыз сантиметр болған Қожаның оқу бітіріп, 
ер жеткен соң, университетке түсуді, жазушы болуды 
армандайтыны оның болашақта үлкен жазушы болатын
-
дығынан хабар бергендей. Себебі, ол бос қиялшыл емес. 
Оқырман ұстазының сөмкесiне бақа салатын, сыныпта
-
сын сиялы рогаткамен ататын, балыққа барып, көршiнiң 
ауын «ұрлайтын» Қожаны бәрібір жамандыққа қимайды.
Шығарманың тартымды оқылатын тұстарының бірі 
– Қожа мен Сұлтан арасындағы оқиға. Осындағы: «– 
Шыбыным, әйтеуір ешкімге тимей, ұрынбай, жайыңа 
жүр. Тек жүрсең, тоқ жүресің дейді атаң қазақ. Сенің 
тентектігіңді менен басқа ешкім де көтермейді. Әйтеуір 
саған айтар ақылым, – тыныш жүр балам, тыныш жүр. 
Біреудің ала жібін аттаушы болма. Мешкей деген жақ
-
сы ат емес», – деп жүретін Қожаның әжесі типтік бей
-
не ретінде танылады. Бұл – күллі үлкендердің кішкен
-
тайларға айтатын ақыл-кеңесі. Қожаның түсінбейтіні 
– осындай ақылгөйлердің бәлеқорлыққа, жемқорлыққа, 
жалақорлыққа баруы. «Ендеше олар бізге, балаларға 
ақыл айтып, жөн сілтемес бұрын әуелі өздерін өздері 
түзеп алса, қандай жақсы болар еді», – деген Қожаның 
ойы үлкендерге қаратыла айтылған өкім тәрізді әсер бе
-
реді. Өмірдегі сұмдықтың бәрі адам қолымен жасалады. 
Соның ішінде балалардың емес, үлкен адамдардың қо
-
лымен жасалатыны өмір шындығы. Жазушының негізгі 
жетістігі – авторлық ұстанымды кейіпкер сөзі арқылы 


309
жеткізуі. Мұндағы негізгі кейіпкер жасөспірім болған
-
дықтан, автор Қожа арқылы замандастарына қарата ой 
тастап отыр.
Қожа мен әжесі екеуінің адамның маймылдан жара
-
луы туралы айтысына да үлкен мәселе негіз болған. Бұл 
біріншіден, кеңестік дәуірдегі атеистік тәрбиеден хабар 
берсе, екіншіден, сол қиялға балалардың имандай се
-
нетіні. Себебі, оны мұғалімдер айтады. Мұғалімдердің 
сөзіне имандай сену керек, олар өтірік айтпайды деген 
көзқарас та кеңестік дәуірдің ұстанымы. Бір қарағанда 
Қожаның әжесі ескінің сарқыншағындай әсер береді. 
Автор әженің аузымен бірнеше рет «Алла» сөзі мен Мұ
-
хамед пайғамбардың есімін атайды. Осы арқылы көне 
көз қарияның аузымен қоғамда болып жатқан бассыз
-
дықтарға тосқауыл іздейді. Ол – адамның маймылдан 
жаралуы тәрізді ғалымдардың дәлелдеп жүрген жаңа
-
лығы. Мұның да кеңестік дәуірдің бос қылжағы екеніне 
бүгінгі таңда көзіміз жетіп отыр. Соның салдарынан қан
-
шама ұрпақ имансыз болып, діннен безді. Солардан ту
-
ған мәңгүрт балалар бүгінде тегінің кім екенін білмейтін 
дүбәраға айналды. Бұл да қазақ халқына кеңестік идео
-
логия алып келген трагедия. Осылайша әрбір күлкінің 
астарына үлкен әлеуметтік ой сыйғыза білген жазушы 
қоғам, заман кемшіліктерін жеңіл юмормен әшкерелеуге 
болатынын көрсетті. 
Қожаның жан досы болып саналатын Сұлтан – оқыр
-
манның есінде ұзақ сақталатын кейіпкер. Қожадан екі-
үш жас үлкен арық жігіттің жылқышы әкесіне көмектесе 
жүріп, жаман қылықтарға әуестігі оның оқуды тегіннен-
тегін тастап кетпегендігін айқындап тұр. Сұлтан жылқы
-
шы әкесінің арқасында бұрынғының сал-серілері тәрізді 
сәйгүліктен сәйгүлікті таңдап мініп, ылғи жортуылдап 
жүретін жан. Сол сері Сұлтан Қожаны жайлауға өзімен 
бірге ала кетеді. Қожаның қалтасынан шыққан он сом
-
ға жолға керек-жарақ алған Сұлтан жолда оған темекі 
тартуды үйретпек болады. Темекі түтінін ішіне тартқан 


310
кездегі Қожаның жай-күйін оқып отырған балалардың 
ешқайсысы да темекіге жоламайтындай әсер береді.
Келесі тарауда жаңа кейіпкер қойшы Жұмағұлдың 
баласы Дәулетпен танысамыз. Жасы он бір-он екі ша
-
масындағы Дәулеттің қылығы «Балалы үйде ұрлық жат
-
пайды» деген халық даналығына жан бітіргендей. Жұме
-
кең айтты дегенге сенген аңқау бала үйіндегі қымызын 
да, етін де Сұлтан өтірікшінің алдына жайып салады. 
Дәулетті бір сомдық ақшамен алдап ұрған Сұлтан оның 
бермесін тартып ішіп, үйінен сыздаған қарнын сипап, 
ыңыранып шығады. Дәулеттің мінез-құлқын шынайы 
суреттеген жазушы балалардың психологиясын шебер 
игерген кәнігі суретші ретінде танылады. Үйіндегі ба
-
рын бергені аз болғандай, беліндегі қайыс белдігін қоса 
бергісі келіп тұрған Дәулет ауылдың аңғал балаларының 
жиынтық бейнесі ретінде танылады. 
Келесі кезекте Сұлтанның Дәулеттің үйінен көк қа
-
ракөлді ұрлап алып шыққанына, Қабанды деп аталатын 
ну қарағайлы жалпақ сайдың аузындағы Миллат тәтей 
сауыншы болып істейтін бірінші бригадаға тап боламыз.
Жайлаудағы шопандар тойындағы бәйге, ұлттық ойын
-
дар және басқа да ойын-сауық түрлері шығарманың ұлт
-
тық бояуын қалыңдата түседі. Екі-үш күнге созылып, 
шілде айында тойланатын шопандар мерекесі негізінен 
жайлауда өтетін болған. Кеңестік дәуір тұсында мал ша
-
руашылығымен айналысатын ауылдарда шопан той, егін 
шаруашылығымен айналысатын ауылдарда сабантой де
-
гендер жыл сайын міндетті түрде аталып өтетін. Мұндай 
тойлардың негізгі мақсаты – біріншіден, еңбекшілердің
еңбегін бағалау болса, екіншіден, ұсақ-түйек сыйлық
-
тар арқылы оларды еңбекке ынталандыру. Сұлтан мен 
Қожаның белдесіп күресетіні – жайлаудағы осындай 
кезекті шопан тойлардың бірі. Осы той үстінде Қожа 
анасын тағы да жерге қаратады. Әрине, өз қателігі үшін 
емес, ауылдан атына мінгестіріп жайлауға алып келген 
сері досы Сұлтанның жырындылығы үшін. 


311
Хикаятқа бір ауылдың тұрғындары қатысатындықтан 
мұнда әртүрлі кәсіп иелері бар. Қазақ тілі пәнінің мұ
-
ғалімі, сыныптың жетекшісі Сәбира Майқанова адам
-
гершілігі мол, ақылды болғанмен, тәжірибесі аздау ұстаз 
ретінде танылады. Тәжірибенің аздығынан ол үнемі Қо
-
жамен ұстасып қала береді. Сынып жетекшісі Майқанова 
бейнесінің толыға түсетін бір тұсы Қожаны ауыл шаруа
-
шылығы жұмысына «Егер бармасаң, екінші жылға қал
-
дырамын» деп қорқытуы үстінде. Еңбек практикасынан 
себепсіз қалғандарды ол кезде міндетті түрде жазалай
-
тын. Кеңестік дәуір тұсында мектеп оқушыларын еңбек
-
пен тәрбиелеу деген болатын. Әр жердің шаруашылы
-
ғына байланысты мектеп оқушыларын жазғы каникулда 
ақысыз еңбек науқанына жегетін. Бірақ оған ешкім де ар
-
ланбайтын, керісінше көптен қалып қоймауға тырысып, 
еңбек практикаларына бәрі бірдей жұмыла аттанатын. 
Өзіміз де жүк машиналарының үстінде хормен ән ай
-
тып егіс даласына барып, кешке сол салтанатпен әндетіп 
ауылға қайтатынбыз. Мұндағы балалар да сол дәстүрмен 
ән шырқап, үрмелі оркестр музыкасы үнімен еңбек прак
-
тикасына аттанып барады. Мектеп оқушылары отырған 
жүк көлігінің бортына «Ура! Біз практикаға кеттік!» де
-
ген плакат жапсырылуы да осыдан. Мұндай практикалар 
мектеп балалары үшін қызық көрінетін. Шаршауды біл
-
мейтін балалар таңның атысы күннің батысы тырбаңдап 
еңбек етіп, бір-ер айдан соң, үйлеріне күс-күс болып ора
-
латын. Осындай өзімізге таныс эпизодтар шығарманың 
шынайылығын арттырумен бірге кеңестік идеологияның 
адам еңбегін жасырын қанауынан сыр шертеді. Қожа сы
-
ныптастарының жартысы шөп шабуға, екінші бөлігі қой 
қырқымына аттануынан бұл ауылдың мал шаруашылы
-
ғымен айналысатынын байқау оңай. Оның үстіне анасы 
Миллат та сауыншы болып еңбек етеді. 
Оқиғаға қатысатын Майқановадан басқа да ұстаздар 
қауымы бар. Сондай ұстаздардың бірі орыс тілі пәнінің 
мұғалімі Анфиса Михайловнаның Қожаның ойынша 
«мұғалімдердің ішінде алтын адам» болып есептелетіні 


312
ол – тәжірибелі ұстаз. Мектеп күзетшісі Сәйбек қарт 
– Қожаның әкесі Қадырдың досы. Қазақта «Әкең өлсе 
де, әкеңнің көзін көрген өлмесін» деген аталы сөз бар. 
Сәйбек қарт осы мақалға жан бітіріп, оқырманға қайта 
ұсынған кейіпкер. Әкесін жақсы білгендіктен ол Қожа
-
ның жанашыры ретінде танылады. Сондықтан ол Қожа
-
ға үнемі ақыл-кеңес айтып жүреді. Оның ұғымындағы 
Қадырдың баласы жақсы болуға тиіс. Сол себепті ол Қо
-
жаның келеңсіз қылықтарын балалықтың белгісі ретін
-
де қабылдайды. Сондай жанның бірі – зоология пәнінің 
мұғалімі. Кезінде әкесінің жан досы болғандықтан ол да 
Қожаны өз баласындай жақсы көретін кейіпкер.
Жазушы оқиғаға тікелей араласатын Қожа, анасы 
Миллат, әжесі, Қаратай, Сұлтан, Жанар, Жантас тәрізді 
кейіпкерлерін типтік дәрежеге көтере білген. Хикаят 
жеткіншектер мен жасөспірімдерді өмірмен күресе бі
-
луге, өзін қайта тәрбиелеуге шақырады. Жазушы қиқар 
балалардың да бойында жақсы қасиеттердің мол бо
-
латынын Қожа бейнесі арқылы дәлелдеп берді. Мұнда 
қиырда жатқан бір қазақ ауылындағы өмір шындығы 
бір дәуірде өмір сүрген кейіпкерлер арқылы көркем 
шындыққа айналды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет